XVІІ-XVІІІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

ТАНЫМ | 23 сентябрь 2013 ж. - 10:57 | Көрудің саны: 932
XVІІ ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауына кедергі болады. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң дүниеге келді. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі Есім хан 1628 ж. күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығына басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя», Жоңғар хандығының негізін қалады. XVІІ ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жүргізді. 1643 ж. Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVІІ ғасырдың аяғында Тәуке ханның тұсында қазақ мемлекеттілігін күшейту бағытында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды. 



Сондай-ақ... оқыңыз:

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ

Білім негізі – бастауыштан. Ендеше балабақша қызметкерлерінің білім саласындағы алар...
ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Аптаның жексенбісі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев іссапармен Жаңақорған ауданын...
АЛАШТЫҢ АРДАҚ ТҰТҚАН АЗАМАТЫ

АЛАШТЫҢ АРДАҚ ТҰТҚАН АЗАМАТЫ

Сейсенбінің кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында...
ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМДАҒЫ ҚАУІПТІ ДЕРТ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМДАҒЫ ҚАУІПТІ ДЕРТ

Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық ел экономикасының көтерілуіне кедергі келтіретін...
ӘЙГІЛІ АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

ӘЙГІЛІ АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова Сыр еліне арнайы сапармен келген әйгілі...
ЕНИСЕЙДЕГІ ЖЫРШЫ ТАСТАР СИПАТЫ

ЕНИСЕЙДЕГІ ЖЫРШЫ ТАСТАР СИПАТЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінінің профессоры, филология...
Пікір: