КИМ ЧЕН ЫН: ҚОС КОРЕЯ БІР МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК

«Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасында келіссөз жүргізіле бастады» деп бірқатар БАҚ қуана ақпарат таратқанымен, екі елдің қарым-қатынасы дұрысталады» деу мүлдем қате. Ким Чен Ын халық алдында сөз сөйлеп, алдағы айда Оңтүстік Кореяда басталатын қысқы Азия ойындарына өз елінің спортшыларын қатыстыру туралы пікір айтқаны белгілі. Осыған қатысты алдағы күндері келіссөз басталмақ. Бірақ бұған ресми Сеулдің де қояр талабы болатын шығар.
– Солтүстік пен Оңтүстіктің  қарым-қатынасын жақсарту арқылы  екі елді біріктіруге  үлкен мүмкіндік бар. Біз өткен тарихқа бұрылып қарауды қаламаймыз. Сондықтан ұлттық келісім мен бейбітшілікті қалыптастыра  отырып, екі Корены бір мемлекетке айналдырудың кезі келді, – деп мәлімдеді Ким Чен Ын.
Бірақ бұл пікірге Сеул  тарапы ресми түрде үн қатқан жоқ. Бұл жерде жас диктатор оп-оңай билікті бере қоятын адам емес. Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның басымдығын сөз ете отырып, өз елінің ядролық қуаты бар күшті мемлекет болғанын меңзеп отырса керек.

Саясат 08 қаңтар 2018 г. 47 0