АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

Киелі Сыр  өңірінің ауыл шаруашылығы жылының «Алтын күз - 2013» мерекесі Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 195 жыл толуына тұспа-тұс келді. Негізгі дақыл саналатын күріштің әр гектарынан 48,8 центнерден өнім жинау бұрын-соңды болған емес. Басқа дақылдардан да жақсы өнім жиналса, мал шаруашылығында да өсім жақсы. Оған Сыр өңірінің әрбір тұрғыны қуанышты кейіпте. Толағай табысқа жетуге қанша адам аянбай еңбек етті. Сол кісілердің еңбегі лайықты бағаланып, ауыл шаруашылығы саласының 29 номинациясы бойынша анықталған еңбек озаттары Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Биылғы «Алтын күздің» ерекшелігі – бұрынғы еңбек ардагерлерін ұмытпай, оларға да ерекше  құрмет көрсетілуі.  Облыс басшысы  Социалистік Еңбек Ері атанған бір топ қарияларға автокөлік кілтін тапсырды. Бұл – келешек ұрпаққа үлкен өнеге.
Солардың бірі – біздің әкеміз Социалистік Еңбек Ері Шоманбай Абжалов. Облыс басшысының қолдауымен берілген су жаңа автокөлікті алып келген аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов салтанатты жағдайда кілтті табыс етті. Бұл ізгі ниетті ілтипатқа биыл 82 жасқа қадам басқан әкеміз жас баладай қуанып, облыс басшыларына ағалық алғысын арнады. 
Облысымыз үлкен жетістіктерге қол созып келеді. Қазіргі таңда игі бастамалар жүзеге асырылуда. Сыр бойындағы бас орда – Қызылорда қаласы гүлденіп, жаңарып, жасара түсті. Осы орайда облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың елеулі еңбегі бар екенін зор құрметпен айтамыз. Өңірдің өркендей беруіне шын жүректен тілектеспіз.
Шын жүректен алғысын білдіруші Абжаловтар отбасы
Жаңақорған ауданы.

ТАҒЫЛЫМ 05 қараша 2013 г. 431 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031