«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

  «Юбилейный» аэродромының аумағында ғылыми-техникалық парк құру, ұшақ пен тікұшақ жинақтайтын ірі тораптық орталық ашу, сонымен бірге энергетика мен халық шаруашылығы үшін газ-турбиналық двигательдер өндірісін іске қосу мәселелері 19-20 шілдеде Мәскеуде «МАКС-2017» авиағарыштық салонында өткен Ресей және Қазақстан тараптарының жұмысшы келіссөздерінде талқыланды.
Саясат 27 шілде 2017 г. 244 0
БОЛМЫСЫ ЕҢБЕК, КЕУДЕСІ ӨРНЕК

БОЛМЫСЫ ЕҢБЕК, КЕУДЕСІ ӨРНЕК

 Аты күллі елімізге белгілі бүгінгі Н.Ілиясов атындағы ауыл орналасқан аймақ тарих пен шежіренің таңды таңға ұрып айтсақ таусылмайтын әңгімесіне айналып кете береді. Оның дәлелі осы жерлерге қатысты – Қосасар, Құлкеасар, Кілемжайған, Қаңлыкөл, Ысқақ қайыр, Сам жайлауы, Сарыбай сияқты жер-су атаулары. Бұл үш жүздің басын қосқан киелі мекен – ұлы жүзден Жалайыр, Дулат, Қаңлы, орта жүзден Арғын, Тарақты, Найман, кіші жүзден Байұлы, Жетіру тайпаларының кешегі ізі, бүгінгі көзі.
Саясат 27 шілде 2017 г. 496 0
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР ҚАСИЕТКЕ БАСТАЙДЫ

КИЕЛІ МЕКЕНДЕР ҚАСИЕТКЕ БАСТАЙДЫ

 «Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады».  Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан.   Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр аймақты алып жатқан ұлы далада тәу етерлік қасиетті мекендер баршылық. Олардың қатарына Қорқыт баба кесенесін, Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін жатқызуға болады. Тіпті, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудағы киелі мекендерді де сабақтастырған жөн. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтеріліп отырған тақырыпты кеңінен сөз етті. Мақалада: «Біз тарихымызды осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретіндеп орнықтыруды меңзейді» делінген.
Саясат 27 шілде 2017 г. 287 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031