Трамппен сөз таластырған ФТБ төрағасы отставкаға кетуі мүмкін

CNN телеарнасының мәліметінше, Дональд Трамппен сөз таластырған ФТБ төрағасы Кристофер Рэй отставкаға кетуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

2016 жылы АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісін аңду кезінде ведомствоның дұрыс жұмыс істемегені туралы құжат жарияланса, Федералды тергеу бюросының төрағасы Кристофер Рэй отставкаға кетуі мүмкін.

CNN арнасындағы дереккөздерінің хабарлауынша, Рэй жуырда Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келлимен кездескен кезде қызметінен кеткісі келетіні туралы айтпаған. Алайда Келлидің өзі оның, расымен де, отставкаға кетуі мүмкін екенін жасырмады.

Ақ үй шенеуніктері құжаттың жарияланбағанын қалайтын барлау қызметі өкілдері мен керісінше осы құжатты көпшіліктің назарына ұсынғысы келіп жүрген АҚШ президенті екеуін компромисске келтіру жолдарын іздеп жүр.

Саясат 02 ақпан 2018 г. 215 0