Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттар берілді

Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттар берілдіҚызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында тұрғындардың қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес қызмет алу» тақырыбында семинарлар өткізілді.   
Семинарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Нұрманова Айнаш Болатбекқызы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының заңгер маманы Алтынбасова Жанар Жағыппарқызы жүргізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар берді.
Семинар барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің менторы Пірімжанов Мейірбек Әбутәліпұлы және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлері баяндама жасады.
Шараларға аудан тұрғындары, жастар, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2017 г. 118 0