Семей ядролық полигонына қатысушылар жәрдемақыға ие болды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР, ҚОҒАМ | 30 мамыр 2017 ж. - 09:48 | Көрудің саны: 39
Семей ядролық полигонына қатысушылар жәрдемақыға ие болдыБүгінгі таңда ҚР Бас Прокуратурасы тарапынан ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру және прокуратура органдарының жұмыс тиімділігін жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде өңірлерде ұзақ жылдар бойы шешілмей жатқан күрделі мәселелер оң шешімін тауып жатқаны белгілі. Осындай ілкімді істер Сырдария аудандық прокуратурасының бастамашылығымен де іске асуда. Бұл жөнінде аудан прокуроры Асхат Тәженов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Кемшіліктерді жойып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін аудандық прокуратура арнайы жобалар әзірлеп, атқарылар жұмыстар айқындалған. Соның бірі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен, әскери қызмет өткерген Сырдария ауданының 80 азаматының заңнамалармен көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларға алуы.
«Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» Заңына сәйкес, сол аймақта туып-өскендер ғана емес, 1949-1990 жылдар аралығында сол өңірде өмір сүрген азаматтар жәрдем алуға құқылы. Алайда, Сырдария ауданынан алпысыншы жылдардың аяғында әскерге аттанған сарбаздар бұл көмекке қол жеткізбей келген. Семейде міндетті әскери борышын өтеген 68 жастағы Болатбек Уайсовтың айтуынша, әскерде бірге борышын өтеген көптеген қатарластары қайтыс болып кетіпті. Тіпті 30-40 жасқа да жетпегендері де бар. Олар мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді, тиісті оңалту, сауықтыру емдерін қабылдамаған. Аудандық прокуратура мониторинг жүргізу барысында осы деректерді анықтаған. Нәтижесінде ауданда «Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету» жобасы әзірленіп, арнайы комиссия құрылып, азаматтардың қорғалу құқығын растайтын куәліктер табысталып жатыр.
 «1968 жылы 13 ноябрьде осы Тереңозек военкоматынан әскерге шақырылдық. Екі жылдық борышымызды өтеу үшін алдымен Ашхабадқа барып, одан кейін Семей облысының Жарма ауданы Жалғызтөбе деген станцияда болдық. Ол Семей полигонының бір шеті. Қатар болған жігіттердің бақилық болып кеткендері бар», дейді Б.Уайсов.
Сырдария ауданының прокуроры Асхат Тәженов, сынақ полигонында болғандар аумақ қауіптілігіне қарай бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі бір жолдық өтемақыға ие болады - деді. «Зейнеткерлікке шыққандарға үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі зейнетақыға үстемақы қосылады. Сонымен қатар,  жұмыс жасайтындарға екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қосымша еңбекақы табысталатын болады. Одан кейін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстар құқығын алады. Жыл сайын мамандырылған арнайы медициналық көмектерге ие болатын болады», - дейді аудан прокуроры.
Прокуратура саласының мамандарының қолдауымен жүргізілген жұмысқа полигон зардабын шегушілер дән риза.
Аудандық прокуратураның зерттеп, зерделуі негізінде тағы да кемшіліктер анықталған. Яғни, аудандық емханада тиісті мамандардың жоқ болуына байланысты жалпы құны 15 млн теңгеге жуық бірқатар медициналық құрал-жабдықтар осы күнге дейін пайдаланбай тұрғаны белгілі болды. Жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын адамдарды ерте анықтау мен алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған фунционалды-диагностикалық бөлімше іске қосылмауы салдарынан 2016 жылдың өзінде 300-ден астам науқастар тексерілу үшін Қызылорда қаласына жолданып отырған. Осы орайда, аудандық прокуратурамен «Сырдария ауданының денсаулық сақтау саласын жетілдіру» жобасы әзірленіп, тиісті іс-шаралар атқарылған. Бүгінгі күні жоба нәтижесімен жүрек-қан тамыры бағытында пайдаланылмай тұрған аппараттар іске қосылып, науқастарға басқа өңірге жолдау толықтай тоқтатылған. Соның негізінде, аудандық емханада науқастарға медициналық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Асхат Бисенбайұлы аудандық емхана мен білім беру мекемелерінің 1500-ге жуық қызметкерінен негізсіз ақы алынып, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу Қағидаларының» талаптары бұзылғанын атап өтті. Бұл олқылық салдарынан жыл сайынғы медициналық тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізетіндігіне қарамастан білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен тексерілу үшін 1,2 млн теңге қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда прокурорлық ықпал ету актісі негізінде қаражат азаматтарға кері қайтарылуда. Жалпы аудандық прокуратура өз жұмыстарын ашықтыққа негіздеп, заң аясында нәтижелі жұмыс жасауда. Сала мамандары алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында ауқымды жұмыстарды атқара бермек.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ. Сырдария ауданы.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Халықтың мұң-мұқтажы мен игілігіне бағытталды

Халықтың мұң-мұқтажы мен игілігіне бағытталды

Жанакорған ауданының прокуроры Нұрболат Дүйсенбаевтың хабарлауынша, ағымдағы ...
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

Жаңақорған аудандық прокуратурасының қадағалау қызметі қоғамдық-саяси тұрақтылықты...
Семей полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Семей полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Еліміз әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, Семей атом полигонын ...
ПОЛИГОН ЗАРДАБЫ

ПОЛИГОН ЗАРДАБЫ

Төрткүл әлемдегі ядролық сынақ жасайтын ірі полигондардың бірі болған Семей ядролық...
ЗАРДАП ТАРТҚАН ЗАМАНДАСТАР

ЗАРДАП ТАРТҚАН ЗАМАНДАСТАР

Кеше, халықаралық "Невада-Семей” антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына...
Облыстық прокуратура өткен жылды қорытындылады

Облыстық прокуратура өткен жылды қорытындылады

   Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарымен 2013 жылы...
Пікір: