Бүгін – Халықаралық электронды кітап күні

Бүгін - 18 қыркүйек. Бұл күн тарихта қандай оқиғаларымен есте қалды? Әлемдік күнтізбеге шолу жасап көрейік.

Халықаралық электронды кітап күні

Бұл мереке электронды кітаптардың, аудиокітаптардың, музыка және видеолардың цифрлық дистрибуциясымен айналысатын OverDrive америкалық компаниясының бастамасымен жыл сайын аталып өтіледі. Аталған компания дәл осы күні 1986 жылы құрылған.

Жапонияда қарт адамдарға құрмет көрсету күні

Жапондардың әдепті халық екені бұрыннан белгілі. Ал аталмыш мереке ел күнтізбесіне 1950 жылы енгізілді. Алайда, оны құру идеясы 1947 жылы айтылған. 1965 жылдан бері мереке мемлекеттік мәртебеге ие. 2003 жылға дейін қарт адамдарға құрмет көрсету күні 15 қыркүйекте мерекеленіп келді, ал 2003 жылы «Ұлттық мерекелер туралы» Заң қайта қаралып, аздаған өзгертулер енгізілгеннен кейін, мейрам қыркүйектің үшінші дүйсенбісіне ауыстырылды.

Арменияда Астрономдар күні

18 қыркүйекте Арменияда астрономдар күні тойланады. Атаулы күн Арменияның Халық батыры, армян ғалымы, астрофизика саласының негізін салушы Виктор Амбарцумянның туған күніне орай белгіленген.

Әзербайжанда Ұлттық музыка күні

Ұлттық музыка күні жыл сайын 18 қыркүйекте, Әзербайжанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Узеир Абдул Гусейн оғлы Гаджибековтің туған күнінде атап өтіледі.
ТАНЫМ 18 қыркүйек 2017 г. 62 0