Душанбе-Астана пойызы іске қосылды

Душанбе-Астана пойызы іске қосылды№459/460 хабарламамен Жаңа халықаралық Душанбе-Астана пойызының іске қосылуына байланысты, Қызылорда облысының тұрғындарына Сексеуіл станциясынан тікелей Астанаға жету мүмкіндігі туды.
 Бұған дейін Сексеуіл мен Астана арасында тікелей темір жол қатынасының болмағандығын айта кету керек. Тәжікстан мен Қарақалпақстаннан кейінгі Халықаралық пойыз маршруты Сексеуіл-Бейнеу-Жезқазған арқылы өтеді.  Бұл өз кезегінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің бағытының ұлғаюына мүмкіндік береді. Пойыз 9 вагоннан тұрады. Сексеуілден Астанаға әр сенбі сайын жүреді, ал кері бағытта әр аптаның дүйсенбісінде жүреді.
2016 жылдың 15 наурыз күні «Жезқазған-Қызылорда-Сексеуіл» бағытындағы жолаушылар пойызының іске қосылғанын еске сала өтейік.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 105 (анықтама қызметі) немесе темір жол вокзалдарының кассаларында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2017 г. 156 0