Трамп Кеннеди туралы бар шындықты жайып салмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп 35 жасында кісі қолынан қаза тапқан Джон Кеннедиге қатысты құжаттарды жарияламақ, деп хабарлайды 24.kz.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Орталық Барлау Басқармасы Ақ үй басшысынан құжатты жарияламауын сұраған.
26 қазанда ұлттық мұрағат Орталық Барлау Басқармасы мен Федералды Барлау Қызметінің 1963 жылғы қайғылы қаза туралы 3 мыңнан аса құжатын жұртшылық назарына ұсынуы тиіс. Бұл құжаттарды халыққа хабардар ету туралы заңды 1992 жылы Джордж Буш қабылдаған еді.
Джон Кеннедидің қалай қаза болғанына деген қызығушылық режиссер Оливер Стоунның 1991 жылы түсірген фильмінен кейін арта түскен. Ал 1992 жылы «ғасыр қылмысын» зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия құжаттарды жариялауды кейінге қалдырған еді.
Саясат 23 қазан 2017 г. 132 0