Бұлақ көрсең көзін аш

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ | 16 мамыр 2017 ж. - 12:17 | Көрудің саны: 88
Бұлақ көрсең көзін аш«Сырдың елі жырдың елі». Осы бір екі ауыз сөзде қаншама құдірет бар десеңізші. Тұрмағамбет ауылын «Ақындықтың ақ отауы, жыраулықтың алтын  бесігі» деп тегінен – тегін айтылмаса керек. Тұрмағамбет ауылының жас ақыны:
Жүз шайыр талай дарын шыққан мекен,
Өнерді жан – тәнімен ұққан екен.
Әу, - демес бір адам жок өлкемізде,
Қасиет, не құдірет құт бар екен?- деп Әсем Пірімова жырлағандай Тұрмағамбет ауылынан не бір жез таңдай жыраулармен, от ауыз орақ тілді ақындардың талай додаларда топ жаратыны ежелден-ақ белгілі.
Тұрмағамбет ауылындағы «Тасберген жырау» үйірмесінде жырау Зәуре Қосжанқызы жұмыс атқарады. Осы салада еңбек еткелі 10 жылдан аса уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде үйірме шәкірттері республикалық, халықаралық тіпті шет мемлекеттерге де  шығып жүргендігі баршамызға белгілі. Арай Оңғарқызы Елбасының қолынан домбыра алып, халықтың ыстық ықыласына бөленгені баршамызға мәлім. Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні Алматы қаласында «Жас дарын» республикалық дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен ІІ Республикалық «Самға Самұрық» балалар байқауы өткізілді. Байқау 8 жанр бойынша қамтылды. Байқауға 100 –ден аса талапкерлер қатысып бақ сынады. Дәстүрлі ән «яғни терме жанры» бойынша үйірме шәкірті Әділбекова Нұрпатшайым Бас жүлде және «Самға Самұрық» медалімен, қосымша «Әдемі-Ай» компаниясының арнайы сыйлығымен мараптталса, Оңғарқызы Арай І орын және Республикалық жанұялық «Игілік» журналының «Көзайым» номинациясының жеңімпазы атанып, өзі білім алып жатқан мектеп ұжымы,үйірмесі туралы «Игілік» журналының 4 бетіне тегін публикация жасау грантын жеңіп алды. Біз әрқашанда Зәуре апаймен мақтанамыз.Алар асуларыңыз көп болсын.Зәуре апайдың шығармашылық жұмыстарына табыс тілейміз.

Боранбаева Құралай, Тұрмағамбет ауылы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚОС ӨНЕРПАЗДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚОС ӨНЕРПАЗДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Осы аптада облыс әкімі Қ.Көшербаев белгілі айтыскер ақын, "Алтын домбыра” иегері...
Өнерлі өренге домбыра сыйлады

Өнерлі өренге домбыра сыйлады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында...
ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ

ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ

Үстіміздегі жылдың 5-7 қарашасында Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт...
Самалдың сазды кеші

Самалдың сазды кеші

Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театры сахнасында...
АУЫЛЫМНЫҢ ЖАҢАША КЕЛБЕТІ

АУЫЛЫМНЫҢ ЖАҢАША КЕЛБЕТІ

Адам өмірінде кіндігі кесілген мекен киелі саналады. «Туған жер – тұғырың» дейді...
“Алтын бесік – туған жер”  ТҰРМАҒАНБЕТ АУЫЛЫ

“Алтын бесік – туған жер” ТҰРМАҒАНБЕТ АУЫЛЫ

Дүниеге шыр етіп келгеннен адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды. Өсе...
Пікір: