Жасыл экономика – жаңа бағыт

2013 жылдың желтоқсан айында Парламент Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сай, көрме тақырыбының «Болашақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға аудару және жаңартылатын энергия көздері мен энергияның басқа да баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру болып табылады. 
Халықаралық көрме Қазақстан Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл тех¬нологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» энергетиканы өр¬кен¬детуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шыға¬рындыларына байланысты мәсе¬лелерді неғұрлым тиімді шешуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері та-қырыбына бизнес-қоғамдастықтың на¬зарын аударуға үлкен әсері болады.
Жаңартылатын энергия – таусылмайтын көздерден алынатын энергия. Жаңар¬тылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада үнемі болып жататын процестерден алуға және оны өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға саяды. Жаңартылатын энергия табиғи жолмен жаңарып тұратын табиғи ресурстардан алынады. Жаңартылатын энергия көздері деген ұғым энергияның мынадай нысандарын: күн энергиясын, геотермальды энергияны, жел энергиясын, теңіз толқынының, ағыстардың, судың толуының және мұхиттың энергия-сын, биомасса энергиясын, гидроэнергияны, әлеуеті төмен жылу энергиясын және жаңартылатын энергияның басқа да «жаңа» түрлерін қамтиды.
Энергия тұтыну – адамзат тіршілігінің міндетті шартына айналды. Оны қамта¬масыз етуде экологиялық таза энергия өндіру заман талабы. Сондықтан да, қанша қиыншылықтар  кездессе де,  оларды жеңіп, жаңартылған энергия көздерін дамытуға барынша атсалысқанымыз абзал. 
Қазіргі  кезеңде  қоршаған ортаның  мәселелері  үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда  кеңінен талқыланады.
Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.
Қызылорда облысының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.
Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.
Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады.  Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген  елдері  жасыл  экономика  принципін  қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық  даму   саясаты   өнеркәсіптік  өндіріс өсімін  оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді.
«Жасыл экономика» ұғымы ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты. Ағылшын тілінде жасыл экономиканың «Green economics», «Ecological economics» атты екі баламалы атауы бар, сондықтан да кей жағдайда жасыл экономика «экология (табиғатты қорғау) экономикасы» деп те аталады. Жасыл экономика тұжырымдамасы бойынша, экономика – қоршаған ортаның тәуелді бөлігі, экономика қоршаған ортаның белгілі шегінен орын алып, өмір сүреді. «Жасыл экономика» деп адамдардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға төнетін қатерді азайтып, оның жұтаңдануын болдырмайтын экономиканы айтамыз (ЮНЕП анықтамасы).
Елбасымыз  2050 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясында  өндiрiстiк активтердiң ең жаңа технологиялық стандарттарға сай толық жаңартылуына, Қазақстан экономикасының сапалы жаңа «жасыл» технологиялық құрылысқа көшуiне және 2050 жылға дейiн елде энергияның баламалы және жаңартылған түрлерiне тұтынылып отырған барлық энергия көздерiнiң тең жартысы көшу қажеттiлiгiне баса назар аударған болатын .  Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген  елдері  жасыл  экономика  принципін  қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық  даму   саясаты   өнеркәсіптік  өндіріс өсімін  оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді.
2013 жылдың  1  маусымында  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  Қазақстан Республикасы «жасыл  экономикаға» өту  Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды.
«Жасыл технологиялар» - табиғи ресурстарды сақтауға және жерді ұтымды пайдалануға, қазып алынатын отынды тұтынуды қысқартуға бағытталған технологиялар; өнімдерді қайта өңдеу мен қайтадан  пайдалану және қалдықтарды кәдеге  жарату, қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану болып табылады.  
«Жасыл экономика»– Қазақстанның 2050 жылға қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси құндылықтарының жүйелі дамуының, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басты шарты және кепілі. EXPO – 2017» көрмесінің нысандарын жаңартылатын қуат көздері есебінен электр қуатымен қамту мақсатында  қыруар жұмыстар жасалды.  «Жасыл экономика» Қазақстан үшін тиімді жоба, себебі,  еліміздің  қалыпқа келетін энергия көздерін өндіруде, ауыл шаруашылығында  «жасыл» технологияларды пайдалануда әлеуеті жоғары. Қазақстанда  «жасыл экономиканың»  енгізілуі:
энергия тапшылығы мәселесін шешеді;
желдің жылдамдығы жоғары аймақтарда (Жоңғар қақпасы, т.б.) ЖЭС (жел электр станциясы), таулы су өзендерінде СЭС-терді дамытуға мүмкіндік беріп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
парниктік газдардың шығуын Киото хаттамасына сәйкес, 15 % дейін азайтады;
күн энергетикасының көмегімен жайылымға жарамды жерлерде агроөнеркәсіп кешенін дамытады;
тұрмысқа пайдаланылатын су ресурстарын қайта өңдеудің нәтижесінде өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігі туады, сол арқылы суды пайдалану 2 есеге дейін азаяды;
қайта өңдеу нәтижесінде органикалық және өзге де қалдықтар тұрмыста пайдаланылып, сәйкесінше, қоршаған ортаның жағдайы тұрақтандырылады;
биоотын негізінде автомобильдерді шығатын парниктік газдар мөлшері нөлдік деңгейге жеткізіледі;
жылу жүйесі баламалы отын көздері негізінде қызмет етіп, табиғи ресурстарды өлшеусіз пайдалану шектеледі;
нанотехнология, ақпараттық технология, экономикалық экология салалары бойынша жаңа үлгідегі сапалы мамандар даярлауға жол ашады;
«жасыл экономика» нәтижесінде үнемделген қаражат елдің макроэкономикалық деңгейдегі мәселелерін шешуге жұмсалады.
"Шағын істер» принципін қолдана отырып, қазіргі таңда біз экологиялық жағдайлардың жақсаруына үлкен үлес қоса аламыз. Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.
Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке орай, біз үшін бұл нормалар формальды және міндетті емес болып табылады. Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек.
Сондықтан да, әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс.
Г.Сыдыкова, 
К.Дәрмағанбетова


  

ТАНЫМ 09 маусым 2017 г. 124 0