ЕНИСЕЙДЕГІ ЖЫРШЫ ТАСТАР СИПАТЫ

ТАНЫМ | 14 сентябрь 2013 ж. - 11:33 | Көрудің саны: 1 053
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жерлесіміз Тоқболат Еңсегенұлының жақында ғана "Енисей бойындағы көне түркі руна жазба өлеңдері оған қазақ тайпаларының қатысы” (Алматы : "Тоғанай Т ” баспасы, 2013) атты монографиялық еңбегі жарық көрді.
Көне түркілер әлемдегі жазуы, дәстүрі, діні, тарихы, кәсібі, өнері өте ерте дамыған елдердің бірі саналады. Бұған қоса, олардың түркілік-ұлттық рухы бекем қалыптасып, түркі империясын құрып, мемлекеттік діні Тәңірге табыну діні болып, көне дәуірде-ақ түркілердің алтын ғасырын орнықтырып, даңқы шықты. Ежелгі бабаларымыз жасаған сол зор жетістіктерді кезінде танып игермегендіктен көне мәдениетіміз, әсіресе, түркілік дәстүр жоғалу қаупінде тұр. Сондықтан, түркі руна жазба шығармаларына талдау жасау синтездік тұрғыда жүргізіліп, көне түркі мәдениеті, тарихы, жазуы, нанымы, кәсібі және түркі психологиясы, философиясы қоса зерттелініп, шынайы ғылыми қорытындылар жасалынды. Сондай-ақ, бұл еңбекте қазақ халқының арғы тегі және көне түркі руна жазуының қазақ халқының ру, тайпа таңбаларымен сабақтастығы арнайы сөз болып, ғылыми пайымдау жасалынды.  
Ең бастысы, бұл жұмыста Енисей бойындағы биік жалпақ тастарға түсірілген көне түркі руна жазбалары мүмкіндігінше түгелге жуық қамтылып, барлық сыр-сипатын ашуға күш салынды. Көптеген жазба тастар суреті беріліп, ондағы негізгі мәтіндер назарға ұсынылып, аударма, талдау жасалынды. Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалар кезінде түркі руна жазба ескерткіштерін қалыптастыруға үлес қосқандығы, түркі руна шығармаларының қазақтың халық жырларымен дәстүр жалғастығы, бұл мәдени ескерткіштер түркілік рухта жасалынып, мәңгілік тозбас мұраға айналғаны терең талдау жасау арқылы тұжырымдалды. Тастағы жазбалардың тақырыбы, құрылысы, жанры, көркемдік деңгейі теориялық тұрғыда қарастырылып, орнықты ғылыми бағасы берілді. 
Монография жоғары оқу орындарының филология, тарих, журналистика, философия факультеттерінің студенттеріне, магистр, докторанттарға, түркітану саласының мамандарына, жалпы оқырмандарға арналған. 
Д.ИСЛАМ,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«НҰР ОТАННЫҢ» – ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

«НҰР ОТАННЫҢ» – ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

Бейсенбіде облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Қырымбек...
ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында І Корей мәдени бизнес керуені өкілдерінің...
ШЕШІЛГЕН ТҮЙІН

ШЕШІЛГЕН ТҮЙІН

Аралдық қаламгер Жұмабай Жақып есімі оқырмандарға етене таныс. Жуырда оның Алматы...
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕНУҒА ҚОСЫЛҒАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕНУҒА ҚОСЫЛҒАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС

Қолымызға тиген Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы, Амантай Шәріп сынды...
РЕЖИССЕРГЕ ЕҢ АЛДЫМЕН ШЫНАЙЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

РЕЖИССЕРГЕ ЕҢ АЛДЫМЕН ШЫНАЙЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

Қазақ киносы өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта біршама ілгерледі деп...
ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

Мәдениет орталығындағы әсерлі кеш көрермендер жүрегінде ұзақ уақыт сақталатыны анық....
Пікір: