2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Жаңа жыл жақындаған сайын, ел тұрғындарын «келер жыл несімен есте қалмақ?» деген сауал мазалайтыны анық. Қазақстандықтар әсіресе, елдің саяси-экономикалық жағдайына алаңдаулы. Қазақстан экономикасын алдағы жылдары не күтіп тұр? Ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайы қандай болмақ? Аталған сауалдарға жауап іздеу мақсатымен NUR.KZ тілшісі белгілі экстрасенс Әлия Сәлімовамен сұхбаттасып қайтты.

- Әлия, көпшілік Сізді «Битва экстрасенсов» жобасы арқылы таниды. Жалпы, осы жобаға қалай келдіңіз?

Мен ол жоба туралы ойда жоқта, өз клиенттерімнің бірінен білген едім. Сосын, жобаға қатысамын деген шешімге келіп, бағдарламаға, кастингке жазылдым. Біраз уақыттан кейін ұйымдастырушылар шақырып, маған арнайы тапсырма берді. Жаңылыспасам, олар менің қолыма конверт ұстатты. Шарт бойынша, мен сол конверттің ішінде не жатқанын білуім керек болды. Ол тапсырманы орындаған соң, бейтаныс бір адамды әкелді. Ендігі кезекте, әлгі адам туралы бар білетінімді айтуым тиіс болды. Бұл тапсырманы да мүдірмей орындадым. Сосын, суреттегі адамдардың «қайсысының тірі екенін, ал қайсысының о дүниелік болып кеткенін» анықтау керек деген тапсырма берілді. Міне, осындай көптеген сынақтардан өтіп, жоба қатысушыларының бірі атандым.

- Бір сұхбатыңызда бойыңыздағы қасиеттер туралы 24 жасымда білдім деп айтыпсыз. Негізі, бұл қасиет Сізге кімнен дарыған?

- Біздің отбасымыздың мүшелерінде мұндай қасиеттер ата-бабаларымыздан берілген. Аталарымыздың бәрі молда болған адамдар. Ал әжемнің анасында көріпкелдік қасиет болған. Сол сияқты әжем де «құмалақ ашқан». Анам мен ағамның бойларында да осындай ерекше қасиеттер бар.

- Көпшілік экстрасенс, бақсы-балгерлерге сенетін адамдарды Аллаға серік қосқан, «күнә жасаған адамдар» деп сынап жатады. Осындай пікірлер жөнінде не айтасыз?

Мұндай сыни пікірлермен келіспеймін. Мен адамдарды емдеуде, жол ашуда Құран кітабын пайдаланамын. Құранның өзінде, сүрелер адамды сауықтырады деп жазылған. Адам басына іс түсіп, басына қара бұлт үйірілген уақытта да Аллаға сыйынады ғой. Біз тек Алланың адамға не жазғанын жеткізетін жандармыз, әрине әуелі Құдай, сосын адамның өз қолында.

- Бірер айдан кейін күллі әлем 2018 жылға қадам баспақ. Келер жыл Қазақстан үшін қандай жыл болмақ?

Егер, жалпы алатын болсақ, алдағы 4-5 жылда Ресей қарқынды дамитын болады, онымен бірге Қазақстанда да көркейіп, гүлдене түспек. Ал елдің болашағына көз жүгіртсек, Қазақстан әлемдегі дамыған әрі ауқатты 4 елдің қатарына енетін болады. Әрине, бірер жылдан кейін емес, шамамен 15-20 жылдан кейін республикамыз таңғаларлық жетістіктерге жетіп, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналады. 2018 жыл Қазақстан үшін жайлы жыл деген болжам жасап отырмын. Мәселен, егіс бітік шығып, тұрғындар шетелге демалысқа көптеп бармақ. Сол сияқты, экспорт көлемі артатын болады. Жалпы елде тұрақтылық сақталып, тұрғындар бейбіт өмір сүретін болады.



Cұхбат 09 қараша 2017 г. 71 0