Банкті қандай критерийлер бойынша таңдауға болады?

ЖАРНАМА | 19 сәуір 2017 ж. - 14:57 | Көрудің саны: 48
Банкті қандай критерийлер бойынша таңдауға болады?Standard & Poor’s рейтингтік агенттігінің деректері бойынша бүгінгі таңда қазақстандық банктердің ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) банкінің кредиттік рейтингі ең жоғары болып келеді. Әлбетте, қаржы секторының барша қатысушылары сияқты, банк девальвациядан кейін орын алған дағдарыстың ықпалын басынан өткерді. Алайда ВТБ Тобының халықаралық тәжірибесі тұрақты жағдайды әрі жоғары кредит қабілеттілігі деңгейінсақтап қалуға жәрдемдесті. Ірі қаржы холдингінің еншілес банкі өзін Қазақстанда қалай сезінетіні және бұл жерде жұмысын әрі қарай қалайша жоспарлап жатқаны жайында біз Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қалалық филиалының директоры Роман Цой мырзамен сұхбаттастық.
- Роман Данилович, екінші деңгейлі банктерде 2017 жылдың 1-тоқсаны үшін қаржылық есептілікті ұсыну кезеңі басталды. Сіздің банктің осы кезеңдегі жұмыс нәтижелері қазірден белгілі ме?
- Иә, 1-тоқсан үшін жұмыс қорытындысы жарияланып үлгерді. 2017 жылғы 1 сәуір жағдайына Банк ВТБ (Қазақстан) 184,1 млн теңге көлемінде табыс алды. Бүгінгі күнде Банктің реттеуші капиталы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтерінен 4 есе асып тұр. Банктің «өтімділік қоры» талап етілетін нормалардан 10 есе артық. Қазіргі күнгі жағдайда капитал мен өтімділіккөлемі кез келген банктің тұрақтылығының негізгікөрсеткіштері болып табылады.
- Елдің банктік секторындағы болып жатқан тектоникалық өзгерістер мен қосылуға бағыт алған беталыс аясында бұның нәтижесі жаман емес десе де болады. Бұл жағдайға банк қалай келді?
-Соңғы жылдың аяғында Банк ВТБ (Қазақстан) проблемалық активтерден тазарып, кредиттік қоржынын сауықтырды. Ал ағымдағы жылдың басында банк, бизнес жүргізудің жаңа тәсілдемелерін пайдалануды ұйғаратын, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңге дамудың жаңа стратегиясын қабылдады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы біз таңдаған бағыт-бағдардың дұрыс екенін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде банк шығындарды оңтайландыру және қызмет тиімділігін жоғарылату аясында жұмысын жалғастырып келеді. Нарықтағы тұрақтылық сақталған кезде банк стратегиялық жоспарға сәйкес бұдан ары да ілгері дамуды және табыс өндіруді жалғастыратынына сенімдімін.
- Ал банктің жақын арадағы үш жылдағы даму жоспарына нақты кіретін не?
-Банктің жаңа стратегиясы біздің клиенттеріміздің сұрауларын зерттеп-зерделеуге негізделген. алдағы үш жыл ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) ірі инвестициялық бизнес – 20%, орта бизнес – 40% және бөлшек бизнес – 40% үлесімен бизнес-желілер тепе-теңдігін сақтай отырып, бірегей банк ретінде үйлесімді өркендеуін жалғастырады. ВТБ-тің Қазақстандағы бизнесті белсендірудің негізгі бағыттарының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету болмақ. Сонымен қатар ірі инвестициялық бизнеспен жұмыс жасауға ден қою ұйғарылып отыр. Банктің жаңадан жасақталған басқарушы командасы қазақстандық клиенттер үшін Топтың ең үздік тәжірибесін енгізу бағытында белсенді жұмыс жасап келеді.
- Сіз өзіңіздің клиенттеріңізге арналған нақты өнімдердің немесе ұсыныстардың қайсысын ерекше атап өтер едіңіз?
- Біз банк қызметтерінің тұтас спектрін ұсынамыз. Қазірде бөлшек клиенттерге арналған өнім қатарын жаңарту жүргізілуде. Мысалға, қазірдің өзінде біз жеке тұлғаларға арналған кепілді және кепілсіз несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендеттік, төлем карталары бойынша өте тиімді ұсынысты жасап шығардық. Ал жақын арада шарттары жаңадан жасалған ипотеканы және автонесиелеуді іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Бұдан бөлек, Банк шағын және орта бизнеспен жұмысын жандандырды. Біз қаржыландырудың өздік бағдарламаларымызды ұсынамыз, сонымен бірге ШОБ қолдауға бағытталған «Даму» қорының бағдарламаларына қарқынды қатысамыз, олардың көмегімен кәсіпкерлер біздің банктен жеңілдікті шарттарда несие ала алады. Біз кез келген дерлік сау бизнесті несиелеуге дайынбыз. Біздің тараптан экономиканың бірде-бір саласына тыйым салынбаған. Критерий біреу-ақ – қаржылық тұрғыдан сау болу. Бизнес сау ма? Біз несиелендіруге әзірміз!
Бізде Ресей аумағына жиі барып тұратын тұлғалар үшін де қызықты ұсыныстарымыз бар. Мысалы, ақша айырбастауға шығынданбай, ресейлік банкоматтардан ақшаны шешуге мүмкіндік беретін рубльде шығарылған карталар. Жалпы айтқанда, өнімдер мен ұсыныстар сан алуан, барлығы да біз құлақ асатын клиенттердің қажеттіліне байланысты. Осыған орай біз өзіміздің өнім қатарын жетілдіру бағытында ұдайы жұмыс жасаудамыз.
- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.



Сондай-ақ... оқыңыз:

«Халық банк» Кәсіпкерлер палатасымен бірге  түсіндірме жұмысын жүргізді

«Халық банк» Кәсіпкерлер палатасымен бірге түсіндірме жұмысын жүргізді

 Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы «Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық ...
Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі

Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі

"Tengri Bank" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ біріктіру туралы меморандумға...
Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі

Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі

"Tengri Bank" АҚ "Tengri Bank" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ біріктіру туралы...
ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» туралы ҚР Заңына сәйкес Ұлттық Банктің мақсаты...
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Кеше облыс орталығынан Еуразиялық банктің филиалы ашылды. Салтанатты шараға облыс...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

Соңғы күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының ауысуына байланысты...
Пікір: