ЭКСПО көрмесіне өңірлерден 60 мыңға жуық оқушы келді

ЭКСПО көрмесіне Қазақстанның өңірлерінен 80 мыңға жуық бала келеді деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінге дейін «ЭКСПО-2017» көрмесіне өңірлерден 57 913 бала келді. Енді көрме аяқталғанға дейін 15-20 оқушы келеді деп күтілуде. Сонымен қатар Білім басқармасы балаларды қарсы алу, үйлеріне шығарып салу, екі күндік ыстық тамақпен, жатақханамен қамтамасыз ету шараларын қамтып отыр»,-деді Астана қаласы Білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.
Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО басталғалы балаларға қатысты ешқандай төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Атап атқанда, аймақтардан келген балалар үшін Астанада екі күндік бағдарлама қарастырылған. Оқушылар бірінші күнін ЭКСПО көрмесімен танысуға арнаса, екінші күнінде елорданың әсем жерлерін аралайды. Естеріңізге сала кетейік,
«Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін 17 маусымда қайта ашылған болатын. Елорданың жаңартылған символы тек қазақстандықтардың ғана емес, сондай-ақ туристердің де қызыға баратын жеріне айналды. Таңның атысынан кештің батысына дейін елорданың басты символын қызықтауға келетін адамдардың қарасы көп, ұзын-сонар кезек байқалуда. Олардың арасында өңірлерден келген мектеп оқушылары да көптеп кездеседі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 29 0