Қызылорда облысында екі бала және жасөспірім суға батып кеткен

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 22 мамыр 2017 ж. - 16:25 | Көрудің саны: 58
Қызылорда облысының су айдындарында 2017 жылдың басынан екі бала және бір жасөспірім қыз суда қаза болды.
2017 жылғы 11 мамыр күні Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылдық округі Аманөткел ауылының тұрғындары, 8 және 5 жасар бір отбасының балалары суға батып кеткен.
11 мамыр 15 сағат 30 мин. шамасында, үйлерінен 150 метр жерде орналасқан тереңдігі 1 м су тұндырғыштың (отстойник) жанында 2010 жылғы көрші бала және 2009, 2012 - жылғы бір отбасының балалары ойнап жүріп абайсызда суға түсіп кеткен. 2010 жылғы бала өз күшімен судан шығып, үйіне жүгіріп барып әкесіне айтқан. Әкесі су тұндырғышқа келген кезде су бетінде қалқып жүрген екі баланың мәйітін көріп, жағаға шығарып алып, Аманөткел дәрігерлік амбулаторияға және ауылдық округ әкімдігіне тапсырған. Сондай-ақ, 2017 жылғы 13 мамыр күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің тұрғыны, 16 жастағы қыз бала суға батып кеткен.
13 мамыр 16 сағат 30 мин. шамасында Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің 10 сынып оқушысы, 2000 жылы туылған қыз бала «Қорғантоғай» каналына, белгіленбеген жерге сыныптас 5 қызбен бірігіп суға түсуге барып, судағы қауіпсіздікті сақтамай батып кеткен. Мәйітін судан өз туыстары шығарып алған.
Облыс көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі екені анықталды және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры А.Сермағамбетова

Сондай-ақ... оқыңыз:

Аса сақ болыңыздар, балалар суға кетуде!

Аса сақ болыңыздар, балалар суға кетуде!

Балалардың суға кетуі туралы хабарды есту аса ауыр және  өте қорқынышты. ...
12 жасар қызылордалық Ақмола облысында суға батып кетті

12 жасар қызылордалық Ақмола облысында суға батып кетті

Ақмола облысында қызылордалық жасөспірім суға батып кетті.Бұл тур...
Мұз астынан бес адамның мәйіті шығарылды

Мұз астынан бес адамның мәйіті шығарылды

Қызылорда облысында мұз астына түсіп кеткен бес адамның мәйіті шығарылды. Бұл туралы...
Биыл 18 адам судан құтқарылды

Биыл 18 адам судан құтқарылды

Жыл басынан бері облыс көлемінде суда орын алған 22 төтенше оқиғада 24 адамның қаза...
Қытай азаматы Сырдария өзеніне батып кетті

Қытай азаматы Сырдария өзеніне батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының маңынан өтетін Сырдария өзеніне...
Облыста үш күнде екі бала суға кетті

Облыста үш күнде екі бала суға кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, мамыр айының 24-27...
Пікір: