Банк ВТБ (Қазақстан) ең жауапты клиенттерді ақшамен марапаттады

ЖАРНАМА | 19 қаңтар 2017 ж. - 11:54 | Көрудің саны: 304
Банк ВТБ (Қазақстан) ең жауапты клиенттерді ақшамен марапаттады2015 жылдың күзінде банк өзінің клиенттерін өз қаражаттарын мұқият басқаруы үшін ынталандыруға бағытталған «ВТБ үздігі» науқанын іске қосты. Науқанның қатысушылары болып бір жылдан кем емес мерзімге, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде Банк ВТБ (Қазақстан) банкінде «Қолма-қол несие (кепілзатсыз)» рәсімдеген барлық қарыз алушылар табылды. Жыл бойына бірде-бір рет төлемдер бойынша мерзімін өткізбеген клиенттерге Банк берілген несие сомасынан ақшаның бір бөлігінің қайтарылуына кепілдік берді.
Науқанды жүргізген кезеңде оған банктің 313 клиенті қатысты, олардың ішінде науқанның шарттарын толық сақтаған және өтемақы алғандары – 147 адам болды. Сыйақы төлеудің жалпы сомасы - 9 184 750 теңгені құрады (ЖТС қосқанда).
- «ВТБ үздігі» жобасын іске қосқанда біз бұл жобаның өз клиенттерімізді сауатты қаржылық жоспарлауға және өз міндеттемелерін жауапты орындауға үйретуді қаладық. Ең тәртіпті клиенттерге – үздіктерге, біз «бестік қойдық» - берілген несие сомасынан 5% қайтардық. Науқанның нәтижелеріне біздің көңіліміз толды, біздің қарыз алушылардың жартысына жуығы, өткен жыл көпшілік үшін қаржы тұрғысынан күрделі болғанына қарамастан, қарызды дер кезінде қайтару бойынша шарттарды орындады, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қаласындағы филиалының директоры Роман Цой.- Отбасы қаражатын бөлу көбіне кез келген компанияның активтерін басқаруды еске салады. «ВТБ үздігі» науқаны отбасы бюджетінің жоспарлауды және болжауды талап ететіндігін біздің клиенттерге түсінуге көмектесті, сонымен қатар, өз ақшаларына жауапты қарауды үйретті деп үміттенемін.
Қазіргі сәтте Банк ВТБ (Қазақстан) өз өнімдерімен қызметтерін үнемі жақсарту арқылы өз клиенттеріне қамқорлық жасауын жалғастыруда. Мәселен, жуықта банк кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетті. Енді банк клиенттері неғұрлым қолайлы шарттармен кепіл қою арқылы 50 000 000 теңгеге дейінгі сомада несие және 5 000 000 теңгеге дейінгі сомада кепілсіз тұтыну кредиттерін ала алады. Толығырақ ұялы телефоннан 5050 нөмірін теру арқылы білуге болады.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Кредиттік карта не үшін қажет?

Кредиттік карта не үшін қажет?

Ұлттық банктің деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы...
Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады?

Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады?

Көп ұзамай біз жаңа жылды тойлаймыз. Сыйлық дайындау, іздеу және қысқы демалысты...
Банк қызметкері клиенттерінің ақшасын жымқырған

Банк қызметкері клиенттерінің ақшасын жымқырған

Қызылордада аудандық соттардың бірінде клиенттердің есепшотынан олардың рұқсатынсыз...
ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

«Альянс Банк» акционерлік қоғамы басқарма басшылығының 2013 жылғы 22 қазандағы...
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Кеше облыс орталығынан Еуразиялық банктің филиалы ашылды. Салтанатты шараға облыс...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

Соңғы күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының ауысуына байланысты...
Пікір: