ӨСЕК ӨРТІ

«Ыбырай орысқа сатылды. Шен алып, шекпен кию үшін Ильминский сияқты қаражүректермен жақын болды. Ақысына қазақ жұртын шоқындырып бермекші болды. Тірі күнінде осы бағытта қызмет қылды. Өлгенде үйінен бір сандық крест шықты. Өзі шоқынған. Аты-жөні Иван Алексеевич еді». Дәл осындай өсек кезінде Ұлы ұстаздың соңынан гулеп тұрды.        
Ыбырайды бұл жаладан тек 1923 жылы сол кездегі жас жазушы Мұхтар Әуезов “Шолпан” журналында “Ыбырай Алтынсарин” атты мақала жазып, қорғап шықты. Өсектің шығуының себептерін талдап, жоққа шығарады. Мұхтар Әуезов Ыбырайдың өзі өлген соң үйінен шыққан бір сандық крест дегені бір сандық қағаз екенін айтады. Бұл — әрине, Ыбырайдың дұшпандарының, дүмше молдалардың таратқан өсегі болатын.
НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ
Тарих 08 қыркүйек 2017 г. 104 0