Vласть түсіндіреді: қандай төлем картасын ашу керек екенін қалай шешуге болады?

ЖАРНАМА | 23 қаңтар 2017 ж. - 15:05 | Көрудің саны: 59
Vласть түсіндіреді: қандай төлем картасын ашу керек екенін қалай шешуге болады?1.Қазіргі таңда нарықта банктік карточкалардың ұсынысы жетерлік. Кейін өкінбейтіндей жақсы нұсқасын қалай таңдауға болады?
Шынында да, банктер арасындағы бәсекелестік жоғары, осыдан болар таңдау жасау әркез оңайға түспейді. Екінші тұсынан алып қарасақ, таңдаудың алуан түрлі болып келуі және клиент үшін банктер арадағы күрес тұтынушыларды пайдаға кенелтеді. Ұсыныстардың сан алуан түрлерінің болуы сізге қолайлы нұсқаны таңдап алуға жағдай жасайды. Бұл орайда міндеттеріңізді белгілеуден бастаған жөн.
2.Маған супермаркеттен сатып алымдарға төлем, кей кездері қолма-қол ақшаны шешіп, коммуналдық төлемдер мен интернет сатып алымдарын жасауға мүмкіндік беретін карточка қажет.
Негізінде, бұл дегеніңіз клиенттің карточкаға қоятын стандартты талаптар жиынтығы. Сондықтан да банктер, сіз карточканы сатып алатындай тағы бірдеңке қосуға тырысады. Осының атауы «пакеттік ұсыныстар» деп келісейік.
3.Бұл пакеттік ұсыныста не болуы мүмкін?
Мысал ретінде Банк ВТБ (Қазақстан) пакеттік ұсыныстарын қарастырып көрелік. Сіз атап өткен функцияларға қосымша, банк көп жағдайда тегін SMS-ақпараттандыру, интернет-банкинг, Visa Virtuon және Priority Pass карталарын тегін шығару, «Номад Иншуранс» сақтандыруын, сондай-ақ карта бойынша қалдық ақшаға пайыз есептеуді ұсынады.
4.Бірақ та, мен бұл барлық қосымша функциялар үшін төлеуім керек шығар?
Банк ВТБ (Қазақстан) ұсыныстары сіз карточканы белсендірек пайдалануыңызды ынталандыратындай құрастырылған. Сондықтан да, егерде сіз бір ай бойы белгілі бір сомадан артық (сомасы карточка деңгейіне қарай бір-бірінен өзгеше болып келеді) қолма-қолсыз операциялар жасасаңыз, сіз карточканы пайдаланғаныңыз үшін ай сайынғы төлемді төлемейсіз.

5. Банкоматтардан ақшаны қолма-қол шешу ол да комиссиямен шығар?
Көп жағдайда – комиссиясыз. Комиссия (сомадан алынатын пайыз) Electron карточкасынан ғана тұрақты түрде ұсталынады. Classic, Gold, Platinum карточкалары бойынша Банктің банкоматтарынан, Халық банкінің банкоматтарынан, сондай-ақ ҚР аумағында және ҚР аумағынан тыс жерде басқа банктердің банкоматтарынан бес операцияға дейін ақша шешіп алу тегін.
6.Айтпақшы, сіз Virtuon карточкасын интернет-төлемдер жасау үшін қосымша ашуға болатынын айтып өттіңіз. Менің карточкамда бұл функция бар болса, бұл не үшін қажет.
Бөлек картадан интернет сатып алымдар жасау қауіпсіз. Бұған логикалық тұрғыдан негіздеме келтіруге болады. Сіз Virtuon картасына онлайн-шоппинг жасауға қажетті соманы ғана аударасыз және де егер сіз желідегі алаяқтардың құрбанына айналсаңыз да, сіздің қаражатыңыздың қомақты бөлігі жатқан картаға олар қол жеткізе алмайды. Осы себепті банк қызметкерлері негізгі карточкаға онлайн-төлемдер жасау рұқсатын ашпауға, оның орнына қосымша карточканы қолдануға кеңес береді.
7. Бұл жайы түсінікті. Ал қалған сомаға пайыз есептеу қалай «жұмыс істейді»? Бұл «шағын-депозит» сымақ па?
Солай десе де болады. Егер сізде ай сайын картаңызда ақша сомасы (кез келген, 1000 теңгеден кем емес) қалатын болса, онда банк оған сыйақы сомасын есептейді. Пайызы әрине депозиттегідей қомақты емес, 3%-дан бастап (көңілге ұнамды ұсақ майда) 10%-ға дейін (айтарлықтай деуге келеді) аралығында ауытқиды.
8. Түйіндей келе, пакеттік ұсыныстар – бұл тым күрделі емес пе? Осы барлық функциялар мен мүмкіндіктерді ұзақ уақыт зерделеуге әкелмей ме, қалай?
Бұл сіздің біршама уақытыңызды алатыны екіталай, себебі кейбір опциялар (мысалға, қалдық ақшаға пайыз есептеу) автоматты түрде істейді және де сіздің қатысуыңызды мүлдем қажет етпейді, ал басқалары (мысалға, интернет-банкинг немесе SMS-ақпараттандыру) сіздің қалауыңыз бойынша пайда болады. Банк ВТБ (Қазақстан) көп жылғы жұмысы барысында клиенттер әдетте нені қалайтындарына тәжірибе жүзінде көз жеткізгендіктен олар пакетттік ұсыныста тап осы себептен пайда болды.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Кепілзатсыз несиені қашан алған ыңғайлы?

Кепілзатсыз несиені қашан алған ыңғайлы?

1. Мереке күндерінен кейін мен осы жылғы негізгі істерімді жоспарлай бастадым...
Төлем карточкалары тегін!

Төлем карточкалары тегін!

Банктік төлем карталары біздің өмірімізге етене жақын енгені рас. Бүгінде...
Ақшаны басқа қалаға немесе шетелге қалай аударуға болады?

Ақшаны басқа қалаға немесе шетелге қалай аударуға болады?

Қазақстанда ақша аударымдары бойынша күн сайын тоғыз мыңға жуық транзакция жасалады....
Жалақыны дұрыс қалай ұстауға болады?

Жалақыны дұрыс қалай ұстауға болады?

Жұмыстың ең жақсы тұсы – бұл жалақы! Бұндай ой түйінмен көпшілік келісуі мүмкін әрі...
Кредиттік карта не үшін қажет?

Кредиттік карта не үшін қажет?

Ұлттық банктің деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы...
Неліктен интернет-банкинг болашағымызда маңызды рөл атқаратын болады?

Неліктен интернет-банкинг болашағымызда маңызды рөл атқаратын болады?

Қазіргі кезде интернет-банкинг туралы үнемі айтылып келеді, ол не? Бұл – банктерге...
Пікір: