Қайдан және қалай кредит алуға болады?

Қайдан және қалай кредит алуға болады?finprom.kz аналитикалық порталының мәліметтері бойынша өткен жылы Қазақстанда  халыққа тұтынушылық кредиттерін беру  айтарлықтай азайған, 2016 жылы жеке тұлғаларға 2015 жылға  қарағанда 2,5 трлд теңгеге аз қарыз берген. Бұл ретте  банк өнімдеріне деген сұраныс азаймаған, мәселе басқада- қаржы ұйымдары  қарыз алушыларды тексеруге мұқият қарайтын болған. 
Девальвациядан кейінгі дағдарыс елдің бүкіл экономикасына  әсерін тигізді. Қаржы секторы да оның ықпалын айтарлықтай сезінді: көптеген заемшылар жай ғана қарыздарын өтеуді доғарды, ал бұл банктердің  тәуекел-профильдерін  қатаңдатуына әкеп соқтырды. Сонымен бірге теңгенің еркін құбылмалы бағамға өтуін  жариялағаннан кейін екінші деңгейдегі банктер  өтімділіктің өткір жетіспеушілігін сезінді. 
- Қазір валюта нарығындағы  жағдай тұрақтанды, қазақстандық банктердің  бір бөлігі  кредиттеу қарқынын қайта ұлғайтуда, бірақ дағдарыстан оңала алмағандары да  бар, олар  нарықтан  кетуге мәжбүр.  Сондықтан да  мен банкті таңдау  барысында  оның кредиттік рейтингіне,  капиталының  көлемі мен  өтімділік дәрежесіне  айрықша  назар  аударуларыңызға  кеңес  беремін. Міне  тап осы  көрсеткіштер  қазіргі  жағдайда  кез келген банктің  тұрақтылығының  маңызды  көрсеткіштері болып  табылады ,- дейді  Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қаласындағы филиалының директоры Роман Цой. – Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан)  белсенді түрде өнімдер желісін  жаңғыртуда. Мысалы,  біз кредиттер бойынша  сыйақы мөлшерлемесін  төмендеттік.  Біздің банкте  5 000 000 теңге сомасына дейінгі кепілсіз  тұтынушылық  кредитті  5 жыл мерзімге  алуға болады. Егер сізге қомақты сома -  5 000 000 теңгеге дейін қаржы қажет болса,  жылжымайтын  мүлікті  кепілге қойып 10 жыл мерзімге кредит рәсімдеуге болады, бұл өнім бойынша да  мөлшерлемелер  төмендетілген.
Тәжірибе  көрсеткендей, қазақстандықтар  жазғы  демалыс қарсаңында  кредит алу үшін  банктерге жиі жүгінеді,  көбінесе бұл уақытта  адамдар демалысқа, пәтерді жөндеуге немесе үйлену  тойын өткізуге  ақша  іздейді.  Бірақ оны  әрқашан ала  алмайды. Қарыз алуда өз  мүмкіндігіңізді ұлғайту үшін қаржы ұйымына жүгіну  барысында нені  білген жөн? 
- Бірінші  кезекте  менеджерлер  кредит  тарихын тексереді. Егер Сіздің  алдыңғы  алған  кредиттеріңізді өтеуде бірнеше  мәрте қателіктеріңіз болса,  бұл бас тартуға  себеп болуы мүмкін, сондай-ақ  кредит тарихыңыздың болмауы, өйткені   сіздің алдындағы қарыздарыңызға қалай қарайтындығыңызды  білмей  банк қызметкерлері қарызыңызды қалай  өтейтіндігіңізді түсіну қиынға  соғады, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қаласындағы филиалының директоры Роман Цой.  – Тағы бір маңызды нәрсе -  кредит қабілетіңізді бағалау. Әрине ең дұрысы  кредит алуды жоспараған  кез келген адам  бірінші кезекте  өз жанұясының  ай сайынғы шығындарын  дербес түрде есептеуі  тиіс және  ай сайынғы  төлемдері жүзеге  асыра алатындығына, өз табысына  сенімділігін  бағалауы тиіс. Бірақ тәжірибе  көрсеткендей, бұны  барлығы бірдей жасамайды, сондықтан  банктер  қарыз алушының  кредит қабілеттілігін  бағалау  рәсімдерін міндетті түрде жүргізеді. Және бұл дұрыс, осылайша  біз  көптеген жанұяны ойластырылмаған шығындардан  қорғаймыз. Мен барлығына кредит алуға өтінім  берместен бұрын: өз кредит тарихыңызды   тексеруге және табысыңыз бен шығысыңызды мұқият есептеуге кеңес беремін.  Егер Сіз барлығын  сараптап, кредит алуға бекінсеңіз, Банк ВТБ (Қазақстан)  Сіздің мына сілтеме http://www.vtb-bank.kz/individuals/lending_personal/loans/application/ бойынша  қалдыра алатын өтініміңізді қарастыруға  әрқашанда  дайын. Толығырақ ақпаратты  ұялы  телефоннан 5050- нөмірі бойынша  тегін ала аласыз.
(ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінен берілген лицензия №1.2.14/39 23.12.2014 ж.)

ЖАРНАМА 15 мамыр 2017 г. 404 0