ЫРЫСТЫ АУДАННЫҢ ЫҚЫЛАСТЫ АДЫМЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызғаны уақыт ақиқаты. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының идеясы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді. Қоғамдық сананы қазіргі заман талабына сай жаңғырту, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге күш салатыны, аймақтардың экономикалық әлеуеті халқымыздың бай тарихын әрі рухани мұрасын дәріптеуге зор мүмкіндік бермек. Рухани жаңғыру ұлттық маңызы бар жобаға айналды. Осыған орай, Сырдария ауданында атқарылып жатқан рухани дәстүрдің басты негіздерін аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегеноваға қойған едік.
– Балшекер Сұлтанбекқызы, Елбасы елдің алдына рухани жаңғыру мәселесін қойып отыр. Осы ретте Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оның ішіндегі алты бағыт және төрт кіші бағдарлама бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстарды саралап берсеңіз...
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойып отыр. Осы орайда ауданымызда бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Желілік кес¬те арқылы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы – сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген Елбасының ұлағатты сөзі өмір сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрғаны бізге бағдаршам болуы тиіс.
Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады. Елбасы тапсырмасымен «Туған жер» бағ¬дар¬ламасын ілгерілету және үйлестіру Жобалық кеңсесі құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.
Мақала жарияланғалы бері аудан тұрғындарының қаты¬суымен ¬мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық және ұжы쬬дық ұйымдарда талқылаулар өткізілді. Бұдан бөлек, аға буын өкілдері және жастардың ұйым¬дастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақ¬тылықты сақтауға атсалысуға шақы¬рып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды.
Ауданда  «Рухани жаңғыру» бағдар¬лама¬сының төрт кіші бағдарламасын ілгерілету және үйлес¬тіру бойынша аудандық жұмысшы және сарапшылар тобы құрылды. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» жобасы аясында әр салада қызмет атқарып, Ел тәуелсіздігінің тұсында жетістікке жеткен тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмысшы топ құрылып, жобаға нақты есімдер ұсынылды. Сонымен қатар, тамыз айында аудандық қоғамдық кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыс¬тардың есебі тыңдалды.
Мақаланы ақпараттық сүйемелдеу жұмыс¬тары бойынша арнайы спикерлер топтары жасақталып, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы қолдау шаралары және әлеуметтік желілерде оң пікірлер жариялануда. Халықты бірлікке, ын¬тымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құн¬дылықтарды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар, бағдарламалар әзірленуде.
Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қыркүйек айының соңында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және діни сана» тақы¬ры¬бында респуб¬ликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Республикалық деңгейде ұйым¬дас¬¬тырылған шараға елімізге белгілі ғылым докторлары, жоғары оқу орындарының профессор-оқыту¬шылары қатысып, келелі ойларын ортаға салды.
«Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акция¬сы аясында сырдариялық кәсіп¬керлердің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Тереңөзек кенті орта¬лы¬ғындағы саябақта орналасқан ескі мешіт ғима-ратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудан¬дық тарихи-өлкетану музейінің қосымша ғимараты ретінде теңгеріміне берілді. «Құрметті азаматтар» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейіне аудандық бюджеттен 24 млн, демеушілерден 8,5 млн теңге жұмсалды.
Мәселен, «Еңбек даңқы» мұражайында Сырдария ауданының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, ауданнан шыққан қоғам қайраткерлері мен ардагерлердің, түрлі салада жетістікке жеткен үздік қызметкерлердің өмірбаяндары бейнеленген. Ал, ауданның «Құрметті азаматтарының» аллеясы тақ¬тасына, саналы ғұмырын ауданның дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Тыл және еңбек ардагерлерінің, Еңбек ерлерінің, Батыр аналарымыздың, өнер қайраткерлері мен сұлу сөзден күмбез қалаған ақын-жазу-шы¬ла¬ры¬мыздың есімдері жазылды. Аудан бойынша тақтаға 99 «Құрметті азаматтың» тізімі жазылып, «Сырдария ауданының құрметті азаматы төсбелгісінің» белгісі қойылды.
Жергілікті кәсіпкер, «Ақжарма және К» ШҚ төрағасы Қайрат Нұрсейітов Ақжарма ауылдық округіндегі ауылдық пошта бөлімшесі ғима¬ра¬тының күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы бөлді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Елім деген азаматтың бірі – «Шаған-Жер» ЖШС төрағасы Бердібек Қадыров Шаған ауылындағы тарихи-өлкетану музейі құрылысына 7 млн теңге қаржы бөлді. Қазіргі таңда жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, 2015 жылдан бастап аудан орталығынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, кент орталығындағы 154 әлеуметтік аз қамта¬масыз етілген отбасындағы 771 адамды азық-түліктің 5 түрімен нарықтағы бағадан 30  пайыз жеңілдікпен, ал 7 және одан да көп балалары бар отбасыларын 50 пайыздық жеңілдікпен қамтамасыз етіп келеді. Осындай игілікті іске «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде аудан кәсіпкерлері қолдау білдірді. Аудан әкімінің бастамасымен ашылған «Әлеуметтік дүкеннің» жұмысы елжанды азаматтардың демеушілігінің, қолдауының негізінде бүгінгі күнге дейін жал¬ғасуда. Дағдарыс кезеңінде жасалған мұндай қайы-рымдылық іс аудан халқының  ауызбірлігін көрсетті. Мұнан бөлек, аудан кәсіпкерлері ха¬лық¬тың әлеуметтік осал топтарына демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету және қолдау бағытында қаржылай қолдау көрсетіп қайы¬рымдылық шараларына ұдайы көмектесіп келеді. Аталған жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдар¬ла¬ма¬сының «Тәрбие және білім» кіші бағ¬дар¬ламасын іске асыру бағытында аудан мектептерінде тиісті жұмыстар атқарылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – табысты ел болуымыздың, ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебие¬тімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бағдар¬ламалық мақаласында туған жердің қадірін біліп, ондағы алып та заңғар тұлғаларды жастарға үлгі етуді, олардың ерен еңбектерін насихаттауды жүктеді.
«Туған жер» бағдарламасы аясында аудан¬дық мұражай қызметкерлері жаңа «Еңбек даңқы» музейіне экспонат жинақтау мақсатында «Жаңа музейге – жаңа жәдігер!» атты жобасын ұйымдастырды. Жобаны жүзеге асыру барысында облыстық және қалалық мұрағатқа, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және ауылдық округтерге іссапарға шығып, аудан тарихы мен оның құрылған уақытынан бастап елге қызмет еткен еңбеккерлердің, өңір тарихында аты қалған тұлғалардың фотосуреттері, тарихи құнды құжаттары мен жеке қолданыстағы тұтынған заттарын және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында түрлі сала бойынша атқарылған игі істер жайлы ақпараттар жинақталуда. Бүгінгі күнде осы жоба аясында жинақталған материал саны 500-ден асты және әлі де жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қорында қазіргі күні 9305 жәдігер бар. Оның 5647-сі негізгі қорға (құнды), 3658-і көмекші қорға тіркелді. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жинақталған материалдар негізінде аудандық музей жанынан «Еңбек даңқы» залы ашылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдарын танытатын болады.
Аудан кітапханалары бойынша «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаң¬ғыр¬уы¬ның негізі», «Рухани жаңғыру – біздің дамуы¬мыздың бас¬ты қағидасы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы ¬заманауи Қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жүз есім – жүз жарқын ғұмырнамасы», «Сырға жаңа серпін берген жобалар», «Туған жерім – құт мекенім», «Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы», «Тарихы терең Сыр елі»,  «Тарихымен түлеген өңір», «Өлке тарихы – ұрпақ мұрасы», «Мен өскен өлке тарихы», «Жастар оқитын 100 кітап» тақырыбында кең көлемді кітап көрмелері жасалып, насихатталуда.
Қазіргі таңда Сырдария ауданы кітап¬ха¬на¬лары бойынша «Цифрлы Қазақстан», «Электронды кітапхана» бағдарламасы аясында РАБИС бағдарламасының 5 модулі бойынша аудан¬дық кітапхана, ал филиал кітапханалары 3 моду¬лі¬мен жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның «Катало¬гизатор» модуліне 298 487 мың дана кітап электронды каталогке енгізіліп отыр. Кітап қорындағы құнды, мәнді-мағыналы 758 кітап сандық форматқа енгізілді.
Ағымдағы жылдың шілде айында ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, өскелең ұр¬паққа насихаттау бағыты бойынша және аудан¬дық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 80 жастағы 13 ардагерге Ақжарма ауылдық клубында «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» атты кеш өткізілді. Шара барысында сый-құрмет көрсетіліп, жиналған көпшілік спорттық сайыстар, мерекелік концерттік бағдарлама мен аудандық музей қорындағы құнды экспонаттар және этноауыл көрмесін тамашалады.
Елбасы мақаласы аясында Жетікөл ауылдық клубында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы маман¬дарының қатысуымен дәстүрлі халық әндерін насихаттау мақ¬сатында ұйымдастырылған «Жырдан шашу шашайын» атты аудандық дәстүрлі әнші-термешілер бай¬қауында ұмыт бола бастаған халық әндері орындалып, көпшілік көңілінен шықты.
Қалжан ахун ауылдық клубында Қалжан ахун Бөлек¬бай¬ұлының 155 жылдығы аясында «Ізгіліктің нұрын сепкен – Ахун баба» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйым¬дас¬тырылды. Желтоқсан айының 25 жұл¬ды¬зында ауданға қарасты Ақжарма ауылында ағартушы-ұстаз, халық емшісі Садық ахун Қодарұлының атындағы аймақтық жас ақындар айтысы өтеді деп жоспарлануда. Жыр додасына еліміздің бас қаласы – Астанадан және Шымкент қаласы мен облыс көлеміндегі аудандардан ақындар қатысады. Айтыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды.
«Қазақстанның қасиетті ¬рухани құн¬ды¬лық¬тары», «Жаһан¬дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары бойынша аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасарының жетек¬ші¬лігімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, кент орталығы мен елді мекендерді аралап, көп¬шілікке Елбасы мақаласын түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілуде.
– «Қазақстанның қасиетті жерлерінің геогра¬фия¬лық картасына» Сырдария ауданынан қандай нысандар енді?
– Елбасы: «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәде¬ниетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәде¬ниеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен анық¬талады» деген болатын. Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдар¬ларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында мақаланың «Тарихи-мәдени мұра» кіші бағдарламасы біршама жұмыстар атқарылды.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын Ережелерді басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анық¬талуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады. Сырдария ауданы бойынша 48 ескерткіштің 4-нің республикалық маңызы бар. Олар Мүлкалан мазары (ХVІ ғ.), Сырлытам кесенесі (ХІІІ ғ.), Асанас қалашығы (VІІІ –ХІХ ғ.ғ.), Қожан қожа мазары (ХVІІІ ғ.). Және жергілікті маңызы бар 15 және 29 алдын ала тізімге алынған тарихи-мәдени мұралар бар. 48 ескерткіштің 15-і  археологиялық ескерткіш, 33-і қала  құрылысы және сәулет болып  бөлінеді.
Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 сәуір күні аудан орталығындағы №131 орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен Сыр бойында өмір сүрген түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата ескерткішіне, 28 наурызда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен ашылған Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының ұлт-азаттық күресі жетекшілерінің бірі Мұстафа Шоқай бюстіне барып, сонымен қатар облыстық тарихи-өлкетану музейі және басқа да ¬тарихи орындармен танысты.
Қазан айында Сырдария ауданынан Қалжан ахун мешіт-медресесі, Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкалан мазарын «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ «Туған жер» ғылыми-көпшілік деректі фильмдер топтамасы бойынша түсі¬рілім жұмыстары жүргізілді.
«Киелі жерлердің географиясы» жобасына Сырдария ауданы бойынша Айдарлы ауылында орналасқан Асанас қалашығы, Қожан қожа мазары, Асанас мазары, Сүнбибі кесенесі, Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкалан кесенесі, Қалжан ахун ауылында орналасқан Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қоғалыкөл ауылында орналасқан Құлболды ишан кесенесі ұсынылды. Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.
– Рухани жаңғырудың жастар үшін маңызы қандай?
– Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақала¬сында, негізгі назарды қазақстандықтардың рухани саласы мен санасын үздіксіз үдерістер арқылы жаңғыртуға аударады. Ұлт Көшбасшысы қойған негізгі міндет, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында негізгі рольде – жастарды бөліп қарастыру. Мақалада аталған міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.
Мемлекеттік жастар саясаты жетістігінің өзіндік көрсеткіші ретінде ауданымыз айтулы көрсеткіштерге ие. Жастар арасында спорт және өнер саласында ауданды танытып жүрген жас¬тар аз емес. Олардың қатарында тоғызқұмалақшы, Азия чемпионы Дамир Ахметов, «Қайсар» футбол командасының мүшесі Айбол Жахаев, «Ізет» қоғамдық қорының төрағасы Шыңғыс Үмбетаев сынды жастар бар. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ел болашағы – жастарды барынша ынталандырып, өрістерін кеңейте түсуге ықпал етіп келеді.
Бүгінгі таңда Сырдария ауданында қыруар тірліктер атқары¬лып жатыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жыл санап жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан барлық салаларға қолдау, қаржы мен қажетті қамқорлық көрсетіліп отыр. Отбасы құндылықтарын сақтау, қоғамды ауызбірлік пен ынтымаққа шықыру, халықты Елбасымыз көрсетіп отырған бағыт-бағдармен хабардар ету осында отырған барша¬мыздың басты міндеттері деп санаймын.
Елбасы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке қалуға тиіс» деген болатын. Сон¬дық¬тан кейінгі ұрпақ бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы дер едік.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Сырдария ауданы.
Cұхбат 16 желтоксан 2017 г. 234 0