БЕКЗАТ БОЛМЫС

БЕКЗАТ БОЛМЫС

Жас жағынан өкшелес, тетелес болғаныма қарамастан, ағамның алдында «сіз» деп сызылып тұрмасам да, інілік ілтипатқа келгенде сараңдық танытқан емеспін. Бәлкім, біреулер үшін ерсілеу, жаттандылау көрінетін шығар, ал бұл менің жүректен шыққан шынайы құрмет сезімім екенін жасырғым келмейді.
ТАНЫМ 21 қаңтар 2014 г. 663 0

ҮЛГІҢДІ КӨҢІЛІМЕ ҚЫСТАТҚАНМЫН

Тіршілік ағымы, қызмет бабында сабақтас болған,  көзқарас жарастығы табыстырған, тұлғасын арманыма ұқсатқан, үлгісін көңіліме қыстатқан ғалым, ұстаз, ана Жаңбершиева Ұлжан Нахатқызының ғұмырында шәкірттері тебірене айтатын, жыр ғып төгетін мағыналы, мәнді өмір өткелдері жатыр. Өзінің сүйікті ісін білетін, еңбекқор адамның ел сүйіндірер қасиеті оның іскерлігінде, азаматтығында, әділдігінде. Жақсының қадірін тірісінде бағаламасақ, адамдығын айтып, мақтамасақ, мақтанбасақ адамдықтан не пайда?! Адам тәрбиелеу, өзінің ұлы мен қызына жақсы тәрбие беру – адамзаттың ең бірінші аса маңызды қызметі. Ұлекеңнің өмірлік ұстанымын нық бекітуіне ата-ана тәрбиесінің ықпалы зор болғанға ұқсайды. 
ТАНЫМ 18 қаңтар 2014 г. 487 0

АС БЕРУ

Бақилық болған адамды ана дүниеге құрметтеп шығарып салу, жаназасын өткізу мұсылман қауымның ғана емес, барлық халықтың міндетіне айналған, дәстүріне енген шара. Жаназадан кейін бейсенбілігі, жетілігі, қырқы, жүзі арнайы аталып (кей жерде адамның қайтқанына жүз күн толуына байланысты құран бағыштау) өтіледі. Бұл да адамды  құрметтеудің, ағайын-туыс, жекжат болып қайғы бөлісудің  түрі болып табылады.
ТАНЫМ 14 қаңтар 2014 г. 4 010 0
ТҰРМАҒАМБЕТ АҚЫННЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

ТҰРМАҒАМБЕТ АҚЫННЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Сыр сүлейлерінің бай мұрасын жинауда елеулі еңбек еткен есімі республикаға танымал фольклоршы-ғалым Мардан Байділдаев бір жолы кездесуде белгілі журналист Мырқы Исаевтан:  – Сен ғой Тұрмағанбет шайырдың туысысың. Айтшы кәне, кешегі қуғын-сүргін жылдарында ол неше рет түрмеге қамалды? – деп төтеннен сұрақ қойыпты. Мырқы ағамыз бұл сауалға: "Тұрекең бір-екі шумақ өлеңі үшін түрмеге қамалды ғой” дейді.  Сыр сүлейлерінің бай мұрасын жинауда елеулі еңбек еткен есімі республикаға танымал фольклоршы-ғалым Мардан Байділдаев бір жолы кездесуде белгілі журналист Мырқы Исаевтан:  
ТАНЫМ 14 қаңтар 2014 г. 1 437 0

ДАРИЯ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ

Біздің әкей алты ағайынды болды. Төрт ұлдан кейін екі қыз бар. Әкейдің үш інісі бірінен кейін бірі соғысқа кетті. Ал өзін егде тартып қалғаннан шығар,  соғысқа алған жоқ. Бірақ, Ресейдің Магнитогорск қаласына еңбек майданына деп алып кетіп, тас ұнтақтау жұмысына салды. Бір жыл өткесін ол жердің басшыларын да соғысқа алып кеткен. Сондықтан сол аумақ егесіз қалады. Бақылау жоқ. Адамдар қашуға ниет етеді. 
ТАНЫМ 14 қаңтар 2014 г. 728 0
Алтын бесік – туған жер: Бірлік ауылы

Алтын бесік – туған жер: Бірлік ауылы

 Жүйрік уақыт зырлап алға жылжыған сайын өмір өзгеріп, заман жаңарады да өңір түлеп, тарих беттері жаңа белестермен парақталып жатады. Біз, дүниеге келген елдің, жердің, ауылдың ірге тасын қалаған аға ұрпақ екені даусыз, оның ісін, тіршілігін ілгері өрбіткен орта буын да, жақсы істі жалғастырып жатқан кейінгі ұрпақ та ағалар дәстүрінің қаз-қалпын бұзбай, өркендетуге күштерін салып келеді.
ТАНЫМ 09 қаңтар 2014 г. 2 903 0

ПЕНДЕГЕ ИМАН ӨЗІ АШАДЫ ЖОЛ

Қазіргі жас ұрпақ қоғамның болашақ қайраткері, еліміздің тірегі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Келешектің кемелді болуының кілті өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Рухани ізгілікті, жаңару заманына лайықты, өзін-өзі басқара алатын жан-жақты тұлға тәрбиелеу күн тәртібінен ешқашан түспек емес. Қоғамдағы әрбір азамат иманы кәміл, денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлға болу керек. Бұл да фжастардың өз-өзін қолға алып, жастық шақтың қадіріне жеткен кезде ғана болады. 
ТАНЫМ 09 қаңтар 2014 г. 568 0

ЖАҢА ЖЫЛДЫ КІМ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛАДЫ?

Әлем халқы Жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алу дәстүрі де бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Болгарияда Жаңа жылдың алғашқы сәтінде жарықтар сөндіріледі, себебі, жылдың алғашқы минуты  сүйісу уақыты болып саналады. Ал Жапонияда Жаңа жылды қарсы алу  сәтінде қоңырау 108 рет соғылады. 
ТАНЫМ 31 желтоксан 2013 г. 1 900 0
КЕРУЕН САРАЙ

КЕРУЕН САРАЙ

Биыл Сырдың бас қаласы – Қызылордаға 195 жыл толды. Осы екі ғасырға жуық тарихы бар қаламыздың тамыры тереңде жатқаны белгілі. Бірақ бізге туған өлке тарихы кешегі жетпіс жылғы кеңестік кезеңде шынайы оқытылмады. Қазір тәуелсіз елміз. Мені көптен бері мазалап жүрген өзіміз ғұмыр кешіп жатқан Шанхай, Шымбай атауларының шығу тарихы тереңдеп айтылмауы және қаламызда сырын бүгіп жатқан тарихи орындарымыздың бар екенін ойландырмай қалмады. 
ТАНЫМ 28 желтоксан 2013 г. 737 0
ЕЛ ҚОРҒАНЫ АЛПАМЫС

ЕЛ ҚОРҒАНЫ АЛПАМЫС

Ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің  қадірін бағалай алмайды» десе, ал Баласағұн  бабамыз: «Болашақ-өткен тарихты  білуден басталады» деген екен. 
ТАНЫМ 26 желтоксан 2013 г. 1 887 0