Мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейткен кәсіпкер

Мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейткен кәсіпкер
Мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейткен кәсіпкер«Шырақ» клиникасы Қызылорда облысына ғана емес, өзге өңірлерге де жақсы танымал. Аталған орталық көздің көру қабілетін субъективті және объективті зерттеу бойынша офтальмологиялық қызметтің барлық түрін, көз жанарының рефракциясы,көздің алдыңғы бөлігіне биомикроскопия және тағы басқа қызметтер көрсететін аймақтағы жалғыз клиника болып табылады. Жоғары санаттағы дәрігер-офтальмолог Дина Сүлейменова офтальмологиялық орталықтың негізін қалағанына небәрі 7 жыл толса да, қысқа мерзім ішінде ол үлкен нәтижелерге қол жеткізді.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке жұмыс жасағанмедициналық институт түлегі Дина Сүлейменова кейіннен жеке бизнесін бастап, өзінің офтальмологиялық орталығын ашты. Бұл саланы қолға алу барысында жолдасы көмектесіп, толықтай қолдады және бүгінде танымал «Шырақ» клиникасынолар бірге басқарып келеді.
-«Көз қорқақ, қол батыр» деген сөздің жаны бар, жаңа бизнес бастайтын кезде барлық адамда қорқыныш туындайтыны рас. Ең бастысы біз кедергілерден өтіп, клиника жұмысын жөнге қойдық. Бүгінде орталығымызда кеңес беруден бастап көздің кемшілігін түзетуге дейінгі біршама қызмет түрлері көрсетілуде. Біздің басты құндылығымыз жұмыс жасайтын білікті мамандарымыз деп білемін. Орталық персоналытек жоғары  санаттағы сапалы қызмет көрсететін білікті мамандарған құралған. Осының арқасында біз өз емделушілеріміздің сенімінен шығып, клиникамыз аймақта үнемі үздіктер қатарынан көрінуде,- дейді Дина Сүлейменова. 
Өткен жылы кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін Дина «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 14% үстемемен несие рәсімдеді және пайызды субсидиялау бағдарламасының көмегімен кәсіпкердің несие ауыртпалығы 2 есеге төмендеді.
- Несие қаражатын клиникада ұсынатын қызмет түрін көбейтуге мүмкіндік берген көздің микрохирургиясына арналған ең соңғы үлгідегі жоғары технологиялық хирургиялық құрылғы сатып алуға жұмсадық. Біздер осыған дейін науқастарға диагностика жасап, тексеруден өткізген соң хирургиялық ем алуы үшін басқа қалаға жолдайтынбыз, қазіргі таңда қол жеткізген жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен ота жасайтын арнайы кабинет ашып, шел басқан көздерге микрохирургиялық әдіспен ем жасаймыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз бизнесті дамыту бойынша өз жоспарымызды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын аштық. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға сау көз жанарын сыйлау- дейді Дина Сүлейменова. 





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2017 г. 487 0