ТОЙҒА ЖАРАСА МА?

ТАҒЫЛЫМ | 11 мамыр 2017 ж. - 09:32 | Көрудің саны: 54
ТОЙҒА ЖАРАСА МА?Флешмоб. Бұл сөзді қазір жиі естиміз. Ақпаратты шолып жүрген болсаңыз, "бәлен жерде флешмоб ұйымдастырыпты” деп жатады. Оның үйлену тойында көрініс табатыны да баршаға мәлім. Тіпті, кей бозбалалар оны сүйіктісіне сезімін білдіру үшін өткізеді. Флешмоб деген не? Әңгіме осы жайында.
Флешмоб – ағылшын сөзі, қазақша баламасы – "лезде жиналғандар”. Көпшіліктің қандайда бір оқиғаға, саяси шешімдерге қоғамдық пікір білдіруінің  қарапайым әрі жедел түрі. Бүгінде оны билеу арқылы немесе ән айту түрінде жеткізеді. Мәліметтерге көз жүгіртсек, әлеуметтанушы Говард Рейн¬гольдтың "Умные толпы: ¬следующая социальная революция” кітабынан кейін флешмоберлер өзін көрсете бастаған. Көп¬тің көкейінде "бұл шара қалай ұйым¬дастырылады?” деген сауал туындауы мүмкін.
Қазір заман дамыған, әлеуметтік желі арқылы бір адам достарына жиналатыны жайлы хабар таратады. Содан соң белгіленген қоғамдық орынға бір топ адам санаулы минутта жиылып, күні бұрын келісілген таңғаларлық әрекетті жүзеге асырады. Таңғаларлық әрекет дегенде елдің қиялында шек жоқ. Флешмоб барысында бір жерде тоқтап, қатып қалған күйі тұратындар бар. Белгілі бір жерде адамдар жүріп келе жатып, 3-4 минуттан кейін тағы да қатып қалады. Болды. Әрі қарай әркім өз шаруасымен кетеді. Аспанға қарап жерде жатып алғандарды да кездестіру ғажап емес. Флешмоб дегенде бір жылдары Бақыт Сыздықованың қарағандылық екі студенттің оқудан шығарылғанына наразылығын қоғам¬дық орынның бірінде жастармен бірге харлем-шейк билеп білдіргені еске түседі. Естеріңізде болса, әлгі екі студент оқу орнында партаның үстіне шығып, мемлекеттік рәміздердің алдында билегені үшін оқудан шығарылған болатын. Оны қойшы, қазір бұл дүние  жастардың ортасын қойып, қазақ тойы¬на ептеп енуде. Алайда, той бала-шаға мен мен қыз-бозбаланың ғана ортасы емес. Оған жас та, жасамыс та қатысады. Сондықтан  болар «тойда асыр салып билеген келіннен қандай ізет, қандай ибалылық күтуге болады?» деген пікір кездесіп жатады. Расымен, кейде бұл нәрсе көзге қораш, болмысқа жат дүниедей көрінеді.
Флешмобтың да мәнін мысалға текке келтірген жоқпыз, жоғарыда «көпшіліктің қандайда бір оқиға, саяси шешімдерге қоғам¬дық пікір білдіруінің жедел әдісі» деген болатынбыз. Сонда дейміз-ау, жас жұбайлар өз тойында қоғамдық пікірін кімге білдіргісі келеді? Жас келін ата-енесіне ме? Күйеу жігіт қайын-жұртына ма? Әйтеуір, мұны заман өзгердіге, сәнге айналған дүниеге балағанмен мардымды жауап таба алмадық. Бұл нәрсенің дұрыс не бұрыс екенін де оқырман еншісіне қалдырайық.

Мөлдір СНАДИН.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Үйіңіздегі «домовойдың» не екенін білесіз бе?

Үйіңіздегі «домовойдың» не екенін білесіз бе?

Кей адамдар «біздің үйде «домовой» бар, шкафтың есігі өзінен-өзі ашып жабылады» деп...
Студенттер Димашты қолдап, флешмоб өткізді

Студенттер Димашты қолдап, флешмоб өткізді

 Бүгін ҚР Ұлттық өнер университетінің студенттері Димаш Құдайбергеновты қолдау...
СЫР ЖАСТАРЫ ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

СЫР ЖАСТАРЫ ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгін Сыр жастары қаламыздағы «Достық үйінің» алдына жиналып өздерінің Алғыс айту...
Қызылорда қаласында ақпараттық-профилактикалық флешмоб өтті

Қызылорда қаласында ақпараттық-профилактикалық флешмоб өтті

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты...
ҚР Президентін ұлықтау рәсімі құрметіне Сыр жастары флешмоб ұйымдастырды

ҚР Президентін ұлықтау рәсімі құрметіне Сыр жастары флешмоб ұйымдастырды

Бүгін Астанада 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентінің к...
ЖОЛ

ЖОЛ

Асығып келемін. Мен жоқта бұл жолмен талайлар жүріп өтіп, талай өзгерістер болып...
Пікір: