Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған

Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған Қызылордалық прокурорлар миллион теңгеден астам негізсіз алынған төлемдерді қайтарды,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қамтамасыз етумен қатар, салықтық міндеттемелерді төлеуде де түрлі қолдау көрсетіп, кепілдік береді.
Прокуратура өкілдерінің азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына жүргізген талдауы барысында, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан мүгедек жандардан көлік, жер, мүліктік салық, сонымен қатар, азаматтық сипаттағы актілерді тіркеу барысында мемлекеттік баж салықтарын алып келгенін көрсетті.
Байқоңыр қаласында 1173 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 552-і І-ІІ топтағы (45%), 250-і мүгедек балалар (22%).
Атап айтқанда, 2015 және 2016 жылдары олардың әрбір үшіншісінен, нақтыласақ, 421-нен 1 274 511 теңге көлеміндегі салықтық төлемдер заңсыз алынған.
Осы тектес кемшіліктер мүгедек жандардың құқықтарына қатысты да орын алып, салық міндеттемелерінен тікелей босатуға мүмкіндік беретін Салық кодексінің 365, 373, 403, 543, 546-баптарының бұзылуына жол берген.
Бұл мемлекеттік жеңілдіктер оларға өмір сүруде қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Осыған байланысты Байқоңыр қалалық прокуратурасы артық төленген қаржыларды қайтару талабын бақылауға алып, нәтижесінде 421 мүмкіндігі шектеулі адамның бұзылған құқығын тиісті деңгейде және кезексіз қалпына келтірді.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2017 г. 90 0