СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 29 мамыр 2017 ж. - 12:16 | Көрудің саны: 35
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.
Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды.
Ұсынылған үміткерлер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына толық сай келеді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ.
Барлық кандидаттың ұлты – қазақ. Орташа жасы -55-те. Бесеуінің де білімі жоғары. Мамандығы бойынша олардың 2-і оқытушы болса, қалғаны дәрігер, саясаткер және инженер.
Үміткерлердің 4 саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 1 кандидат өзінің партияға мүшелігін көрсетпеген.
Қазіргіт таңда облыстық сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 7 маусымға дейін созылады, ал 8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр.
 
Облыстық сайлау комиссиясы

Сондай-ақ... оқыңыз:

Қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды

Қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 19 мамырдағы отырысында Қазақстан...
КАНДИДАТҚА КУӘЛІК БЕРІЛДІ

КАНДИДАТҚА КУӘЛІК БЕРІЛДІ

Бейсенбі күні Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті...
ДЕПУТАТТАР СЕНАТОР ТАҢДАЙДЫ

ДЕПУТАТТАР СЕНАТОР ТАҢДАЙДЫ

2017 жылғы 28 сәуірде «2017 жылғы 28 маусымға ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының...
САЯСИ НАУҚАН АЛДЫНДАҒЫ  ЖҰМЫС ПЫСЫҚТАЛДЫ

САЯСИ НАУҚАН АЛДЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыс әкімдігі ғимаратында облыстық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Оған...
Кандидаттар қатары артып келеді

Кандидаттар қатары артып келеді

Орталық сайлау комиссиясында ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов журналистерге брифинг...
ЖАҢА СЕНАТОРЛАР ЕСІМІ 7 ҚАЗАНДА БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

ЖАҢА СЕНАТОРЛАР ЕСІМІ 7 ҚАЗАНДА БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

Өткен жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының...
Пікір: