Төлем карточкалары – тегін!

Төлем карточкалары – тегін!Банктік төлем карталары біздің өмірімізге етене жақын енгені рас. Бүгінде қазақстандықтардың басым көпшілігі ақшаны «бөстек астында» емес, пластик карталарда сақтау артықшылықтарын қазірдің өзінде бағалап үлгерді. Біріншіден, бұл қауіпсіз, банктік картаның бірнеше қорғаныс сатысы бар, қаскөйлер оны тапқанның өзінде, құпия сөзді білмесе оны қолдана алмайтын болады. Екіншіден, өзіңізбен бірге бума ақшаны ұстап жүргеннен гөрі кішкентай картаны алып жүру әлдеқайда оңайырақ. Үшіншіден, карта көмегімен барша әлем бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алуға немесе Интернетте сатып алымдарға төлем жүргізуге болады. Алайда, картаның қайсысы ең жақсы әрі көл-көсір банктік ұсыныстар ішінде қалайша бағдар ұстануға болады? Банк ВТБ (Қазақстан) сарапшылары бар болғаны ең тиімді ұсынысты іздеуге кеңес береді!
Адамның өзінің жеке ақшасына иелік етуі үшін арналған карта дебеттік деп аталады. Бұндай карточканы адам дербес өзі толықтырады, не болмаса оған жалақы түседі. Бәрінен гөрі ең ірі деген халықаралық төлем жүйелерінің бірі шығаратын картаны таңдаған дұрыс, ол арқылы Сіз әлемнің кез келген дерлік жерінен төлем жасай аласыз.
Қартаның қайсысы тиімді екенін түсіну үшін, ол арқылы жасалатын қызметтердің құнын негізгі параметрлері бойынша бағалаңыз. Әдетте дебеттік карточкаға қызмет көрсеткені үшін банк оның иесінен ай сайынғы немесе жылдық абоненттік төлемді алады. Түрлі ұсыныстардағы абоненттік төлемнің немесе жылдық қызмет көрсетудің көлемін салыстырыңыз. Сондай-ақ банкоматтардан қолма-қол ақшаны шешіп алғаны үшін комиссия көлеміне назар аудару қажет! Тағы бір тұсы –SMS-ақпараттандырудың құны. Бұл маңызды функция Сіздің ақша қаражатыңыздың қозғалыстарын қадағалауға мүмкіндік береді.
- Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне жеке тұлғаларға арналған Visa халықаралық төлем жүйесінің дебеттік карталары бойынша тиімді пакеттік ұсыныстарды ұсынады. Пакеттік ұсыныстар, клиенттің таңдап алған картасына байланысты, Сізге қызметші қызметтердің негізгі спектрін тегін пайдалануды мүмкін етеді, - деп баяндайды Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. –Мәселен, біздің банкіміз ұсынатын көпшілік пакеттік ұсыныстардың аясында шарттар келесідей: картаны шығару және SMS-ақпараттандыру үшін 0 теңге, Интернет-банкингті тегін қосу, қосымша карталарды, мысалға Visa Virtuon (интернет-сатып алымдарға қауіпсіз төлем жүргізу үшін) және Priority Pass карталарын, сондай-ақ Номад Иншуранс компаниясынан сақтандыруды тегін шығару. Қолма-қол ақшасыз жолмен төлем жасаудың белгілі бір талаптары сақталған кезде абоненттік төлем алынбайды, сөйтіп, негізгі қызметтер аясында, карта клиентке шынымен де салмақ түсірмейді! Бұдан бөлек, ВТБ Қазақстан карточкаларымен ақша табуға болады! Картада 1 000 теңге көлемінде төмендетілмейтін қалдықтың сақталуы шартымен, Банк картадағы қалған сомаға ай сайын сыйақы есептейді. Карточканың класына байланысты жалақы жобалары шеңберінде ашылған төлем карточкалары үшін сыйақы 3%-дан бастап 10%-ға дейін құрауы мүмкін, 10% карта класына қарамастан есептелінеді.
Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын пакеттік ұсыныстар шеңберінде клиенттер әлемдегі ең танымал Visa халықаралық төлем жүйесінің карталарын алады. Картаның таңдап алынған класы неғұрлым жоғары болса, клиент соғұрлым қызметтер пакетіндегі тегін артықшылықтарды алатын болады.
Банк ВТБ (Қазақстан) карталарының тағы бір артықшылығы – қолма-қол ақшаны банкоматтардан тегін шешіп алу мүмкіндігі. Мысалға, Visa «Classic», «Gold» және «Platinum» карталарының иелері Банк банкоматтарынан, Халық Банкі және ВТБ Тобы (ТМД) желісі банкоматтарынан қолма-қол ақшаны тегін шешіп алуларына болады, егер тізіп көрсетілген бұл банкоматтарды клиент таппайтын болса немесе шетелде жүрсе, Банк әлемнің кез келген түкпірінен қолма-қол ақшаны банкоматтардан шешіп алу бойынша 5 тегін операцияға дейін жүргізу мүмкіндігін ұсынады.
Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталарына пакеттік тарифтер туралы толығырақ ақпаратты ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша білуге болады. 
Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы алуға болады: http://www.vtb-bank.kz/platezhnye-kartochki/zarplatnyy-proekt/








ЖАРНАМА 22 ақпан 2017 г. 167 0