Еңбегімен ел таныған

Еңбегімен ел таныған

Сыр елінің өсіп-өркендеуі жолында талай тарлан ерлердің ізі жатыр. Бүгінгі ұрпақ сол өткен күндерде өрелі іс атқарған азаматтарды танып-біліп, өнегелі ғұмырларын үлгі тұтады.  Халқына қорған болған ерлерін ұлықтаудан жаңылмаған Сырдың елінде Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдығына орай мерекелік еске алу шаралары өтті. Тағылым мен тарихты тұтастырған мәнді де, мағыналы мерейтой шымылдығы Мөрәлі Шәменов туралы кітапты таныстырумен ашылды.
ТАҒЫЛЫМ 24 қараша 2016 г. 320 0
Өнерге жанкештілік қажет

Өнерге жанкештілік қажет

Қолыңыздағы мақала ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында дайындалып отыр. Бұл жоба үлкен табысқа қол жеткізген отандастарымыздың еңбек жолы туралы насихаттауды мақсат тұтады. 
ТАҒЫЛЫМ 23 қараша 2016 г. 191 0
Жұмысы жемістінің өмірі де келісті

Жұмысы жемістінің өмірі де келісті

Қолыңыздағы мақала ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында дайындалып отыр. Бұл жоба үлкен табысқа қол жеткізген отандастарымыздың еңбек жолы туралы насихаттауды мақсат тұтады. 
ТАҒЫЛЫМ 23 қараша 2016 г. 192 0
АЙНАЛА ЖАТҚАН ТҮРКІ ЕЛІ (Эссе)

АЙНАЛА ЖАТҚАН ТҮРКІ ЕЛІ (Эссе)

«Ай-жұлдыз жерге иілді...» Түп-тамыры біріккен, Түркілерден тарайды. Түрікшесі түрікпен, Тілдесуге жарайды! (Шәкең туралы шымшымадан)
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2016 г. 553 0
Нағыз полковник

Нағыз полковник

Біздің балалық, бозбалалық кезеңіміздің қызықты, думанды күндері өткен ғасырдың 70-жылдарымен, бүгінде тарихқа «тоқырау» деген атаумен енген дәуірмен сабақтасып жатыр. Бірақ, сол кездегі алып-ұшқан бала көңіл сол тоқыраудың не екенін сезбей-ақ өсті, есейді, ер жетті. Сегізінші сыныпта бізге Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепте физика пәнінен Әбілда Көккөзов есімді ағай сабақ берді. Оны оқушылар «боксер ағай» деп атаушы еді. Біз алғаш рет Бапалақов есімін сол кісінің аузынан естідік. «Шанхайдың» (Қызылорда қаласының солтүстік беткейдегі өңірді осылай атаушы еді) бозбалалары сол дәуірде Абдат Бапалақовты, Әбілда Көккөзовті өздерінің кумирі санады, олардың тұлғасын көз алдарына кәдімгі ертегідегі хас батырлардай, үнді фильмдеріндегі әлсіздер мен жоқ-жітіктерге пана болған алпауыт, сағы сынбайтын кейіпкерлер секілді елестетуші еді. Несін айтасыз, сол заманда аты аңызға айналған қалалық, облыстық комсомол комитеті жетекшілерінің бірі Абдат Бапалақовпен тілдеспек түгіл, жүзін көрудің өзі біз үшін арман еді-ау.
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 247 0
Жаны бір жайсаң жыр еді

Жаны бір жайсаң жыр еді

Белгілі ақын Темірше Сарыбаевты өмірінің ақырғы сәттерінде ғана аз уақыт көріп, сол шамалы сәттердің өзінде туғанымдай бауыр басып кеткен болатынмын. 2011 жылы ақын аға туған еліне – Сыр бойына келіп, мерейлі жасын – 70 жылдығын тойлады. Жанында ақынның шашбауын көтеріп қазақтың белді азаматтары, ағамыздың достары Сейфолла Оспанов, Қаһарман Бабағұловтар жүрді.
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 215 0
Бәйтерекке биіктік жарасады

Бәйтерекке биіктік жарасады

Құдайым оған әу бастан бәрін бере салған. Таудай тұлғасы талайға ық болуға жарайды. Оған байқалатын жерде байқалмау, табыстың буына пісіп дандайсу мүлдем жат. Кез келген ортада сыйластық сәнін келтіреді. Алғаш рет көріп тұрған бейтаныстың өзін елеусіз қалдырмай, бауырға тартады. Нан табар кезден бастап талабы жүріп берді. Өмір белестерінің ұңғыл-шұңғылы алғысқа толы. Ағаларға атқосшылық – жастайынан бойына сіңген қасиет. Білгенін пұлдамай, тосылыңқырап қалғанды қосарға алу кісілік жоралғысына айналған. Қуанғанды қуаттап, жабырқағанды жадыратса ғана жаны жай табады. Қадірі бөлек бұл азамат – Аралдың абыройлы да айбатты тұлғаларының бірі Зияғаладин Өтенов. Алыстағы Ауан ауылының тумасы. 1962 жылы орта мектепті тәмамдау бойына балық зауытында еңбек жолын жылымшылықтан бастаған. Ұзындығы 600 құлаш жылым торын алты ескекті түйедей қайыққа тиеп алып, айдын төсін шиырлап жағалауға ыңыранта тоғыстырғанда, маңдайдан шыпшыған тер кеудені жуып кететін. Бригадир Мырзажан Сахиев жүзінен шуақ төгіліп, білегінен қуат қайтпаған балаң жігіт Зияғаладинге дән риза. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 213 0
Ұлағатымен ұмытылмас тұлға

Ұлағатымен ұмытылмас тұлға

Еңбек  – өмірдің ұстазы. Ерен еңбектің терең сабағын алған сайын елдің әл-ауқаты артып, қуаты күшейе  береді. Ел қуаты – ертеңнің мұраты. Н.Назарбаев. Осыдан жиырма бес жыл бұрын  Қазақ жерінде    ұлттық намыстан жаралған – парасат рухы, тәуелсіздік рухы қалықтады. Әлемде үстемдік құрады деген коммунизм елесінің көбесі сөгілді, еңсесі еңкейді. Сол тарихи сәтте азаттықтың  ақ жолында қаны төгілсе де, ары төгілмеген   қазақ елі де ғасырлар бойғы алапат армандарының тұсауын кесті. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген  қағидада тәрбие алған ұлы дала ұландары ұлттық намыстың тайбурылына мініп,  тәуелсіздігіміздің қияға ұшар қанатына айнала білді. Біздің ұлттық намысымыз жеке бастың не болмаса бір рудың мүддесі емес, ұлтымыздың ұлықтығы үшін әр адамның ұрпақтық парызы мен ата-бабамыздың алдындағы қарызы екенін тағы бір паш етті. Ұлттық намыстан туар патриоттық рухымыз кезінде тарих бетінен ысырылып қалмауымыздың қайнар көзі болды. Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі кеңістікте  Ұлы Дала өркениетін  жария  еткен  ата-бабаларымыздың негізгі қаруы,  елім дейтін  намысты  ерді қадірлеу дәстүрі жоғары болды. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 269 0
Cыр елінің өлкетанушы ғалымы

Cыр елінің өлкетанушы ғалымы

Абылай Айдосов ағамызбен  1980 жылы КОКП-ға кандидат болып қабылданғанда таныстым. Сол жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Абылай Хангерейұлының  кабинеті қаламыздың орталық алаңындағы ғимараттың екінші қабатында орналасқан  болатын. Кабинетіне кіргенде орнынан тұрып, жылы  жүзбен қабылдаған Абылай Хангерейұлы жағдайымды, денсаулығымды сұрап, жұмыс істеп жүрген «РМЗ» ұжымындағы жағдайды білгісі келіп қызығушылық танытты. Әңгімелескеннен кейін  маған өз қолымен партия  билетін табыстап, есікке дейін шығарып салды. Содан 18  жыл  өткесін тағдыр екеумізді Қызылорда облысындағы екі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ы.Жақаев атындағы Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты қосылғаннан кейін қайта табыстырды. Сол уақыттан бастап ағамызбен бірге бір факультетте, бір кафедрада қызмет етіп, болашақ тарихшы мен археолог-этнолог мамандығының студенттері мен магистранттарына  дәріс бердік.
ТАҒЫЛЫМ 15 қараша 2016 г. 217 0
Шайхислам Серікбайұлы

Шайхислам Серікбайұлы

Еңбек ардагері, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлы 90 жастан асқанда дүниеден озды. 
ТАҒЫЛЫМ 15 қараша 2016 г. 648 0