Билік түсіндіреді: кепілді кредитті қай кезде алған тиімдірек?

ЖАРНАМА | 24 ақпан 2017 ж. - 12:34 | Көрудің саны: 101
Билік түсіндіреді: кепілді кредитті қай кезде алған тиімдірек?1.Маған кредит керек және қандай кредитті ресімдеу тиімдірек екенін анықтауға тырысып жатырмын, кепілді ме, әлде кепілсізді ме? Мүмкін мақсаттарымнан бастау керек шығар?
Ең алдымен мақсаттарыңызды талдап алғаныңыз дұрыс. Бұл ретте кез келген қажеттіліктерге кепілді, сондай-ақ кепілсіз кредит алуға болатынын түсіну керек. Әрине, жөндеу жүргізу немесе саяхат үшін пәтерді банкке кепіл ретінде салмай-ақ ұйымдастыруға болады және бұл психологиялық тұрғыдан неғұрлым ыңғайлы көрінеді. Алайда, егер сіз толықтай қайта салуды немесе еуро саяхатты ойластырған болсаңыз, кепілді кредитті ресімдеу арқылы, сіз аз пайыз төлейсіз. Сондықтан мақсатыңыздың көлемін анықтаудан бастаңыз.
2. Пайыздар жөнінде толығырақ айтып бересіз бе? Кепілсіз кредиттер айтарлықтай арзан ба?
Кепілсізбен салыстырғанда, кепілді кредит беру – кредитті ұзақ мерзімге беруді, қомақты қарыз сомасын, сондай-ақ бағалау, сақтандыру және кепілді уәкілетті органда тіркеуге байланысты қосымша шығыстарды қарастырады. Осылайша, кепілді қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелері осы факторларды есепке ала отырып белгіленеді, бірақ әдетте олар кепілсіз қарыздың мөлшерлемелерінен төмен болады.
3. Кепілді кредиттер бойынша қандай сомалар және мерзімдер қол жетімді?
Банк ВТБ (Қазақстан)-да Астана және Алматы тұрғындары үшін 75 млн теңгеге дейін және басқа өңірлердің тұрғындары үшін 50 млн теңгеге дейінгі сомалар қол жетімді. Ал мерзімдер жағынан нұсқалар өте көп – бір жылдан 10 жылға дейін.
4. Кепілге автомобиль немесе қандай да бір мүлікті қоюға бола ма?
Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы кредит берген кезде автокөлік кепілге алынбайды. Дегенмен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде тұрғын үй де, коммерциялық жылжымайтын мүлік те бола алады.
5. Сонымен, кредитті қарастыруға көп уақыт кете ме?
Кепілді кредит кепілсізге қарағанда, жоғарыда айтылған себептерге байланысты ұзағырақ ресімделеді. Алайда, клиент құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде кепілді қарыздар бойынша кредитті қарастыру тезірек жүреді.
6. Мәселен, мен кепілге өз пәтерімде қойсам Банкке менің қайда жұмыс істейтінім және қанша табатыным маңызды ма?
Сіз сұраған сома жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген болса, банк кредитті сіздің төлеу қабілетіңізді бағаламай-ақ беруі мүмкін. Бірақ, өз мүддеңіз үшін қаржылық сауаттылық негіздерін ұмытпауыңыз керек және банк сіздің төлеу қабілетіңізді бағаламаса да, оны әрқашан өзіңіз бағалауға тиістісіз. 
7. Қорытындылай келе, кепілді кредитті қай кезде алған тиімдірек?
Біріншіден, үлкен сомада және ұзақ мерзімді болса да, кепілді кредиттің әрдайым арзан болатындығы қатты сезіледі. Екіншіден, сізде міндетті түрде банктің талаптарына сай келетін кепіл болуы керек. Және соңғы сізге қажет нәрсе, қай кредитті таңдасаңыз да, оны өтеудің нақты жоспары мен есебі болуы тиіс. Оны банктің менеджерімен бірге жасауға болады. http://kz.vtb-bank.kz/individuals/lending_personal/consumer/


Сондай-ақ... оқыңыз:

Кредит тарихындағы қателікті қалай дұрыстау қажет?

Кредит тарихындағы қателікті қалай дұрыстау қажет?

Біздің кейіпкеріміз Айсұлу – жоғарғы оқу орнын бітірген, жалақысы жоғаоы қызметте...
Кепілзатсыз несиені қашан алған ыңғайлы?

Кепілзатсыз несиені қашан алған ыңғайлы?

1. Мереке күндерінен кейін мен осы жылғы негізгі істерімді жоспарлай бастадым...
Несие: қарыздан қалай құтылуға болады?

Несие: қарыздан қалай құтылуға болады?

Елімізде мер­зімі өт­кен кредиттер санының өсіп бара жатқанын қаржы мамандары жиі...
Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады?

Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады?

Көп ұзамай біз жаңа жылды тойлаймыз. Сыйлық дайындау, іздеу және қысқы демалысты...
БІЛІМ БЕРУ НЕСИЕСІ ҚАЙТАРЫЛУҒА ЖАТАДЫ

БІЛІМ БЕРУ НЕСИЕСІ ҚАЙТАРЫЛУҒА ЖАТАДЫ

Елбасының Қазақстан халқына арнаған 2005 жылғы «Қазақстан жеделдетілген...
ЕҢ СЕНІМДІ КЕПІЛДІК

ЕҢ СЕНІМДІ КЕПІЛДІК

Банк салымшылары салымға орналастырылған ақшаларынан айырылып қалу мүмкіндіктерінен...
Пікір: