ХАЛЫҚПЕН ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘСЕЛЕ

  Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс атқарып жатқан жұмыс тобының мүшелерін қабылдады.

Отырыс барысында Президентке латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Осы мәселенің айналасында жүргеннен кейін бірден елең ете қалдық.

Латын әліпбиіне көшу тек бүгінмен өлшенетін дүние емес. Қазір қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсуде. Біз де облыстық ақпараттық- насихаттық топтың өкілі ретінде қала және аудандарда болып, халықпен кездестік. Жұрттың пікірін білдік. Халық латын алфавитін қолдап отыр. Тіпті, Президент Әкімшілігіне 300-ден астам ұсыныс келіп түскен. Осы ретте ғылыми орта да, жастар да, қоғамдық ұйымдар да әліпбиді талқылауға белсене қатысқаны атап өтілді.

Көпшіліктің пікірі ескеріле отырып жасалған қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты жобасында тілдік ерекшелігімізге мән берілгені көрініп тұр. Орыс тілділер үшін кириллица бұрынғысынша қалатын болады. Бұған дейінгі ұсынылған алфавитте 26 әріп болса, жаңа нұсқада олардың қатары 32-ге жеткен. Демек, жетілдірілген деген сөз. Маңызды мәселеде халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады.

Нұрсәуле МҰСАЕВА,

облыстық «Тілдерді оқыту орталығының» 

директоры.

ЖАРНАМА 10 қазан 2017 г. 264 0