Ардагер скрипкашы

ТАҒЫЛЫМ | 09 маусым 2017 ж. - 16:24 | Көрудің саны: 32
Қазалы  өңірі де  өнерге бай.  Соның  бірі  мәдениет  ардагері Қанатбай  Есенжолов.  Қанатбай  1947  жылы  10  сәуірде  Қазалы  ауданы,  Сарыкөл  ауылдық  Кеңесінде,  қазіргі Абай  ауылында дүниеге  келген.  Анасы  Орынкүл  бибатпа  ана  9 бала тәрбиелеп өсірген.  Әкесі  Түменбай   Қазалы  теміржол  әскери  күзет  бөлімінде  жұмыс  істеп  абыроймен зейнеткерлікке шыққан.
1954  жылы    Қазалыдағы  №87  сегіз  жылдық  мектебінің  1  сыныбына  барып,   №420  қазақ  орта  мектебін  бітіріп  шығады.   Жас  кезінен  бастап  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласты.  Қанатбай  мектеп  қабырғасында  жүргенде  музыкамен және  спортпен  қатар  айналысып сабақты  өте  жақсы  оқыған.  Қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласып  скрипка  аспабында  ойнап  Махамбет  Әуезовтің  шәкірті  болды.  Бірнеше  рет  облыстық  байқауларға  қатысып  жүлдегер  атанды. Спортта  гимнастика  және   шахматтан  мектеп  аралақ  жарыстарда  чемпион   болды.  Сегіз  қырлы,  бір  сырлы еңбегі  үшін  Москва  орталық  комсомол  комитетінің  мақтау  Грамотасымен  марапатталды.  
   1965  жылы  мектеп  бітіргенде  қосымша  2-ші   разряд тепловоз  жөндейтін  слесарь  мамандығын  алып  шықты.  Мектеп  бітіргеннен  кейін  бір  жыл  аудандық  мәдениет бөлімінде  автоклуб  меңгерушісі  болып  халыққа  қызмет  көрсетті.
     1966  жылы  Алматының  политехникалық  институтының  құрылыс  факультетіне  сырттай  оқуға  түседі.  Ауылға  келіп  №216  Қаныш  Сатбаев  атындағы  орта  мектепте өлең  және  суреттен  сабақ  береді.  Домбыра  ансамблін ұйымдастырады.
  1967-1972 жылдары Алматының  ауылшаруашылық  институтының  экономика  факультетінің    күндізгі  бөліміне  оқуға  түседі.  Ғалым-аграном-экономист  мамандығы бойынша  бітірді.  Онда  қосымша  әскери  офицері  оқу  бірге жүрді.  Сонымен  қатар   институт  жанындағы  қазақтың  ұлт  аспаптар  оркестрінің  жетекшісі  деген  қоғамдық   негізде  мамандық  алды.
   1972-1986  жылдар  аралағында  Ақмола  облысында,  Қызылорда  қаласында,  Орал  қаласында  Түркіменстанның  Мары  шаһарында  экономист  мамандығы  бойынша  қызмет  атқарды.  Қанатбай  елге  оралып  Абай  ауылында  экономист  қызметінде  болды.
    1986-1994  жылдарда  Әйтеке  би кентіндегі  Батысқазақстан  теміржолына  қарасты  бетон  шығаратын   зауытында  қызмет  істейді.  Сол  қызметтің  арқасында  жеке  баспана  үйге  ие  болды.  Мен  ол  кезде  Р.Бағланова  атындағы  аудандық  мәдениет  Үйінде  «Мырза»  атындағы  халық  оркестрінің  дирижері  қызметін  атқаратынмын. Мен  Қанатбайды  бұрыннан  да  білетінмін.  Оның  өнеріне  тәнті  болып  оркестр құрамына  алдым. Кейін   аудандық   мәдениет  басшыларына  ұсыныс  жасап  Есенжолов  Қанатбайды  аудандық   мәдениет Үйіне  қызметке  орналастырдым.
   2010  жылы  зейнеткерлікке  шықты.  Қанатбай  кезінде   Қорқыт  сазы  халық  ансамблінің  құрамында  қобызшы  болды.   Қанатбай  барлық  музыкалық  аспаптарда  керемет  ойнайды. Дарынды,  талантты  музыкант  ретінде  халық  таниды.  
    Қанатбай  оркестр  және «Қорқыт сазы»  құрамында  концерттік  сапармен  бірнеше  аудан - қалаларда  болды.  Сонымен  бірге  облыстық,  республикалық   байқауларға  қатысып  жүлдегер  атанды. Қанатбайдың  өзі жазып  күй  шығарады.   «Жеңіс»,   «Шаттық»  күйлері.  Ақын  Едіге  Кішкенеевтің  Ұлы  Абайға  арналған  «Сыйынар  Пайғамбарым»   атты  өлеңіне   ән  шығарылған.  «Ансамблге  құрмет»- Орақ  Баубековке  арналған  «Биші  қыз»  әнімен  сөзі   Ақмаржанға  арналған т.б туындылары  дүниеге  келген.   Мектепте  оқып  жүріп  3  ай жазғы  демалысында   Ресейдің   Ленинград  экспедициясы  құрамына қабылданып  келешек  оқу орнына  түсуге  тиін-тебен жинау үшін  жұмыс  жасаған.  Қанатбаймен  бірге  Әбілтай  ағайы,   кластастары  Нұрмаш  Алғашбаев,  Әлібек  Сәтбаев,  Базарбай Салмаев,  Амангелді  Пайызов, Қанибек Абдірахмановтар мектеп  директоры  Қожантай  Досмамбетовтің  рұхсат   келісімімен экспедиция құрамында  зерттеумен  айналысқан.  Қанатбайдың екінші  қыры,  жас кезінен  спортпен  айналысқан.   Бокс, күрес,  жүкіру,  шахмат, теннис.  Спорт  секцияларынан  сабақ  берген  Әбілтай  Алғашбаев  пен Лукин.  Спорт  түрлерінен  аудандық  облыстық  жарыстарда  чемпион  атанған.  Бүгінгі  күндері  Қанатбайдың  қарындасы  Кәмпит  пен  інісі  Сақтағанда өнерден  аты  шыққан  өнерпаздар.  Қанатбай  қазіргі  кезде де  «Атамұра»  ардагерлер   халық   ансамблінің  құрамында  скрипка  аспабында  ойнап  жүріп  аудандық  ардагерлердің  спорт  жарыстарында қатысып  1,2,3  орындарға  ие  болып  келеді.  Бұл  дегеніміз  аудан  ардагерлері  үшін  зор  құрмет  және  келешек  өсіп  келе  жатқан өскелең  жастарымызды  жақсылыққа,  мәдени-патриоттыққа  тәрбиелеу.  «Талантты  өнер  иесі,  тек  жаратқанның  сыйы  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің  Халық,  Қоғам,  Отан  мемлекет  алдында  жауапкершілікте»  -деп  Президетіміз  Н.Ә.  Назарбаев   атап  айтқан.
Орақ  Баубеков,
ҚР   Мәдениет  қайраткері
«Атамұра»  ардагерлер  халық  ансамблінің  көркемдік  жетекшісі.
Қазалы  ауданы



Сондай-ақ... оқыңыз:

Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Қазалы ауданының ардагер...
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің...
ҒАЛИЯНЫҢ ӘН ӘЛЕМІ

ҒАЛИЯНЫҢ ӘН ӘЛЕМІ

Өнер үшін жаралған жандар болады. Осындай туа біткен дарын иелерінің бірі – Ғалия...
ӨНЕРЛІ  ӘУЛЕТ

ӨНЕРЛІ ӘУЛЕТ

Облыстық мәдениет  басқармасының ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды...
150 ӘННІҢ АВТОРЫ

150 ӘННІҢ АВТОРЫ

Ұлы Абай айтқандай, "әнмен дүниеге келесің, әнмен дүниеден өтесің". Қуанышта әуенмен...
Кеңес Дүйсекеев – «Қазалының құрметті азаматы»

Кеңес Дүйсекеев – «Қазалының құрметті азаматы»

   Қазалы. Елімізге белгілі сазгер Кеңес Дүйсекеев Қазалы ауданының...
Пікір: