Суға түсу маусымында сақ болайық!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 25 мамыр 2017 ж. - 16:23 | Көрудің саны: 48
Суға түсу маусымында сақ болайық!Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшыларының қатысуымен өрт бақылау саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша баспасөз-конференциясы өтті.
Жыл басынан бері облыс аумағында 162 өрт оқиғасы орын алған, материалдық шығын көлемі - 33 млн. 460 мың теңге.
«2017 жылдың өрт қаупі маусымында облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ерікті өртке қарсы құрылымдардың қатысуымен 8 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға 65 техника, 330 қызметкер жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің алдын-алу мақсатында барлығы 1890 адамнан құралған 202 ерікті өрт жасақтары жұмыс жасайды. Олардың иелігінде 436 арнайы техника бар деді», - облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Р. Қайрақбаев.
Жыл басынан бері облыстағы су айдындарында 4 адам қаза болды, оның 1-і бала. Суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себеп тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы.
Б. Ембергенов, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің басшысы:
– Құтқарушылардың судағы қауіпсіздік ескертпелеріне қарамастан бүгін 24 мамыр сағат 12.50-де Қызылорда қаласының Мерей мөлтек ауданы маңында Сырдария өзенінде бір бала суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Қазіргі уақытта жасақтың 12 құтқарушысы №136 мектептің 8 сынып оқушысын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл кезеңдегі қауіпсіздік шаралары бойынша қала, аудан әкімдеріне шұғыл тапсырмалар берілді. Халық арасында және облыстағы барлық студенттер мен оқушыларға кездесулер ұйымдастырылып, ескертпелер жасалып, үнпарақтар таратылған.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылорда облысында екі бала және жасөспірім суға батып кеткен

Қызылорда облысында екі бала және жасөспірім суға батып кеткен

Қызылорда облысының су айдындарында 2017 жылдың басынан екі бала және бір жасөспірім...
Жыл басынан бері облысымызда 23 адам суға кеткен

Жыл басынан бері облысымызда 23 адам суға кеткен

Жыл басынан бері облысымызда 23 адам (10 бала), ал өткен жылы 36 адам (12 бала)...
БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА 8 БАЛА СУҒА КЕТТІ

БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА 8 БАЛА СУҒА КЕТТІ

Биыл жыл басынан бері облысымызда 25 адам, оның ішінде 8 бала суға кетті. Бұл...
Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Суға түсу маусымы басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілмек...
ЕСТЕ БОЛАР ЕРЕЖЕ

ЕСТЕ БОЛАР ЕРЕЖЕ

Күн күрт ысыса, өзен, көл жағалап, суға түсушілер қарасы артады. Кейде суға түсу...
Биыл 18 адам судан құтқарылды

Биыл 18 адам судан құтқарылды

Жыл басынан бері облыс көлемінде суда орын алған 22 төтенше оқиғада 24 адамның қаза...
Пікір: