Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіҚызылорда облысының білім басқармасы, облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 274 оқушы 13 пән бойынша қатысып, 134 оқушы облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Соның ішінде қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша 27 оқушы, жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша 32 оқушы қорытынды кезеңіне (республикалық) ұсынылды. 
2017 жылдың 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында өтіп жатқан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану- математикалық бағытына 32 оқушы қатыстырылып, 2 оқушы - ІІ дәрежелі дипломмен, 10 оқушы- ІІІ дәрежелі дипломмен, 2 оқушы- грамотамен марапатталды. 
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Анарбай Қуаныш - математика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Тілек Али - биология пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: 
 Орынбай Сұлтан - математика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Сейілханов Нұрдаулет - математика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Төлебай Самат - математика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
 Шарип Дамир - физика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
 Сейтқали Ұлан- физика пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Жалғас Әділет - физика пәнінен, №3 мектеп- лицейі;
Минас Дулат - биология пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Пірманов Арман - биология пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Қасым Айдос - география пәнінен, №5 мектеп- лицейі; 
Қаимов Санжар - география пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі». 
Грамота иегерлері: 
Ізнат Нұркелді - химия пәнінен, №9 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі»;
Ислам Жұлдыз - география пәнінен,  Сырдария ауданы, №139 мектеп.
Биылғы жылға дейінгі көрсеткіштерімізге қарайтын болсақ: 2015-2016 оқу жылының 14-19 наурыз аралығында Көкшетау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 33 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-10) ие болды, 1 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2017 г. 148 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031