ШЫН ДОС БОЛУ БІР БАҚЫТ

ШЫН ДОС БОЛУ БІР БАҚЫТ

Уақыт төреші деген дұрыс екен. Алға озған сайын жүріп өткен жолда қалған іздер, естеліктер сонау алыстаған күндерді еске салады. Қазақта дос деген дәріптеме сөз бар. Бұл – өте жақындықтың, бір-бірін қимайтын, жамандыққа жібермейтін, адалдыққа тән адами қасиеттің белгісі. Байбөрімен достығымызды осындай теңеумен бастағанды жөн санаймын.
ТАҒЫЛЫМ 30 қыркүйек 2017 г. 67 0
САҒЫНЫШ СЫРЫ

САҒЫНЫШ СЫРЫ

Үлкен жүректі, кең пейілді, құшағына бір ел сиятын жайсаң азамат, энергетика саласының білгір маманы Оңғарбаев Байбөрі Зәкірұлының фәни дүниеден өткеніне де 10 жыл болып қалыпты. Тоқтаусыз зымырап өткен уақыт-ай... Неткен жылдам едің... Мұндайда Жамбылдың жалынды жыры еске түседі.
ТАҒЫЛЫМ 30 қыркүйек 2017 г. 41 0
Өртке қарсы қызмет ардаргерлеріне - құрмет

Өртке қарсы қызмет ардаргерлеріне - құрмет

Жыл сайын бүкіл әлемде 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекеленеді. Мереке қарсаңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Әбдіуәли Мұсаевпен кездесіп, ардагерді қарттар күнімен құттықтады.
ТАҒЫЛЫМ 29 қыркүйек 2017 г. 39 0
ШӘКІРТТЕР ЖҮРЕГІНЕ ШЫРАҚ ЖАҚҚАН

ШӘКІРТТЕР ЖҮРЕГІНЕ ШЫРАҚ ЖАҚҚАН

Тоқсаныншы жылдары қара шаңырақ, Н.Гоголь атындағы педагогикалық инсти­туттың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына алғаш мең­ге­рушілікке ұсынылған кезім. Осы тұста кафедраға Алматының С.Киров атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін “Фило­логия, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы” мамандығы бойынша тәмамдаған жап-жас қыз Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен келіп орналас­ты. Өзін Гүлмира Баялиева деп таныстырды, жымия күлімсіреп. Қуана қарсы алдық. Бізде ҚазМҰУ секілді оқу орнын бітірген мамандар жоқ­тың қасы болатын.
ТАҒЫЛЫМ 28 қыркүйек 2017 г. 213 0

КЕҢ ПЕЙІЛДІ ЖАН ЕДІ

Өз елінің патриоты, қадірменді ақсақалымыз Ұзақбай Қарамановтың дүниеден өткені туралы хабар маған өте ауыр тиді. Бірнеше күн бұрын ағамызға телефон шалып, бірқатар мәселелер туралы ақылдасқан едім. Ал бүгін ол кісі арамызда жоқ. Ұзекең мен үшін қымбат жандардың бірі еді. Үлкен аға ретінде өмірдегі кейбір жағдайларда қалай әрекет ету туралы ақыл-кеңесін алып тұратынмын.
ТАҒЫЛЫМ 28 қыркүйек 2017 г. 40 0

ҚОШ, АСЫЛ АҒА!

Атақты шығыс ғұламасының «Өмір – керуен, адам – оның жолаушысы. Тағдыр соқпағы қайда бастаса, жүргінші сонда барады. Жол кейде шыңға, кейде құзға бастауы мүмкін. Ал қысталаң сәтте қиядан сыр бермей шығуға адамның білігі, ерік-жігері, ақыл-парасаты, адал қасиеті мен табандылығы, ең бастысы халқының сенімі мен қолдауы қажет» дегенді  оқығаным бар. Бүгінгідей Ұзекеңдей асыл текті азаматымыздан, халқының Алатаудай  айбарлы ұлынан мәңгілікке амалсыздан айырылып отырған сәтте осынау даналық тәмсіл еріксіз ойға оралып отыр.
ТАҒЫЛЫМ 28 қыркүйек 2017 г. 43 0
Ұзақбай Қараманұлы Қараманов

Ұзақбай Қараманұлы Қараманов

Еліміз орны толмас ауыр қайғыға душар болды. 80 жастан асқан шағында мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Премьер-Министрі болған Сыр елінің аяулы перзенті Ұзақбай Қараманұлы Қараманов өмірден озды. Ұзақбай Қараманұлы 1937 жылы тамыз айында Арал ауданы, Ұялы ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын Шұбарқұдық автобазасында (Ақтөбе облысы) прораб болып бастаған ол «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы болып еңбек етеді. 1964 – 1980 жылдар аралығында «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР Ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
ТАҒЫЛЫМ 26 қыркүйек 2017 г. 135 0
ТАЗАГҮЛ (эссе)

ТАЗАГҮЛ (эссе)

Адамның аты – оның жарты тағдыры деген қағида бар. Өйткені адамның аты – оның ата-анасының қырандай қиялы, асқақ арманы, үкілі үміті, ақ тілегі, тәңірге, тағдырға аманаты.  Тазагүл – атына заты сай қисынын тапқан қиял, орындалған арман, аманат, ақталған үміт. Ол ақылды, парасатты, білімді, зерек, зерделі, атынан ат үркетін, азуы алты қарыс азаматқа есесін жібермейтіндей жүректі, жігерлі, арлы, намысты азаматша болды.
ТАҒЫЛЫМ 21 қыркүйек 2017 г. 83 0
ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ

Сыр елінде, қала берді республика көлемінде Әлима Әбдіхалықованың есімін білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеспіз. Әлима апай десек, аймақтағы киелі білім шаңырағы – М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, колледжді айтсақ, Әлима Жақыпқызының есімі қатар аталатыны соншалық, тіпті екеуі егіз ұғымға айналып кеткендей. Оның өзіндік сыры да бар. Ғұмырының 40 жылдан астам уақытын педагогика саласына, оның ішінде аталған оқу орнының өсіп-өркендеуіне, дамуына арнаған ұлағатты ұстаз еңбегі шынында да ұшан-теңіз еді. 
ТАҒЫЛЫМ 21 қыркүйек 2017 г. 62 0
Әлемі ғажап әдемі

Әлемі ғажап әдемі

Нөсер жасым қазадан,Тосын келген сынақ па?Қан қазақта таза адам,Шүкір айтқан шұнаққа.Сәке,  қайда барасың?
ТАҒЫЛЫМ 19 қыркүйек 2017 г. 264 0