Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы тікелей эфирде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 03 маусым 2017 ж. - 10:08 | Көрудің саны: 39
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы тікелей эфирдеОңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бахыт Ембергенов «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат жүзінде, мекеме басшысы бірқатар сұрақтарға жауап берді, атап айтқанда, суға шомылу маусымына жасақ құтқарушыларының дайындығы жөнінде және қайғылы оқиғалар туралы статистикалық деректерді келтіріп, олардың себебін және судағы қауіпсіздік ережелерін айтып өтті.
2017 жылғы 1 маусымнан бастап Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы басшысының бұйрығына сәйкес шомылу маусымы уақытына жеке құрам кезекшіліктің күшейтілген түріне көшірілді. 2017 жылы суға түсу кезені басталмай жатып Қызылорда облысының су айдындарында 6 адам суда қаза тапты, оның ішінде 3 бала. 2016 жылдың 5 айында облыстың су айдындарында 9 адам суда қаза тапқан, оның ішінде 7 бала.
Қайғылы оқиғалардың себебі – балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерге шомылу және балалардың су айдындарында ата-аналардың қараусыз қалдыруы.
Суға түсу маусымына жасақ құтқарушылары мектеп оқушылары мен халық арасында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын әрдайым жүргізіп келетінін айтты. Суға шомылу маусымы барысында демалыс күндері жасақтың құтқарушылары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп адамдардың көп шоғырланған жерлеріне шығып, демалушылар арасында судағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтер өткізетін болады.
Бағдарлама барысында Бахыт Сағынбекұлы облыс тұрғындары мен қонақтарын суға түсу маусымында қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды су айдындарында үлкендердің бақылаусыз қалдырмауды сұрады. Өз сұхбатының соныңда көрермендердің тікелей эфирде қойған сұрақтарына жауап берді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Сондай-ақ... оқыңыз:

Су салғырттықты кешірмейді

Су салғырттықты кешірмейді

Суға түсу маусымы басталмай жатып-ақ адамдардың суда қаза болуы тіркелуде. Жақында...
Су салғырттықты кешірмейді

Су салғырттықты кешірмейді

Суға түсу маусымы басталмай жатып-ақ адамдардың суда қаза болуы тіркелуде. Жақында...
Суға түсу маусымында сақ болайық!

Суға түсу маусымында сақ болайық!

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық төтенше жағдайлар ...
Көрме өтті

Көрме өтті

«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Қалалық ...
Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Қызылорда облысында суға шомылу маусымы басталмай жатып 8 адам суға кеткен

Суға түсу маусымы басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілмек...
Суға түсу орындарында рейдтер жүргізілді

Суға түсу орындарында рейдтер жүргізілді

Облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық...
Пікір: