Қызылорда облысының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары

2017 жылғы облыс дамуының негізгі бағыттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт ­жоспары – 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасына, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына және де ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес қабылданған 2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарында белгіленді.

Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты –  дағдарыс кезеңінің салдарын жеңу және дағдарыстан кейінгі дамуға қажетті әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құру.

Іс-қимыл жоспарына 320 іс-шара еніп, оның 70 пайыздан астамы толық орындалды. Ал, жүзеге асуы ұзақ мерзімді және тұрақты сипатқа ие іс-шаралар 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспары шеңберінде жалғасады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын және олардың нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың тікелей ұйымдастыру жұмысынан айқындалатын көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты.

Әсіресе, 2017 жыл бойы өнеркәсіптің өңдеуші секторында, ауыл шаруашылығында, тұрғын үйлер салуда, аймақтың әлеуметтік дамуына инвестициялар тартуда және де құрылыс жұмыстарын жүргізуде оң тенденциялар қалыптасты.

Экономиканың салаларында жыл ішінде 13105 жұмыс орны құрылды, оның 11561-і тұрақты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін республикалық көрсеткіштен төмен 4,8 пайыз шегінде ұстап тұруға мүмкін болды (2017 жылдың 3 тоқсанына).

Әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша тұрғындар алдында қарыз жоқ.

Тұтыну бағалар индексі маусымдық өсімге қарамастан, жыл бойы республикалық орташа көрсеткіштен төмен болды. 2017 жылдың қорытындысымен 106,6% құраса, республика бойынша 107,1%. Оның ішінде азық-түлік тауарларының баға индексі 106,6%, азық-түлік емес тауарларының баға индексі- 108,9%, ал ақылы қызметтер –104,4%.

2017 жылы облыс бюджеті 223,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте облыс бюджеті айқын әлеуметтік бағыт алып, әлеуметтік салаға 137,1 млрд теңге бағытталған.

Мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд теңге салық және басқа міндетті төлемдер аударылып, болжам 102,7 пайыз орындалды.

59 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 25-сі пайдалануға берілді (білім – 17 нысан, денсаулық сақтау – 2 нысан, мәдениет – 1 нысан, спорт – 1 нысан, басқалар – 4).

2017 жылы 1983 пәтерге арналған 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілді, оның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерге арналған 36 көпқабатты үй пайдалануға берілді.

Облыс және аудан орталықтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұ­рылым құрылыс жұмыстары жалғасты. Бұл мақсаттарға  республикалық және облыстық бюджеттерден 4,0 млрд теңге  бөлініп, 164 шақырым инженерлік желілер салынды.

Облыс орталығындағы апаттық тұрғын үй мәселесі шешілді.

ЭКОНОМИКАНЫҢ ИНДУСТРИЯЛАНУЫ

2017 жылы облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 773,2 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 4,3%-ға төмен. Бұл кен орындарының табиғи сарқылу салдарынан мұнай өнімі көлемінің азаюымен байланысты. 2017 жылы барлығы 6,8 млн тонна мұнай өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 855 мың тоннаға төмен.

Осыған байланысты, 2017 жылға маңызды міндет ретінде  аймақ экономикасының құрылымын өзгертуге бағытталған, бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістердің дамуына аса мән беретін өңдеуші сектордың қарқынды дамуы айқындалды.

Бұл ретте, өңірдің мұнай және уран өндірісіне тәуелділігін ескере отырып, минералды шикізат базасын одан әрі дамыту және жаңа кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Облыстың минералды шикізат әлеуетін дамыту мақсатында 2017 жылы 17 жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалану құқығы табысталды, оның ішінде: барлауға – 10, өндіруге – 7.

Келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 20 қосымша келісімге қол қойылды. Осылайша, «Аралтұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру көлемін 2018 жылы 25%-ға, ал 2019 жылдан бастап 2 есеге, «KazChinnur» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қиыршық тас өндірісі көлемін 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Орталық уәкілетті органдармен жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акцио­нерлік қоғамына «Құмкөл», «Майбұлақ» және «Арысқұм» кен орындарындағы көмірсутекті шикізатты жер қойнауын пайдалануға арналған 3 келісім шарттың мерзімі ұзартылды, сонымен қатар «Қарабұлақ» кен орнында көмірсутекті шикізатты өндіруге жаңа келісім-шарт жасалды.

«Кристалл Менеджмент» акционерлік қоғамы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнай жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, оған 8,5 млрд теңге инвестиция салынды. Геологиялық барлау жұмыстары 2018 жылы да жалғасатын болады.

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында жалпы құны 610 млрд. теңгені құрайтын, 6,3 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған 25 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

Кәсіпкерлікті қолдаудың Өңірлік картасы аясында 2017 жылы Арал ауданында жалпы құны 280 млн теңгені құрайтын 2 жоба – қаптама кірпіш және асфальтбетон зауыты іске қосылды және 62 жаңа жұмыс орны құрылды.

Облыстағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Шыны зауытына шыны өндіру саласында тәжірибесі мол қытайлық «Чайна Триумф» компаниясының жаңа мердігер ретінде тартылуы нәтижесінде құрылыс жұмыстары қайта жаңғырды. Шыны саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы жобаның ІІ кезеңін – аса жұқа және мөлдір шыны өндіру зауытының құрылысы жобасын ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай зауыт Қазақстандағы және ТМД елдерінің аумағындағы жалғыз зауыт болады.

«Баласауысқандық» ванадий кен орнынан 128,5 тонна метаванадат аммоний Ұлыбританияға экспортталды.

Тек соңғы жылдың өзінде Индустрияландыру картасындағы жобалармен экспортқа шығарылған өнім көлемі 28%-ға, 2017 жылдың 11 айындағы шикізаттық емес экспорт көлемінің құндық өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,9%-ға ұлғайды.

«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру және тампонажды цемент зауытының құрылыс жұмыстары жалғасып, 2017 жылы бұл жобалар бойынша 22 млрд. теңгеден астам инвестиция салынды.

Сонымен қатар, Арал қаласындағы кальцийлендірілген сода өндірісі зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру үшін қытайлық «Хайси Дэшен» трансұлттық компаниясы тартылды, біріккен кәсіпорын құрылды. 2018 жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2017 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 109,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары.

2017 жылы облысқа 241,5 млрд теңге инвестиция тартылса,  оның ішінде 22,6 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі.

2017 жылы өңірге инвестициялар тарту мақсатында 13 роуд-шоу ұйымдастырылды, оның ішінде шет елдерге 5 жұмыс сапары (Иран, Өзбекстан*2, Жапония, Ресей) және шетелдерден (Иран, Жапония, Түркия, Нидерланды, Швеция, Финляндия, Татарстан және 12 елдің дипломатиялық корпусы) 8 іссапар болды.

Қол қойылған меморандумдардың нәтижесінде қазіргі уақытта Түркияның «Yuldiz SSS» компаниясымен бірлесіп 2 жобаны жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде, олар «Қуаттылығы 138 МВт газ поршеньді электр станциясы құрылысы» және «Керамикалық өнім шығаратын зауыт құрылысы» жобалары.

Сонымен бірге, Иран Ислам Республикасымен ынты­мақтастық туралы  8 меморандумға қол қойылып, нәти­же­сінде Иранға ет, күріш өнімдерін экспорттау жолға қойылды.

Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында 2017 жылдың маусым айында «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» тақырыбында ІІ Халықаралық интернет-форум өткізілді. Оған Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты 9 елден 20 халықаралық компания өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында кезекті IX «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өтті. Форумға Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Польша және Оңтүстік Корея елдерінен өкілдер қатысып, нәтижесінде өзара қарым қатынас туралы 23 меморандум мен келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, түркиялық тараппен - 2, Өзбекстан – 3, Қытай – 3, Иран – 2, Польша – 1, Ресей – 3.

2017 жылы инвестициялық преференциялар алу мақ­сатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен салық және баж салығынан босатылатын, шетелдік жұмыс күшін тартуды қарастыратын 3 жаңа инвестициялық келісімге («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «ҚазАгроМир» ЖШС, «Балауса процессинг компани» ЖШС) және 1 қосымша келісімге («Orda glass ltd») қол қойылды.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай «Жол картасы» әзірленді.

Аталған «Жол картасының» басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражаттарды ауылдық елді-мекендердің азаматтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Өңірлік бірыңғай «Жол картаға» сәйкес дамымаған салаларды дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қала және ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлік субъектілері үшін 18 типтік бизнес-жоспарлар (шаштараз, ­нау­байхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.

Сонымен қоса, аталған «Жол картасында» мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қадамдық іс-әрекеті мен мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдері жасалынды.

Тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы барлық мәліметтер облыс әкімдігінің  Ахуалдық орталығы дерекқорына тұрақты түрде енгізіліп отырады. «Жол картасын» іске асыруды бастағаннан бері облыста 5 152 жеке кәсіпкер, 163 шаруа қожалығы және 471 заңды тұлға құрылды.

Кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша рұқсатнама құжаттарын беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады.

2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 2 439 қызмет, оның ішінде 1 661 кеңесшілік қызмет, 778 рұқсатнама құжаттары және техникалық шарттарын алу мен жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызметтер көрсетілген.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,6 млн теңге бағытталды.

Несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 174 жоба несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 539,6 млн теңге, сондай-ақ жалпы құны 650 млн теңге болатын мемлекеттік ішінара кепілдендіру бойынша 64 жоба қолдау мақұлданды.

Жалпы құны 110 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар беру бойынша ауылдық елді-мекендер мен ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 114 жобасы мақұлданды.

2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн теңге және «Даму» қорымен 700 млн теңге қаражат бөлініп, 4 екінші деңгейлі банкке отырғызылды («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Фортебанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФ банк» АҚ).Отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі. Жалпы құны 1178,9 млн теңге болатын 48 жоба мақұлданды.

ТУРИЗМ

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында «Ақпараттық ресурстық орталық» ашылды.

Аталған Орталықпен 30 іс-шара өткізілді, әлеуметтік желіде ресурстық орталықтың арнайы парақшалары ашылып, онда «ЭКСПО-2017» аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар жарияланды.

Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалып (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында көрсетілді, «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені туралы мақалалар жарияланды.

«ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде «Этно-ауыл» жобасы ұйымдастырылды, оның аумағында ұлттық киіз үйлер, қолөнер шеберлерінің көрмесі және ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Этноауыл ашылғаннан бері 13 000 турис пен қонақ келді, олардың ішінде Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзербайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда, Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия елдерінен келген шетелдік туристер болды.

Жалпы «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде облыстан 75 000 адам барады деп жоспарланған, нақты 99 мыңнан астам адам барды.

Жол бойы сервистік нысандарын дамыту мақсатында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы кешендері құрылысын салу үшін 41 жер аумағы белгіленіп, оның 20-сы пайдалануға берілді, 675 тұрақты жұмыс орны құрылды. Қалған 21 нысанды 2018-2019 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда.

АГРОӨНЕРКӘСІП 

КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ

2017 жылы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі басымдықтары ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жолымен азық-түлік тауарларының экспортын ұлғайту бойынша шаралар болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2017 жылы 86,1 млрд теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 52,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді (өсім 5,7%), мал шаруашылығының өнімі 32,8 млрд теңгеге (өсім 2,0%) өндірілді.

Өсімдік шаруашылығы

2017 жылы жалпы егіс көлемі 181,1 мың га жерді құрады (2016 жылы 169,3 мың га).

Әртараптандыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының егіс көлемі 4381 гектарға көбейді, оның ішінде өткен жылғы жоңышқа 2314 га, күздік бидай 903 га, арпа 192 га, дәндік жүгері 156 га, майлы дақылдар 816 га.

Есепті жылы 514 917 тоннадан астам астық жиналды, атап айтқанда, 9276 тонна бидай, 207 тонна арпа, 1 827 тонна дән жүгері, 103 тонна сұлы және 979 тонна тары.

2016 жылмен салыстырғанда бидай 830 тонна, сұлы 78 тонна артық жиналды.  

Жалпы, бидайдың өнімділігі 2,8 центнерге (18,1 ц/га), сұлы 8,5 центнерге (9,7 ц/га), тары 2,0 центнерге (25,2 ц/га) артты.

500 мың тоннадан аса күріш салысы жиналып, өнімділігі гектарына 55,3 центнерді құрады, гектарына 7,7 центнер өнімділікпен 5255 тонна майлы дақылдар жиналды.

Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту және экспорттық әлеуетін арттыру бойынша міндеттерді орындау шеңберінде 2017 жылы Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Украина, Ауғанстан, Беларусь және Моңғолияға 75,0 мың тонна күріш экспортталды.

Сонымен қатар, Ресейге 6012 тонна бақша дақылдары (4852,5 тонна қарбыз, 1159,5 тонна қауын) және 188 тонна көкөніс экспортталды. 

Жалпы 2017 жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 37%-ға артты.

Өсімдік шаруашылығы саласында 1,2 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Сырдария («Абай-Дәулет» ЖШС) және Қармақшы аудандарында 2 күріш өңдеу зауыты («Ақтөбе» ЖШС), Жаңақорған ауданында тамшылатып суару әдісімен томат өндіру жобасы («ТатуАгро» ШҚ 200 га).

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің даму қарқыны байқалады.

2017 жылы ет өндіру (тірілей салмақта) 2,6%-ға, сүт өндіру 1,3%-ға, жүн 6,3%-ға, жұмыртқа өндіру 18,1%-ға артты. Мүйізді ірі қара саны 7,3%-ға, қой 1%-ға, жылқы 8,0%-ға, түйе 9,3%-ға, құс 28,8%-ға көбейді.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2017 жылы 70 шаруашылық 2507 бас сиыр, 119 бас бұқа сатып алып, жоспар 119,4% орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 11 шаруашылық 1633 бас қой, 167 бас қошқар сатып алып, жоспар 163,3% орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 673 бас жылқы және 56 бас айғыр сатып алынып, жоспар 134,6% орындалды.  

Облыс тұрғындарын ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы «Қызылорда қаласында мал сою пункті және мал бордақылау алаңын салу», «Жаңақорған ауданында асылтұқымды репродуктор шаруашылық құру» жобалары жүзеге асырылды.

«Сырдария ауданында мал бордақылау алаңын, мал сою пунктін және ет комбинатын салу», «Жалағаш ауданында ет комбинатын және асылтұқымды репродуктор шаруашылық құру», «Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу» және «Жаңақорған ауданында мал сою пункті мен асыл тұқымды репродуктор құру» бойынша 4 жобаны жүзеге асыру басталды.

2017 жылы Иран Ислам Республикасына 812 бас қозы, Моңғолияға 300 бас қозы және Біріккен Араб Әмірлігіне 1132 бас қой экспортталды. 

Ауыл шаруашылығы кооперациясы

Қызылорда облысында 3219 жеке шаруашылықтардың бірігуімен 249 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде 84 кооператив 2304 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен құрылып, барлығы құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді.

2016-2017 жылдар аралығында құрылған 42 кооператив 3 459,3 млн. теңге қаржыға 16133 бас мүйізді ірі қара, 3928 бас сиыр, 550 бас уақ мал, 56 бас жылқы, 3000 бас құс, 2 модульді мал сою бекетін, 1 модульді сүт қабылдау бекетін, 1 сүт тасымалдау көлігін, 2 рефрижератор және 2 мал азығын дайындау цехын сатып алуға қол жеткізді.

2017 жылы облыста 1125 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 45 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, барлығы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Оның ішінде, 20-дан астам жеке секторлардың бірігуімен 41 кооператив құрылды.

Нәтижесінде бүгінгі күні 801 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылып, 16133 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға кірісті. Сонымен қатар 3928 бас сиыр сатып алынып, 385 шағын отбасылық сүт фермасы құрылды.

Бүгінгі күні кооперативтер 342,45 тонна ет, 133,3 тонна сүт, 3 тонна құс етін, 382 тонна бақша өнімін өндірді және Ресейге 73 тонна бақша өнімін экспорттады. 

Азық-түлік қауіпсіздігі

Азық-түлік тауарларын тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың желтоқсан айын 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 106,6% құрады. Бағалардың өсімі шикі сүт 6,2%, жылқы еті 4,2%, консервіленген сүт 3,3%, қышқыл сүт өнімдері 2,0%, жарма өнімдері 1,4% өскені байқалды. 

Азық-түлік өнімдері бағаларының өсіміне жол бермеу шараларының бірі жылыжай шаруашылығын дамыту болып табылады. Осы орайда Қызылорда қаласында 5 гектар аумаққа 120 жылыжайды орналастыру қарастырылып, оның 50 жылыжайы нақты іске қосылды.

Жаңақорған ауданында «ТатуАгро» шаруа қожалығы 200 гектарға тамшылатып суару әдісімен томат өсіруді ұйымдастырып, гектарына 190 центнер өнімділікпен 3895 тонна өнім өндірді.

Аймақтық Тұрақтандыру қорымен нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда қорда 2494 тонна азық-түлік өнімі бар, олар 20 әлеуметтік дүкен арқылы нарық бағасынан 10-20% төмен бағада сатылуда. 

2017 жылы 93 ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өткізіліп, барлығы 883 млн теңгеге 5440 тонна өнім сатылды.

Ветеринария

Жыл сайын жүргізіліп отырған ветеринариялық профилактикалық шаралар, өңірде эпизоотиялық тұрақты жағдайды қамтамасыз етуде. 

14 аса қауіпті аурулардың алдын алу шаралары бойынша 2017 жылы профилактикалық жұмыстар толық көлемде жүргізілді.

Облыстың эпизоотикалық-топографикалық картасы жаңартылды.

 Қазалы ауданында облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 мал қорымы салынды, ал 2018 жылы облыс бойынша 19 мал қорымын салу көзделуде.

2017 жылы 117 қолайсыз деп танылған елді мекенде Конго-Қырым безгегі ауруына қарсы тиісті шаралар толық атқарылды. 2018 жылы эпидемиологиялық маусымды 127 елді мекенде жұмыстар жүргізілетін болады.

2017 жылы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның шешімімен Қызылорда облысы аусыл ауруы бойынша буферлік аймақтан шығарылды.

 Экология және мелиорация

Облыстағы 238 мың га суармалы жердің 179 мың га инженерлік жүйеге келтірілген, 60 мың гектары пайдаланылмайды.

Облыста 188 мың га болатын суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 3 жоба әзірленді. Оның ішінде:

- ПУИД-2 жобасы бойынша 15 мың га;

- ПУИД-3 жобасы бойынша 144 мың га;

- 29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы.

2017 жылы облыстық бюджеттен ПУИД-2 және 29 мың га суармалы жерді айналымға қосу жобалары бойынша су шаруашылығы нысандарының құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Су шаруашылығы нысандарының құжаттарын әзірлеу 2018 жылы ПУИД-3 жобасы бойынша жалғасатын болады.

Жалпы аталған 3 (үш) жоба іске асырылған жағдайда, суармалы жерлердегі 11,8 мың шақырым су жүйелері (пуид-2 – 913  км, пуид-3 – 8,2 мың км,  29 мың га – 2,7 мың км) және 12,1 мың шақырым қашыртқы-дренаж жүйелері (пуид-2 –1,8км, пуид-3 – 8,4 мың км,  29 мың га – 1,9 мың км) және олардың бойындағы 64 мың дана гидротехникалық құрылыс жөнделетін болады.     

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

2017 жылы 7 канал тазаланып (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол» каналы) және өздігінен аяқсу бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғылары алынды.

Балық шаруашылығы

Соңғы жылдары өңірде балық шаруашылығы саласы қарқынды дамуда.

Кіші Арал теңізінің қалпына келуі балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасады. 2017 жылы балық аулау көлемі  8,7 мың тоннаға дейін жетіп, оның ауқымды бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде.

2017 жылы облыс аумағынан барлығы 3410 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Ресей Федерациясына 2171,6 тонна, Европа елдеріне (Дания, Германия, Польша, Голландия) – 910,2 тонна, ТМД елдеріне (Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан) – 268,7 тонна және Қытай Халық Республикасына  60 тонна экспортқа шығарылған.

Үш кәсіпорын өнімдерін Евроодақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод» эскпорттаушының тіркеу нөмірін алған («СПК Қызылорда Балық» ЖШС, ЖК «Игликов», «Арал СДО» ЖШС).

Бүгінгі күні, 10 шаруашылыққа тауарлы балық өсіру шаруашылығы статусы берілді. Негізінен кәсіпорындарда тұқы тектес және өсімдік қоректі балықтар өсірілуде.

Қазалы ауданында «Мариям-Ақкөл», Қармақшы ауданында «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-көлдей» көлдерін сумен қамтамасыз етілуі мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы 30 маусым - 1 шілде күндері Арал ауданында Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының халықаралық үшінші слеті өтті.

Слетке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері, Дания мемлекеті мен республиканың басқа облыстарынан (Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)  делегациялар, сонымен бірге, балық шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері қатысты.

2017 жылғы 30-31 мамырда облыс әкімдігі Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен бірлесіп, Қызылорда қаласында бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумын ұйымдастырды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орта Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және тағы басқалары қатысты.

Форум барысында бірқатар өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

Төтенше жағдайлардың 

алдын алу және жою

 

Облыста елді мекендерді және ауыл шаруашылығы алқаптарын су басу қауіпінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. 2017 жылы «Су басу қатерінің алдын алу және жоюдың 2017-2020 жылдарға арналған кешенді шаралары туралы» Жол картасы қабылданды.

Жол картасы аясында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайтын 95 нысанға жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2017 жылғы су тасқыны қатерін жою мақсатында зақымдалған көпірге және «Жалағаш-Жосалы» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасын бастап, жалпы 8,8 шақырымның 1,4 шақырымына қорғаныс бөгеті салынды.

Жер ресурстары

2017 жылы түгендеу жұмыстары жалпы көлемі 3327,9 мың гектарды құрайтын 80746 жер учаскесінде жүргізілді. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7581 учаскесі 2938,2 мың га, елді мекен жерлері 73165 учаске 689,7 мың га.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу шаралары жүргізілді. 2017 жылы 80,0 мың га жерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, 81,3 мың гектар айналымға қосылды.

Соңғы 5 жылда түгендеу жұмыстары үш рет (2011, 2012-2014, 2017) жүргізіліп, нәтижесінде 311,2 мың га жерлер пайдаланылмай отырғандығы анықталды.

Оның 272,8 мың га (88 %) шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылды, 35,6 мың га қайта пайдалануға кіріскен, 1 мың га жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде тіркелген,  қалған 1,8 мың га жерге тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Елді мекен шекараларын белгілеу бойынша 42 елді мекеннің шекарасын өзгерту (кеңейту) жұмыстарына жобалар әзірленіп, қайта бекітілді (Қызылорда қаласы, 7 аудан орталықтары және 34 елді мекендер).

2017 жылы 4 ауданның 29 елді мекеніне шекарасын белгілеу жөнінде жерге орналастыру жобалары әзірленіп, бекітілді (Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Арал.)                     

«Байқоңыр» кешенін пайдалану мақсатында Ресей Федерациясының уақытша пайдаланымында 650,2 мың га жер учаскесі бар (оның ішінде Байқоңыр қаласының әкімшілігінде 5,5 мың га, «Роскосмос» мемкорпорациясында 644,7 мың га жер). 2015-2017 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ресей Федерациясынан жалға алған жерлерінен жалпы көлемі 11,6 мың гектары қайтарылды.  Сонымен қатар, жалға алған жерлерден қосымша 3459 гектарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ

Мектепке дейінгі білім беру 

мен тәрбие

Облыста 60597 бала саны бар 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі жаңа құрылыс, балабақша ғимараттарының кері қайтару және жекеменшік балабақшалардың ашылуы есебінен артуда.

2012-2017 жылдар  аралығында  республикалық бюджеттен 2520 орындық 9 балабақша, облыстық  бюджеттен 1270 орындық 13 балабақша салынып, пайдалануға берілді.

Балабақшалар ғимараттарын кері қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаңақорған ауданының Байкенже және Жаңарық ауылдарындағы 50 орындық,  Қызылорда қаласының Талсуат кентіндегі 90 орындық, Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық, барлығы 470 орындық 5 балабақша ғимараты қайтарылып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында, аудан орталықтарында және елді мекендерде  жекеменшік балабақшалар  ашылуда.  Қызылорда қаласында – 204, Жаңақорған ауданында – 76,  Шиелі ауданында – 64, Жалағаш ауданында – 14,  Арал ауданында – 13,  Қазалы ауданында – 11, Қармақшы ауданында – 8,  Сырдария ауданында – 4 жекеменшік  балабақша жұмыс жасауда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жалағаш ауданының Таң ауылында 90 орындық жеке балабақша ашылып, жұмыс жасауда.

2017 жылы 9 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 180 орындық 2 балабақша («Айгөлек» және  «Ертөстік» ) пайдалануға берілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 62,4%-ды құрады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% болды.

Жалпы орта білім беру

Облыста 147 585 оқушы санымен 293 жалпы білім беретін күндізгі мектептер жұмыс жасайды.

2017 жылы 23 мектептің құрылысы жүргізілді, оның 1630  орындық 15 мектеп пайдалануға берілді, олардың ішінде 13 мектеп апаттық мектептердің орнына салынған. Осылайша бүгінгі күні облыста апаттық мектептердің мәселесі толығымен шешілген.

2017 жылдың маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге  мектеп  бітірген 6196 түлектің 4123-і қатысты. Бес пән бойынша орташа балл 82,4  құрады. Нәтижесінде 3999 мектеп бітіруші немесе бітірушілердің 97 пайызы колледждер мен университеттерге түсті.

Оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде: 2, 5, 7 сыныптарда оқитын 46 345 оқушыға жаңа оқулықтар сатып алуға 1,1 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Облыстың жалпы білім беру мектептері пәндік кабинеттермен қамтылды, оның ішінде 100 физика кабинеті, 100 химия кабинеті және 112 биология кабинеті. Барлық мектептер интерактивті тақталармен жабдықталған. Қазіргі таңда 1 компьютерге 10 оқушыдан келіп отыр.

Кең жолақты интернет желісімен облыстағы 293 мектептің 207-і қамтамасыз етіліп, бұл 70,6 пайызды құрады.

2012 жылы электрондық оқыту жүйесіне 25 жалпы білім беру ұйымы мен 5 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қосылса, 2013 жылы 22 жалпы білім беру ұйымы қосылды. 2016 жылдың қазан-қараша айларында облыстың

125 білім беру ұйымында «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, 166 білім беру ұйымы «BilimLand» білім беру платформасына қосылды. 2017 жылы аймақтың барлық мектебі интерактивті білім беретін контентке қосылды.

Барлық 293 жалпы білім беретін мектептер білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда.

2017 жылы 1-10 сынып аралығындағы 128,9 мың оқушыға (2016 жыл – 124,9 мың) немесе 95 пайызы (2016 жыл – 93,9 пайыз) жазғы тынығу және сауықтырумен  қамтылды.

Облыс бойынша балалар демалысының 9 орталығы мен лагерьлері жұмыс жасайды, оның ішінде 8-і мемлекеттік болса, олардың 6-ы жыл бойы жұмыс жасайды.

2017  жылдың  10  маусым  10  қыркүйегі  аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған қөрмесіне 12-16 жастағы (6-10 сынып оқушылары)  3,2 мың балалар жіберілді. Аталмыш шара шеңберінде облыстағы 5 мың оқушы мен 390 колледж студенті «Қорқыт-ата» мемориалды-туристік кешенінде орналасқан Қармақшы ауданындағы этноауылмен танысып қайтты.

Педагогикалық кызметкерлердің біліктілігін арттыруына ерекше назар аударылуда. 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша біліктілік арттыру курстарынан 7610 педагогикалық қызметкер өтті (2016 жыл – 5842).

Жоғары және бірінші санатты педагогикалық қызметкерлердің үлесі жалпы педагог санынан 49,1 пайызды (2016 жыл – 44,6 пайыз) құрады. 

Техникалық-кәсіптік білім беру

Облыс бойынша 30 техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме жұмыс жасайды (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік), онда 97 мамандық пен 167 біліктілікпен 22480 студент білім алуда.

2017 жылдан бастап жастарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы басталды (жұмысшы мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын бөлінді).

Дуальды оқыту технологиясына негізделген кәсіптік білім беру саласында 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда.

2017-2018 оқу жылынан бастап, 25 техникалық және кәсіптік білім оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.

3 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны халықаралық институционалды аккредитациядан өтті (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі).

Сонымен қатар, 3 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны жоғары колледж статусын иеленді (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі).

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 240 инженер-педагогі мен 11 директоры және 14 арнаулы пән мұғалімдері республикамызда және шетелдерде біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін дәстүрге айналған «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы ұйымдастырылып, өткізілді.

Денсаулық сақтау

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, халықтың денсаулығын нығайтып, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа дейін ұзартуды көздейтін Аймақтық іс-шаралар жоспары бекітілді. Аймақтық іс-шаралар жоспары денсаулық сақтау саласының жұмысын бағалайтын 36 индикаторларға жетуді көздейтін 200-ден астам шарадан құралады.

2017 жылы медициналық көмектің барлық кезеңдерінде сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтің интеграцияланған моделін жүйелі ұйымдастыру бағытында жоспарлы жұмыс жасалынды.

Демографияға елеулі әсер ететін және барлық өлім-жітімнің 52 пайызын анықтайтын аурудың 5 тобы бойынша аталған модельді ендіруде 2016-2020 жылдарға арналған 5 «Жол картасы» әзірленді (Қызылорда облысындағы жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологияларында, жіті миокард инфарктінде, ми-қан айналымның жіті бұзылысында, қатерлі ісіктер, жарақаттану, улану және оқыс оқиға жағдайларында, медициналық қызметтің интеграцияланған моделін ендіру бойынша Жол картасы).

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2017 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші 14,5% төмендеді

(1000 адамға шаққанда 2016 жылы 5,86-дан 2017 жылы 5,0-ге дейін);

нәресте өлімі 17,3% төмендеді (тірі туған 1000 нәрестеге шаққандағы өлім көрсеткіші – 2016 жылы 10,4-тен 2017 жылы 8,6 дейін);

ана өлімі 2017 жылы тіркелмеген, 100 % төмендеді (2016 жылы 1 жағдай – 100 мың тірі туғандардың 5,4-і);

қатерлі ісік ауруының өлім көрсеткіші 5,3% төмендеді (100 мың адамға шаққанда 2016 жылы 74,5-тен 2017 жылы 70,5-ке дейін);

қан айналым жүйесі ауруының өлім көрсеткіші 2,3% төмендеді (2016 жылы 104,8-ден 2017 жылы 102,4-ке дейін);

туберкулез ауруының өлім көрсеткіші 5,8 % төмендеді (2016 жылы 3,4-тен 2017 жылы 3,2-ке дейін).

Қажетті мамандарға жазылу немесе интернет және телефон арқылы үйге дәрігер шақыртуға, навигация жүйелерін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылды, Call-center қызметі кеңейтілді.

Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары бекітілді.

Қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында 2016 - 2017 жылдары бөлінген облыс әкімінің грантына 22 үміткер түсті.

34 қажетті мамандықтар бойынша 1006 дәрігер, 1855 орта буын медициналық мамандар қайта даярлау курсынан қайта оқытылып, біліктілігін арттырды.

 143 жас маман облыстағы медицина ұйымдарына жұмысқа қабылданып, оның 82-сі ауылдық жерлерге жұмысқа орналас­тырылды.

2017 жылы облыстық медицина орталығы базасында қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған көмек көрсететін «Диабет орталығы» ашылды.

Жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, мәліметтерді жөнелтудің барлық жүйесіне автоматтандырған ақпараттық бағдарламалар енгізіліп, нәтижесінде ауруханаға дейінгі өлім 8 пайызға төмендеді. 

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды ерте бастан анықтау және көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында 72 мамандандырылған кабинет ашылып, осылайша профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 87,5 пайыздан 100 пайызға жетті, мамандармен қамтылу көрсеткіші 79,1 пайыздан 86,1 пайызға артты. Аудандардағы аталған категориядағы науқастардың наркотикті анальгетиктерге қолжетімділігі мәселесі де шешілген.

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында паллиативтік бөлімше (хоспис) 15-тен 30 төсекке дейін кеңейтіліп және 7 аудандық ауруханада арнайы 5 төсек-орыннан бөлінді.

Жоғары мамандандырылған көмек көрсету аясының кеңеюіне орай республикалық бюджеттен қосымша 911,3 млн теңге қаржы бөлініп, ота жасау саны артты.

Жүктілік кезеңінде асқынуды төмендету, жүктілікті ерте анықтау (12 аптаға дейін) және есепке алу жұмыстары белсенді жүргізілді. Нәтижесінде ерте есепке алу көрсеткіші 86 пайыздан 90,2 пайызға дейін, ал терапевтке алғаш қаралу көрсеткіші 98,7 пайызға жетті.

Оперативті техниканы меңгерген мамандар санын ұлғайту, стационар дәрігерлер арасында 1 деңгейді арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Ота жасайтын акушер-гинекологтардың үлес салмағы 60 пайыздан  71 пайызға артты.

Перинаталдық орталық жанынан жүкті әйелдерді тіркеу, олардың қауіп тобына байланысты тиісті бағытын анықтап отыруға күнделікті мониторинг жүргізетін ұйымдастыру стастикалық бөлім ашылды.

2017 жылы облыстық балалар ауруханасында хирургиялық бөлімше ашылып, 1980 ота жасалды. Сонымен қатар, 6 төсек орынды неонаталды хирургия бөлімі ашылды.

Алыс қашықтықта орналасқан елді мекендердегі тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында транспорттық медицина жұмысы ұйымдастырылды. 2017 жылы 62 елді мекенге жылжымалы медициналық кешендер шығып, 39255 адам қамтылды, оның скринингпен қамтылғаны 66 пайыз. Нәтижесінде 7923 науқас анықталып, оның 6193-і сауықтырылды.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту концепциясына сәйкес, облыстың денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілді, облыстағы медициналық ұйымдарда 22 республикалық ақпараттық медициналық жүйе жұмыс жасауда. Сонымен қатар, электронды денсаулық сақтауды дамытуға (КМИС, Жетісу, Көмек) локалды ақпараттық жүйелер енгізіліп жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда локалды медициналық ақпараттық жүйелер облыстағы медицина ұйымдарының 95 пайызына енгізілген. 2017 жылы 1614 бірлік компьютерлік  техника алынып, компьютерлік техникамен жабдықталу көрсеткіші  80% құрады.

Медициналық ұйымдардың материалды-техникалық базасын жақсарту үшін соңғы 5 жыл ішінде 6 279,7 млн теңгенің медициналық құрал-жадбықтары алынған. Нәтижесінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтармен  жарақтандыру көрсеткіші 32,2 пайызға өсіп, 2017 жылы 76,5 пайызды құрады.

Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі 150 орынға арналған орталық аудандық ауруханасының құрылысы аяқталды.

Арал ауданының Арал қаласындағы 150 орынға арналған орталық аудандық аурухананың құрылысы басталды.

Қармақшы ауданындағы  орталық  аудандық ауруханасының кәріз жүйелерін қайта жаңғырту және  су айдау мұнарасын  монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі 150 орынға арналған орталық аудандық аурухана және Жөлек елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысының мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі және Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекеніндегі ауылдық ауруханалар ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығының ғимаратына және облыстық перинаталдық орталығының перзентхана үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық ұйымдарды арнайы және мамандандырылған санитарлық авто көліктермен қамтамасыз ету мақсатында 23 дана автокөлік сатып алынды.

Мәдениет және архив саласы

2017 жылы Қазалы ауданындағы Жалаңтөс елді мекенінде ауылдық клуб құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп, Шиелі ауданының Шиелі кентінде аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды.

6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ғимараты, Жалағаш аудандық архиві,  Сырдария ауданының Жетікөл елді мекеніндегі ауылдық клубы және  Шиелі ауданының  Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйі).

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету  мақсатында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ, дыбыс жазу студиясы ашылып, бүгінгі күні 14 баспа әдебиет дыбыстандырылып жазылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін дәстүрлі «Жүрек жылуы» өнер байқауы өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы  аясында Сығанақ, Жанкент, Шірік-рабат, Сортөбе, Жент қалашықтары мен Керделі мавзолейінде археологиялық зерттеулер жүргізілді. Одан табылған жәдігерлер облыстық мұрағат қорына берілетін болады.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар (ескерткіштер) анықталды. Облыс бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы қасиетті орындар тізіміне енгізілді. Жұмыстар нәтижесінде «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» және «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті  нысандары» кітаптары шықты. 

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілді.

2017 жылы облыс бойынша 20 облыстық, 3 аймақтық, 5 республикалық,  2 халықаралық деңгейдегі конкурстар, фестивальдар мен ақындар айтысы ұйымдастырылды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда  облысының мәдениет күндері өтті. Атаулы күндер аясында облысымыздағы өнер ұжымдарының концерттері мен қойылымдары, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде аймақтағы қолөнер шеберлерінің «Сыр шежіресі» атты көрмесі  ұйымдастырылды. 

Таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Әзербайжан республикасында Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері ұйымдастырылды. Баку және Шеки қалалары тұрғындарына шығармашылық ұйымдардың концерттері және облыстық театрдың қойылымдары ұсынылды.

Халыққа қажетті ақпараттардың қолжетімділігін арттыру, жетілдіру және    ақпараттық жүйелерін қалыптастыру мақсатында «Электронды кітапхана» жүйесінің электрондық ақпараттық  ресурстарын пайдалану арқылы  облыстық кітапхана қорларындағы  құнды басылымдарды (кітаптар, газеттер) цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында 4590 кітап цифрлық форматқа көшірілді.

Ауыл тұрғындарына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында облыста компьютермен жабдықталған, интернет желісіне қосылған 47 модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасауда.

Спорт

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.

2017 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға ұлғайып, 211 271 адамға жетті. 9 спорт кешені пайдалануға берілді, 138 елді мекенге 282 спорт нұсқаушысы тартылды.

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1571 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысқан облыс спортшылары 204 алтын, 248 күміс және 345 қола медаль иеленген болса, Азия және әлем чемпионаттарынан 28 алтын, 27 күміс, 37 қола медаль алды.

2 – Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi, 6 – ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 58 – ҚР спорт шебері, 899 ҚР спорт шеберіне үміткерлер мен  І разрядты спортшылар дайындалды.

«Қайсар» футбол клубы Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 6 орынды иеленді, маусымды «Байқоңыр» футбол клубы да сәтті аяқтап 5 орын алды.

Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева VІІІ қысқы Азия ойындарынан қола медаль иеленді.

Сондай-ақ,  шахматтан оқушылар арасында Әсел Серікбай  2 дүркін әлем чемпионы атанса, тоғызқұмалақтан Хәкімжан Елеусінов 3 дүркін әлем чемпионы атанды.

Бокстан Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, қазақ күресінен Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен ҚР VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыстың құрама командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.

Жастар саясаты

2017 жылы жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында, Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі «Жол картасы» 10 басым бағыт (31 нысаналы индикатор) бойынша іске асырылды.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 699,7 млн теңге қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді (республика бойынша 2 сатыда).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 117,8 млн теңгеге әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды (2016 жылы 18 әлеуметтік жобаға 80,9 млн теңге), олардың аясында 6 орталық пен 1 клуб қызметі, 2 ірі форматтағы шара және әр түрлі бағыттағы 7 әлеуметтік қызмет жұмыстары ұйымдастырылды, 400-ге жуық шара өткізіліп, 40 мыңға жуық жас қамтылған.

Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 25 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 32,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды (2016 жылы 26 әлеуметтік жобаға 53,3 млн теңге).

Жыл бойы 16 мыңға жуық жас мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана алды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешенінің 198 маманы бір жолғы көтерме жәрдемақы иемденді, 559 маманға тұрғын үй алуға немесе салуға жеңілдетілген несие берілді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үш бағыт бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 16-29 жас аралығында 10,2 мың жас қамтылды, олардан жастар тәжірибесіне 1,8 мың адам 694 мекеме мен кәсіпорындарға жолданды, соның ішінде 253-і тұрақты жұмысқа орналасты, «Бастау-Бизнес» жобасымен оқуға жолданған 353 жастың ішінде 161-не шағын несие берілді.

 «Болашақ» Халықаралық бағдарламасына барлығы 142 жас қатысқан. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша облыстан 25 адам шетелде оқуда және тағылымдамадан өтуде.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы іске асырылғаннан бастап Қызылорда облысынан 4 мыңнан аса жас жоғары және орта білім беру мекемелерінде білім алуда. Жобаға қатысушылардың 41 пайызы өңірдің үлесінде.

Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында Жастарға қызмет көрсету орталығы бой көтеруде, оның базасында жастардың бос уақыттарын ұйымдастыратын продюсерлік орталық, жаттығу залы, интернет-кітапхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлмелер, медициналық, психологиялық кеңес беру бөлмелері, шеберханалар, тіл оқыту орталығы, ІТ парк қарастырылып отыр.

2018 жылы орталық  қызметі «бір терезе» қағидатының талаптары негізінде, жастарға бір жерге коворкинг қызметтерін және барлық қолдауларды шоғырландыратын болады. 

2017 жылдан бастап мемлекеттік мекеме ретінде Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан жастар ресурстық орталықтары қызмет етуде

(9 – жастар ресурстық орталығы, 1 облыстық ЖРО-ның бөлімшесі Байқоңыр қаласында). Барлық қызметкерлердің саны 100 және ауылдық округтерде 149 қызметкер жастармен жұмыс атқаруда.

Ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп, орталық  қызметкерлерінің жастармен жұмыс жасауының жаңа моделі қалыптастырылып, орталықтардың директорлары мен мамандарының біліктіліктерін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Облыстың елді мекендерінде көгалдандыру және көркейту мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағына маусымдық жұмысқа 1035 сарбаз тартылды.  Сондай-ақ, 2016 жылмен салыстырғанда сарбаздардың еңбекақысы 1,5 есеге өсті.

«Жас құрылысшылар» еңбек жасағында 326 жас жұмыс жасап, оның ішінде 64 жас тұрақты жұмысқа орналасты. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында маусымдық кезеңде 40 тәлімгер жазғы тынығу лагерінде жұмыс жасады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Ескерту және қылмыстың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шара­лардың нәтижесінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың  саны  11,0 пайызға кеміді.

Ауыр қылмыстар – 6,8 пайызға, зорлау – 36,5 пайызға, тонау – 14,5 пайызға, ұрлық  15,0 пайызға төмендеді. Бұзақылық – 40,1 пайызға және алаяқтық 15,4 пайызға қысқарды.

Одан бөлек, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 20,8 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар  саны – 14,4 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 18,2 пайызға азайды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар (+16,8%, 58,5%-дан 75,3%-ға), тонау (+16,1%, 54,4%-дан 70,5%-ға) және бұзақылық (+10,9%, 53,8%-дан 64,7%-ға) жақсарды.

2017 жылы орын алған жол-көлік оқиғалары – 1,9 пайызға (365-тен 372-ге) көбейді, онда қаза болғандар саны 2,3 пайызға (90-нан 88-га) төмендеді, онда жарақат алғандар саны 1,5 пайызға (445-тен 452-ге) көбейді. Бұл жағдайдың ушығуына автокөліктер санының артуы қосымша себеп болып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында өңірімізде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, ұйымдастырушылық құжаттар әзірленіп қабылданды (Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша облыстық медиа-жоспар, Қызылорда облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралары, жобалары Жол картасы).

Бұл бағытта 79 жоба, 100 ірі көлемді шараны қамтитын 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») жүзеге асырылуда.

Өңірде 213 үкіметтік емес ұйым, 39 жастар ұйымы, 11 этномәдени орталық, 2 ғылыми-білім беру ұйымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.

Бағдарламаның қабылдануымен бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден 81 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 52 жоба  немесе 64,1 пайызы аймақтың үкіметтік емес секторының әлеуетін тарта отырып жүзеге асырылуда, сонымен қатар 651 ауқымды шара ұйымдастырылды.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін дамытуға және аймақтың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылған жобаны атап өтуге болады. «Қорқыт ата» мемориалды кешенінде «Этноауыл» жобасы жүзеге асырылып, онда 7 ұлттық киіз үйде қазақтың қолөнер бұйымдары және зергерлік бұйымдар ұсынылды. Этноауылға 37 мемлекеттен және басқа облыстардан 13 мыңнан астам турис пен қонақтар келді.

Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының секретариаты және этномәдени ұйымдарының қатысуымен «Ұлы дала елі тарихы» тарихи-тану экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне барды.

Жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және бағдарламаны іске асыруға жастарды кеңінен тарту мақсатында өңірімізде барлық деңгейдегі 9 жастар ресурстық орталығы базасында 61 жастар орталығы, жоғары оқу орындарының, орта және арнаулы оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі 33 комитеті, кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі 19 комитеті құрылып, олардың платформаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат, міндеті талқыланып, студент жастар мен оқушылар арасында шығармашылық байқаулар өткізіліп, түрлі жобалар әзірленуде.

 «Zhastar Camp Qyzylorda-2017» шеңберінде жастардың ой санасын жаңғыртудың кейбір аспектілері бойынша 1000 жас үшін 2017 жылдың  маусымында Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» демалыс лагері базасында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстарға өңірімізде 42 белсенді жастар ұйымы, 8 еріктілер және 39 жас спортшылар ұйымы жұмылдырылды. Жастар ұйымдары өңіріміздегі жоғары, арнаулы және орта оқу орындарымен бірлесіп 1136 іс-шара өткізді.

«Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыруға өңірдегі жоғары оқу орындарының және білім беру ұйымдарының оқытушылық құрамының 80%-ы жұмылдырылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Туған жер» бастамашыл топ және «Business Start» жобалық кеңсе құрылса, «Мәңгілік ел» ғылыми-практикалық орталық пен «Ақиқат» пікірталас клубы жұмыс жасауда.

«Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел және ұлттық дәстүр», «Жергілікті зерттеулер», «Мемлекеттік этносаясат негіздері», «Өркениеттің негіздері», «Мәдени мұра», «Рухани және адамгершілік тәрбие жүйесі», «Мәдениеттану», «Саясаттану және әлеуметтану» тақырыбындағы арнайы пәндер енгізіліп, тақырыптық кафедралар ашылды.

Облыстық және аудан орталықтарында 113 баннер, 28 көшелік жарнама, 3875 жарнамалық парақтар таратылып, көшелердегі LED экрандар жұмыс жасауда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу аясында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 7172 материал жарияланды. «Kyzylorda-news» интернет-ресурсында, облыс әкімінің порталында, облыстық, қалалық және аудандық басылымдарда мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, аймақтық басылымдарда «Рухани жаңғыру», «Статья Президента РК: резонанс», «Серпін», «Үн қосу», «Мезгіл мәселесі», «Пікір мен пайым» рубрикалары ашылды.

«Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналарында «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн», «Қазақстан – 2050: дамудың даңғыл жолы», «Алқа», «Туған өлкем», «Мәртебелі мамандық» телехабарлар циклында сюжеттер мен жұртшылық лебізі берілді.

2017 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» тақырыбында 14 видеоролик «Qyzylorda» телеарнасынан күн сайын көрсетілуде. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру», «project_office_ruhanizhangyru» парақшалары ашылды. Бұл блогплатформаларда Сыр елінің тарихи жерлері, аймақтың мәдени мұрасы және облыстың 100 жаңа есімі туралы ақпараттар суреттерімен қоса жарияланады.

Бағдарламаның ағымдағы орындалуы жайлы халықпен байланысты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің интернет-ресурсында облыс әкімінің блогы жұмыс жасайды, онда портал пайдаланушыларынан түскен ұсыныстар жинақталады. «Facebook» әлеуметтік желісінде «Рухани жаңғыру Қызылорда» парақшасы ашылып, онда өткізіліп жатқан шараларды кең жариялаумен қатар, ұсыныстар, бастамалық идеялар, пікірлер қабылданады.

Сонымен қатар, халықпен байланыс «Рухани жаңғыру» ақпараттық тобының халықпен кездесу барысында да қамтамасыз етілді. Топ құрамына мемлекеттік органдардың мамандарымен қатар шығармашылық және ғылыми интеллигенция, масс-медиа, мәдени-тарихи мұра мәселелері бойынша эксперттер тартылды. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері облыстың барлық елді мекендері, еңбек ұжымдары қамтылып, 264 түрлі форматтағы кездесу өтті.

«Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсе аясында азаматтарды қабылдау күнделікті жүргізілуде. Бұл қабылдаулар жөнінде хабарландырулар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бағалау мақсатында 2 айда бір рет  әлеуметтік сауалнама арқылы халықтың ақпараттандырылу деңгейі зерттеледі. Сауалнама нәтижесі барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2017 жылы облыста 37,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Экономиканың түрлі салаларында 13 105 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 11561 – тұрақты. Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 32 210 адам хабарласып, 17 034 адам жұмысқа орналасты немесе 52,9%.

Облыста 1283 жұмыс берушілердің қатысуымен 114 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде, 7 мың жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама алды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен барлық аудандарда және Қызылорда қаласында солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша халықпен кездесу өткізіліп, 2 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құрамында 132 адамы бар 32 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Жұмыскерлерді жаппай босатпау мақсатында барлық ірі және орта кәсіпорындармен жұмыскерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін, жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандумдарға қол қойылды.  2017 жылы 545 адам жұмыстан қысқартылса, оның 28-і тұрақты жұмысқа орналасты. Басқа қысқартылған азаматтармен жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдан бастап өнімді жұмыспен қамту арқылы кәсіпкерлік потенциалды дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске қосылды. Оны жүзеге асыруға 4,1 млрд теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде барлығы 30155 адам тартылды, оның ішінде 27810 адам жұмыссыз.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша даярлауға 1515 адам жолданды, 3625 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқудан өтті. Қысқа курстық оқуды аяқтаған 3486 адамның 759 адамы немесе 21% тұрақты жұмысқа орналасты.

Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып жұмыс берушілердің оқу орталықтарында  азаматтарды оқытуды бастады (оқу орталықтары). Осындай 14 оқу орталығында 857 адам оқып, оның 123-і жұмысқа орналасты. Бұл тәжірибе жұмыс берушіге өз талаптарына сәйкес мамандарды оқытуға мүмкіндік береді.    

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлікті жаппай дамыту» аясында   «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 937 адам оқытылып, оның 872-сі жобаларын қорғаса, 363-і шағын несие алды.  Жүзеге асырған жобалар аясында 635 жаңа жұмыс орны ашылды. Оқыту 5 пилоттық аймақтарда Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүргізілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен 23 357 адам қамтылды, соның ішінде 13 987 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2017 жылдың 3-тоқсанында) құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% -ға дейін төмендеді.

Әлеуметтік салада 2018 жылдан бастап жаңа реформалар енгізілуіне байланысты (атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту) ауыл аралау жұмыстары жүрігізілді. Нәтижесінде өзін-өзі қамтығандар мен жұмыссыздар саны  97 мыңнан асатындығы анықталды.

2018-2019 жылдарға арналған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша қабылданған Жол картасы аясында заңсыз жұмыспен қамтылғандарды ел экономикасына, сәйкесінше міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша белсенді жұмыстар басталды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 7 ауданда сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жоба отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ақшалай көмек төлеуге бағытталған. 2017 жылы осы жоба аясында 5165 азаматқа 150,9 млн теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 330 адамға азайса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебіндегі жұмысқа жарамдылардың үлесі 2,3 пайызға төмендеді (2016 жылы 29,0%-дан, 2017 жылы 26,7% -ға).

Әлеуметтік қорғау шаралары аясында 69 525 аз қамтылған азаматқа 1 645,3 млн теңгеге балалар жәрдемақысы және әлеуметтік көмек төленді.

Халықтың осал топтарынан шыққан 553 түлекке еліміздегі жоғары оқу орындарында өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім алуға   әлеуметтік көмек көрсетілді. Білім беру қызметіне ақы төлеу үшін жергілікті бюджеттен 264,0 млн теңге төленді. Жыл басынан Қызылорда қаласы мен аудандардың демеушілерінің, мекемелер мен ұйымдарының, сонымен қатар, кәсіпкерлерінің белсенді қатысуымен халықтың осал топтарынан шыққан азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген қайырымдылық акциялар аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам тұрмысы төмен отбасыға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға 168 млн теңгеден астам қаржының қайырымдылық көмегі көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында 10 мыңнан астам оқушыға 87,7 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан 40 оқушыға демеушілердің қолдауымен «Арай Санрайз» және «Талдысу» сауықтыру лагерьлеріне ақысыз жолдамалар беріліп, барлығы 1,7 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

2017 жылдың 25 қараша – 25 желтоқсан аралығында облыста «Сыр жомарты» қайырымдылық айлығы өтті. Оның аясында 3,5 мыңнан астам отбасы, оның ішінде 2 мың мүгедек жан азық-түліктей, ақшалай, тұрмыстық заттай, жалпы 42,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмек алды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып келесілер жүзеге асырылды:

-  «Сыр мейірімі» әлеуметтік жобасы аясында 908 жалғызбасты қарт, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 34,1 млн теңгеге 51 116 түскі ыстық тамақпен қамтылды;

- Қоғамдық келісімді нығайту жобасының аясында 250 тыл және еңбек ардагері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап, Астананың көркем жерлерімен танысты;

- Ерекше қажеттілігі бар 120 баланы иппотерапиямен оңалту қызметі жобасы. Қызмет алушы – Жақсылық Мөлдір ат спорты бойынша республикалық паралимпиада ойындарында 3 орынды иеленді.

Бүгінде облыста 29272 мүгедек бала бар.  Оның 2830-ы I топ, 11130-ы II топ, ал  10437-і III топ мүгедегі. Олардың 4875-і 18 жасқа дейінгілер.  

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасы аясындағы жұмыстар жалғастырылуда.

Сондай-ақ, мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 21 түрге дейін ұлғайтылды.

2017 жылы 13472 мүгедектердің жеке оңалту бағдарламалары әзірленіп, 16986-сы орындалды. Жұмыспен қамту органдары арқылы 631 мүгедек азамат еңбекпен қамтылып, оның 343-і тұрақты жұмысқа, 41 мүгедек азамат әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданса, 38-і жастар тәжірибесіне жіберіліп, 209-ы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар саны артып келеді. Бүгінде 5 үкіметтік емес ұйым 200 мүгедек баланы арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру Тұжырымдамасына сәйкес 2018 жылдан бастап үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес секторда күндіз болу бөлімшелеріне кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.

Жыл сайын өтетін «Қазақстандағы үздік әлеуметтік жоба» республикалық көрмесінде 2017 жылы «Ақжүрек» қоғамдық ұйымы ұсынған мүгедек азаматтар жобасы үздік болып танылды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» сәйкес әрбір мүгедек ғаламтор арқылы онлайн режимде барлық түгенделген және бейімделген объектілер туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі күнге жоспарланған 2326 нысанның порталға 956-ы немесе 90,1 пайызы енгізілген.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасы бірлесіп бекіткен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасына сәйкес облыс деңгейінде мүгедектерге арналған мемлекеттік бағдарламалар, жұмыс квоталары, оңалту шаралары, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік көмектер туралы қажетті мәліметтерді қамтитын дербес және қолжетімді «Кедергісіз келешек» сайты ашылып, қолданысқа енгізілді.

Еңбек адамының беделін арттыру, сонымен қатар, өндірістік және отбасылық дәстүрлерді насихаттау мақсатында облыста төртінші жыл қатарынан «Еңбек күні»  мерекесіне орай Еңбек династиялары форумы өткізіліп келеді. 2017 жылы аталған форумға теміржолшылар, су шаруашылығы саласының қызметкерлері, омарташылар, дәрігерлер, мұғалімдер әулеттері қатысты.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2017» байқауының қорытындысы бойынша «СКЗ-U»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Еңбек қорғау саласында үздік кәсіпорын»  номинациясы бойынша лауреат атанды. 

Инфрақұрылымды модернизациялау және дамыту

Көлік логистикалық инфрақұрылымды дамыту

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2338,8 шақырымды құрайды, оның 63 пайызы (1473,4 шақырым) жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда, бұл 2016 жылға қарағанда 0,4 пайызға (9,3 шақырым) артқан.

2017 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 10,2 млрд. теңге бөлінді

Есепті кезеңде құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары 46,5 шақырым жолға жүргізілсе, 168,7 шақырымдық елді мекендер жолдары мен көшелері жөнделді.

Есепті кезеңде:

Арал ауданының Сазды елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолының құрылысы,

Арал ауданының Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір құрылысы,

Қазалы ауданындағы  аудандық маңыздағы «Бозкөл-Тасарық»  автомобиль жолындағы темірбетон көпір құрылысы,

Жаңақорған ауданының «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысы,

«Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» жолындағы  көпір құрылысы,

Қызылорда қаласының Сәулет шағын ауданындағы 4 көшеге тас жол салу,

Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесін Жібек жолы көшесінен көпірге дейінгі аралығын реконструкциялау,

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесін Қазыбек би көшесінен «Қызылорда-Жезқазған» трассасына дейінгі аралығын күрделі жөндеу,

Сырдария ауданы Іңкәрдария елді мекеніне кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу, 

Арал ауданы Арал қаласындағы Сапақ би, Қаюпов, Бақтыбай батыр, Нұрпейісов көшелерін орташа жөндеу,

Қазалы ауданының Түктібаев елді мекеніндегі, Қазалы қаласындағы көшелерді орташа жөндеу,

Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі Төле би, Ізтілеуов көшелерін орташа жөндеу, 

Сырдария ауданының Қоғалыкөл, Жетікөл, Айдарлы елді мекендеріндегі көшелерді орташа жөндеу, 

Қызылорда қаласындағы 22 көшені және Тасбөгет кентіндегі 4 көшені орташа жөндеу аяқталды.

2017 жылдың 15 тамызында Қызылорда қаласында жаңа коммуналдық автобус паркі ашылды, онда үлкен сыйымдылықтағы автобустарға тұрақ, май құю бекеті, көлік жуу қарастырылған.

Әуе көлігінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және түрлерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде «Қорқыт ата» әуежайы арқылы аптасына 28 әуе рейсі қатынауда, оның ішінде Астанаға 11 рейс, Алматыға 12 рейс, Қарағандыға 1 рейс, Атырауға 2 рейс және Ақтауға 2 рейс.

Аталған бағыттар бойынша 2017 жылы «Қорқыт ата» әуежайынан болжам бойынша 103,6 мың жолаушы жөнелтілген немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға өскен.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі механизмі шеңберінде Қызылорда қаласының әуежайына жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мәселесі пысықталуда. Бүгінде, Қызылорда облысы әкімдігі мен «SARIDAĞLAR»  (Түркия) компаниясы арасында қарым-қатынас ниеті туралы меморандумға қол қойылды.

Теміржол тасымалының мүмкіндіктері кеңеюде.

Қызылорда облысы бойынша теміржол желісі ұзындығы 1055 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда облыс аумағынан 18 жұп пойызы өтуде, оның 6-уы мемлекетаралық қатынасқа жатады (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы).

Облыс орталығынан «Қызылорда-Алматы-Семей», «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» (Тальго) және «Қызылорда-Петропавловск» облысаралық маршрут бойынша 4 жұп пойыздың қозғалысы ұйымдастырылған.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызының 1 құрамы жөнелтілді, ол «Пригородные перевозки» акционерлік қоғамының 2 вагонынан құралып, аптасына 5 күн қатынайды (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жек­сенбі). Жол бойы пойыз облыстың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталықтарын, стансаларды, разъездерді қамтиды (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, және т.б.).

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2017 жылы барлық қаржы көздерінен 612,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға артық.

2017 жыл ішінде 1983 пәтерге арналған 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілді, оның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерге арналған 36 көпқабатты үй пайдалануға берілді.

Облыс орталығында да, аудандар орталықтарында да инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жалғасты. Бұл мақсаттарға  республикалық және облыстық бюджеттерден 4,0 млрд теңге  бөлініп,

164 шақырым инженерлік желі салынды.

Облыс орталығындағы апаттық тұрғын үй мәселесі толығымен шешілді.

2017 жылы 309 отбасы Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің бойындағы және Титов кентіндегі салынған үйлерден жаңа пәтерлер алды.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

 «Қызылорда қаласы Қызылорда-2 автоматтандырылған газ тарату стансасынан таратылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру» жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2017 жылы 317,7 млн теңге қаржы қаралды. Жоба аясында 31,3 шақырым газ құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда Белкөл кентінің 882 үйі (3529 адам) табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын бастау республикалық және облыстық бюджеттерден  555,6 млн теңге бөлінді. Жоба шеңберінде 14,8 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Жобаны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру шеңберінде газдандыру жұмыстары басталды.

Биылғы жылы Жалағаш және Тереңөзек кенттерінде көгілдір отын таратуға арналған автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталады.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жылу желілерін жаңғырту мен әлеуметтік нысандардың қазандығын газ отынына ауыстыру үшін облыстық бюджеттен 445,4 млн теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ: Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы 19 әлеуметтік нысанның 36 жылу қазандығын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына-171,8 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды;

Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат кентіндегі оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 156,6 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту және құрылысын салу бойынша 10 жобаның құжаттары дайындалып, оған облыстық бюджеттен 71,2 млн теңге бөлінді.

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

Күрделі жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны 629-ды құрап отыр.

2017 жылы  10 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге аудандық бюджеттерден 50,9 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Қызылорда қаласы бойынша қайтарымды қаражат есебінен 74,360 млн теңгеге Амангелді көшесі бойындағы №109 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

2017 жыл қорытындысымен облыстағы 260 ауылдық елді мекеннің 195-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған, бұл ауылдық елді мекендердің 75 пайызын құрайды, ондағы тұрғындар саны облыстағы барлық елді мекендегі халықтың 95 пайызы.

«Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде  2017 жылы Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 13,6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 45 жоба жүзеге асырылып, 10 жобаның жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Шиелі ауданының 4 елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және Шиелі ауданында магистралды су құбыры құрылысының жобалық құжаттамасы әзірленді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімді басқаруға беру жоспарлануда. Ол үшін облыстық бюджет есебінен сенімді басқаруға беру бойынша концепция әзірленді. Конкурстық құжаттамалар және келісім жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жаңақорған ауданындағы кірпіш, қиыршық тас және темірбетон зауытын үздіксіз электрмен жабдықтау үшін Жаңақорған ауданындағы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар,  Сырдария ауданының Бесарық елді мекенін электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Сырдария ауданының Ақжарма елді мекенін электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Қызылорда қаласының сол жағалауын электрмен қамтамасыз ету  жұмыстары басталды.

Қармақшы ауданының Төретам, Жосалы кенттеріндегі және Ақай ауылдық округіндегі электр желілерін кеңейту және  қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

2017 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 100 млн теңгеге Қызылжарма елді мекеніндегі Қарабалаев, Меңлібаев, Уәлиханов, Махамбетов, Сексенбаев  көшелеріндегі және Қорқыт ата-5, Қорқыт ата-10, Қорқыт ата-13, Ақшабұлақ көшелеріндегі құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін электр желілерінің орнына жаңадан электр желілер мен қосалқы станциялар орнату жұмыстары басталды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК – ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджет мүмкіндігінің шектеулігін ескере отырып, Еуропалық Қайта Жаңғыру және Даму Банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы және тағы басқа халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстарын тарту жұмыстары жалғасуда.

Еуропалық Қайта Жаңғыру және Даму Банкімен облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде:

Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту;

Қызылорда облысы электр жүйелерін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласында автобус паркін құру.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде 60 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл әлеуметтік сала, энергетика, қоғамдық тәртіп, жолаушылар тасымалы және байланыс жобалары.

2017 жылы келесі жобалар бойынша жеңімпаз инвесторлар анықталды:

Қызылорда қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне қызмет көрсету сервисі;

Қызылорда қаласындағы  400 келушіге арналған емхана;

Қызылорда қаласындағы Мерей шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалдау;

Жалағаш ауданының Таң ауылдық округінде 90 орындық «Таң бөбегі» балабақшасы;

Шиелі ауданы Ақмая және Алғабас  ауылдық округтерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалдау;

Арал ауданының Бекбауыл, Қазалы ауданының Өркендеу, Сырдария ауданының Ақжарма елді мекендерінде  дәрігерлік амбулаториялар құрылысы.

Қызылорда облысы бойынша  мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде іске асыруға жоспарланған барлық жобалар бюджет тиімділігін, сондай-ақ ақылы қызметтер көрсету арқылы объектілердің ұстап тұру шығындарын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде бюджетке жүктемені айтарлықтай азайтады.

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 75 пайызды құрады. Аталған көрсеткішке қол жеткізу мақсатында 2017 жылы «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыс бойынша компьютермен жұмысқа қабілеті жоқ 9508 адам оқытылды.

2017 жылы Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 190 түрі бойынша барлығы 2 711 665 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы 177 241 қызмет көрсетілді (2016 жылы – 159 465 қызмет), «электрондық үкімет» порталы арқылы 482 572 қызмет (2016 жылы – 87 749 қызмет, өсім – 5,5 есе).

БЮДЖЕТ

Бюджеттің кіріс бөлігі

Шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 204,7 млрд теңгенің түсуі қамтамасыз етілді.

2017 жылы мемлекеттік бюджетке жоспарланған 101,9 млрд теңгенің 104,7 млрд теңгесі түсті, бұл есепті жылға болжамға 102,7%-ды құрайды. 2,8 млрд теңге жоспардан артық түсті.

Республикалық бюджетке түсім жоспары 101,7%-ға орындалды. Бұл ретте 2016 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 11,6 млрд теңгеге ұлғайған.

Жергілікті бюджет бойынша болжам 104,1%-ға орындалды. Бюджетке 1,8 млрд теңге жоспардан артық түсірілді.

Бюджеттің шығыс бөлігі

2017 жылы облыс бюджеті 223,9 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырған­да 14,2 млрд теңгеге аз. Бұл ретте, күрделі сипаттағы шығыстар көлемі (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу) 50,0 млрд теңгені құрады.

Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 61,2%-ы немесе 137,0 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды.

Бюджеттің орындалуы

Шығыстар бойынша 2017 жылғы бюджет 99,7%-ға орындалды (жоспардағы 223,9 млрд теңгенің 223,3 млрд теңгесі игерілген). Игерілмегені – 620,5 млн теңге (оның ішінде: объективті себептер бойынша – 282,2 млн теңге (бюджет қаражатынан үнемделген), субъективті себептер бойынша – 338,3 млн теңге (міндеттемелердің орындалмауы, конкурстың кеш өткізілуі).

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің 6 нысаны және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының 7 ұйымы анықталды.

Бекітілген кестеге сәйкес, жекешелендіруге жоспарланған коммуналдық меншіктің 3 нысаны және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-ның 5 ұйымы сатылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы 3 ашық электрондық сауда-саттық өткізіліп, онда 57 нысан сатылып, облыстық бюджетке 7,7 млн теңге түсіп, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.

ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ

Жалпы, Қызылорда облысында жобалық басқаруды ендіру бойынша жұмыстар 2017 жылдың наурыз айынан басталды.

Бүгінгі күнге облыстық жобалық кеңсемен жобалық басқару аясында регламенттеуші құжаттар әзірленіп, бекітілген:

- Облыс әкімі жанындағы басым жобалар бойынша эксперттік Кеңес жөніндегі Ереже;

- Қызылорда облысында жобалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі  Ереже;

- жобалық құжаттар нысандарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен нысандар;

- жобаларды басқарудың регламенті.

Жергілікті деңгейде жобалық басқару аясында жүзеге асырылуға бес жоба бекітіліп, қазіргі таңда төрт жобаның бақылауы жүргізілуде:

1. «Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарында жобалық басқаруды ендіру» (жобалық қызметті басқару жүйесінің моделіне сәйкес Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында жобалық басқару мәдениетін қалыптастыру),

2. «Бейресми жұмыспен қамтуды заңдастыру» (заңсыз еңбек қызметімен айналысатын, сондай-ақ салық органдарына тіркелмей жұмыс істейтін азаматтарды анықтауға бағытталған),

3. «Жанданған Арбат» (облыстың орталық көшелерінің бірінде шығармашылық пен өнерді тарату, тұрғындарды рухани және мәдени тәрбиелеуде бәріне қолжетімді әлеуметтік-мәдени орынды қалыптастыру), 

4. «Агробиржа» агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің электронды саудасының құрылуы» (өндірістік тауарлар саудасын жүйелеу, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, АШК экспорттық әлеуетін өсіруге бағытталған).

Бір жоба («Идеядан прототипке дейін 48 сағатта (HackDay)») сәтті аяқталды. Онда жоспарланған 100 адамның орнына 400-ден аса адам қатысып, ақпараттық технологиялар, контент және медиа, кино және видео бойынша ұсыныстар мен идеялар қарастырылған. Нәтижесінде бірқатар  ІТ форматындағы жобалар мемлекеттік органдардың қызметінде және бизнес құрылымында енгізілу үшін қабылданып, ұсынылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қараша айынан бастап өңірлерде жобалық басқарудың жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты орталық мемлекеттік органдар штабтары жобалар портфелін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жобалық басқаруды ендірудің Орталық штабымен өзара қарым-қатынасты оңтайландыру үшін  Қызылорда облысында жобалық басқаруды ендіру бойынша Өңірлік штаб құрылды.

Аймақ бойынша өңірдің ерекшелігі мен басымдықтарын ескере отырып, орталық мемлекеттік органдардың 5 салалық (өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру, денсаулық сақтау) және 3 тікелей (жаппай кәсіпкерлікті дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтылу, қаржылық тұрақтылық)    бағытына 10 жоба бойынша қатысу анықталған. Орталық мемлекеттік органдардың жобалары аясында  аймақ бойынша 42 жобалық бастаманың жоспарлары жолданған.



ЖАРНАМА 05 ақпан 2018 г. 622 0