Әлемдегі ең алғашқы цифрлы өнер мұражайы ашылады

TeamLab өнерпаздар тобы Жапонияның астанасы Токио қаласында Цифрлы өнер мұражайын ашуды жоспарлап отыр. TeamLab — 400-ге жуық суретші, ғалым, дизайнер және архитекторлардан құралған топ. Олар интерактивті және сандық өнер туындыларын халық назарына ұсынатын платформа дайындауды қолға алды. Мұражайдың көлемі 107 мың шаршы метрді құрайды. "Әлемде әлі цифрлы өнер мұражайы жоқ", - дейді TeamLab тобының өкілі (Бұл жерде нақты сандық өнер туындыларын ғана ұсынатын деген мағынада, аралас мұражайлар бар).













Әзірге қандай инсталляциялар ұсынылатыны құпия сақталып отыр, бірақ ол өнер туындыларын физикалық шектеуден босатып, заманауи қоғам дамуына ілесуін көздейді.   TeamLab тобы гүл, ағаш, сарқырама сынды табиғат құбылыстарының интерактивті нұсқасын жасау арқылы әлемге танылды. Топ мүшелерінің 2016 жылы Pace Menlo Park паркінде өткен көрмесін бір жылдан аз уақыт ішінде 200 мың адам тамашалаған. Сол көрмедегі қызықты инсталляциялардың бірі арнайы телефонға жүктелген қосымша арқылы жұмыс істеді. 50 мың жарық диоды орналастырылған орманға адамдар қосымша арқылы өзі қалаған өрнектер салды. Бұл шынымен таңқаларлықтай креативті дүние.

ТАНЫМ 06 ақпан 2018 г. 168 0