Сіздің қолыңыздан келетін тамаша іс бар

Өзіңізді жай біреумін демеңіз. Сіз де мына жарық дүниеге бекер келген жоқсыз. Мойныңызда үлкен жүк, атқарар қыруар жұмысыңыз бар. Өмір өз ағысын тоқтатпайды. Жанам деген жан үшін әрқашан жол ашық. Тауқыметті өмір жолында мына дүниелер жадыңызда болсын. 
1.  Өзіңізді толыққанды адам ретінде сезінгіңіз келсе, ерте ояныңыз. 2. Дипломдағы үштік баға сіздің тағдырыңызға әсер ете алмайды. Барлығы өз қолыңызда. 
3. Сіздің қолыңыздан келетін тамаша іс бар.  
4.  Жағымсыз пікірді айтатын ауыз болса, оны тыңдайтын құлақты жабар қол бар.  
5. Өзге адамның таңдаған болашақ жарына, мамандығына байланысты жағымсыз пікірлер айтудан сақтаныңыз. Бұл – нағыз ақымақтық.  
6. Ең табысты деген адамдар өмірде өкінсе де, мақсатына жету жолын жалғастырған.  
7. Түйіндемеңізге өтірік сөз жазып әуре болмаңыз. Шындық бәрібір көрініс табады.  
8. Аяқ киім, дөңгелек, төсек сынды сізді жерден көтеріп тұратын заттарға қашан да ақша аямағаныңыз жөн.  
9. Бұл өмірде ең маңызды деген дүниелерді көзқарасы мүлдем бөлек жандардан үйренеміз.  10.  Арманның болғаны жақсы, алайда оның орындалуы үшін өзімізді құрбандыққа шалудың еш қажеті жоқ.
massaget.kz 
ТАНЫМ 01 тамыз 2017 г. 657 0