Дарынды баланы қолдаудың бүгіні бүкпесіз айтылды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 19 июнь 2017 ж. - 17:40 | Көрудің саны: 44
Дарынды баланы қолдаудың бүгіні бүкпесіз айтылдыҚызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры И.Әбдікәрімов атындағы жоғары аграрлы-техникалық колледжінің мәжіліс залында дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, оның ғылыми негіздері, жаңашылдығы, тәжірибелілігі» тақырыбындағы шара білім саласындағы жетістікке жетелейтін маңызды мәселелерді негізге алды. Шараға білім саласында қызмет етіп, дарындыларды даярлап жүрген ғалымдар мен педагогтар, аймақтағы дербес білім беру ұйымдарының басшылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері жиналды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – дарынды балаларды қолдаудың бүгінін бағамдап, бәсекеге қабілетті зияткер ұрпақ тәрбиелеудің жолдары мен проблемаларын талқылау және дарындылық қабілетті арттыруда жаңа идеялармен бөлісу. Білім қызметкерлерінің басын қосқан жиынды «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Нұрмаханов жүргізіп отырды. Мұнан кейін педагогтар басты тақырыптан туындаған ойларымен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға тастады.
Алғаш сөз алған ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жұмабай Омарұлы дарынды балаларды қолдаудың қағидалары мен дарындылық қасиетті дамытудың негіздеріне тоқталды. Ал, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім бастығы Болат Махмутов өз ойын тақырып төңірегіндегі бірқатар мәселелерді мысалдар келтіре отырып, жеткізе білді. Ол дарынды балаларды ғылымға баулудың ғылыми негіздері және олардың шығармашылдығы мен жаңашылдығын жетілдіру жолдарын тарқатты. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Қарлығаш Ақышева қызылордалық дарынды оқушыларға көрсетілген мемлекеттік қолдау, аймақтағы жүйелі жұмыстар мен оң бастамаларға тоқталса, облыстық №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Балзия Абдуллаева оқушылардың интеллектуалдық қабілетін арттырудағы дербес мектептердің тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Айман Айтбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалім-модераторы София Төлепбергенова, «Білім инновациясы» лицей-интернаты директорының орынбасары Ләззат Микеева, Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Рита Мұқашева, сарапшы-журналист Айткүл Шалғынбаева, М.Шоқай атындағы №187 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Рахметова, «Ер Тарғын» балабақшасының әдіскері Тұрсынхан Саржанова және педагогтар тақырып аясындағы пікірлерін жеткізіп, ойларын ортаға салды. Білім саласы мамандары дөңгелек үстелдің соңында ұсыныстарын жеткізді.
  Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде №3 мектеп-лицейінің дарынды оқушысы Алмас Аппазов «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқып, жиналған көпшілікті бір серпіп, ықыласына бөленді. Дөңгелек үстел «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дарынды балалар тақырыбын кең көлемде алғаш рет көтеріп, еркін ой бөлісті. Қоғамдық қор тарапынан дарынды балалардың қабілетін арттыруға бағытталған мұндай шаралардың жалғасын дербес білім беру ұйымдарының базасында өткізуге ұсыныс тасталды.

Майра Болатова

Сондай-ақ... оқыңыз:

Жаңғырудың жаңа жолы

Жаңғырудың жаңа жолы

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі ...
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі


Қызылорда облысының білім...
Тіл білу - заман талабы

Тіл білу - заман талабы

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасының...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҰТАРЫ КӨП

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҰТАРЫ КӨП

Жаңа оқу жылының қарсаңында "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы...
ЖАҢА ЖОБА ОҚУШЫ ТАНЫМЫН КЕҢЕЙТПЕК

ЖАҢА ЖОБА ОҚУШЫ ТАНЫМЫН КЕҢЕЙТПЕК

Бейсенбіде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері»...
ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Ұлағатты ұрпақ –...
Пікір: