Work and Travel: АҚШ-қа барғыңыз келе ме?

Еліміздегі жастардың шет елге шығып білім алғаны қуантарлық жағдай. Дегенмен олардың ішінде «елге ораламын», «Отанға адал қызмет етемін» деген түсінік те болуы керек.

Соңғы жаңалықтарға үңілсек Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды келіссөздер жүргізілді. Соның бірі визасыз АҚШ-қа бару мәселесі, ол уақыттың еншісінде. Ал бұл тақырып неге АҚШ-қа бағытталды?

Work and Travel бағдарламасын барлығымыз білеміз. Бағдарлама тек Америкаға барып жұмыс істеп, саяхаттаймын деген жандарға арналған.
 Жыл сайын елімізден осы бағдарлама арқылы шетелге баратындар көп.
Сіз де солардың қатарында болғыңыз келсе мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.«АҚШ-қа жұмыс іздеп барғым келеді»:  не істеу керек?

AirTravel International Kazakhstan;
Avier Grand LLP;
Columbus Exchange;
Corvette Center;
International Exchange Center;
IYECNovosibirsk
;Kazakhstan Council for Educational Travel (KCET);
Opportunity Language School;United Students Company;
Work and Study Abroad; осы агенттіктермен тығыз байланыс орнатып, кеңес алыңыз.

Қандай құжаттар керек?
– Туу туралы куәліктің көшірмесі;
– Жеке куәліктің көшірмесі;
– Төлқұжаттың көшірмесі;
– Ақ фонда түсірілген, көлемі 5х5 екі фотосурет;
– Оқу орнынан анықтама;
– Ағылшын тілін оқыған жерден анықтама;
– Бағдарлама демеушісінің анкетасы;
– Үлгі бойынша толтырылған түйіндеме.
Айта кету керек, осы бағдарламамен шет елге шығу үшін сізге ағылшын тілін білу маңызды және 3 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қажет.


Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/bilim-ordalary/ash/50828/
ТАНЫМ 11 ақпан 2018 г. 69 0