ЖАҢАША ЖАҢҒЫРҒАН ӘДЕБИЕТ

Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтың бірі – Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы. Жуырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана жанынан ашылған Дыбыс жазу студиясынан шыққан «Жаңадан жаңғырған әдебиет» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.
Дыбыс жазу студиясының басты мақсаты жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау болып отыр. Шараны Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров ашып, студия жұмысының бастамасына сәттілік тіледі.
Шара қонақтары СД дискаға көшірілген Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын тыңдады. Кеш соңында кітапхананың тұрақты оқырманы Н.Дәрібаева да алған әдебиеттері көңілінен шығатынын және қолға алынған үлкен жауапкершілігі мол жұмысқа ақ жол тіледі.

Айна БЕКЕНОВА,
Облыстық зағип және
нашар көретін азаматтарға арналған
арнаулы кітапханасының кітапханашысы.
ТАНЫМ 18 қыркүйек 2017 г. 425 0