ҮЛКЕН АСАР ҚАЛАШЫҒЫ

Кіші асар қалашығы мен Үлкен асардың арасы 2-3 шақырым. Арасында төте жол жоқ. Шіркейлі каналынан күріштікке су келетін ЛМК-16А каналы бойымен жағалап, айналма жолмен жүру керек. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің сол жағындағы Үлкен асар қалашығы да Кіші асар қалашығымен бір уақытты қамтиды. Бірақ Кіші асардан биік. Кезінде төбе үйілгенде айнала ор қазылып, қорғанмен қоршалған болу керек. Қалашықта әскер ұсталған деседі.
– Негізінде, осы екі асарда әскер ұстаған. Бір-біріне жақын орналасқан. Айналасында елді мекендер де болған, - деген Рамазан аға Аханұлы: – Біз егемендік алғанша бұлардың тарихын зерттеуге мүмкіндік болмады. Мұның бойында көптеген қақтығыстар болған ғой. Жоңғар шапқыншылығы орын алды, 1220-1221 жылдары Шыңғыс хан осының үстімен басып өтті. Одан қалды Қоқан хандығы өз билігін жүргізді. Міне, осындай тарихқа куә болған асарларға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізсе, көптеген құнды жәдігерлерді тауып, мәліметтерге қанық болар едік, - дейді.
ТАНЫМ 20 қараша 2017 г. 48 0