Түркия павильоны - ең көп көрермені бар павильондардың бірі

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Түркия республикасының ұлттық күні өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
Түркия ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсіміне Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат Зейбекджи және Қазақстан Республикасының Экономиика министрі Тимур Сүлейменов қатысты.
Қазақстан мен басқа да қатысушы елдер өкілдерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі түрік таңғы асынан кейін, ЭКСПО ұлттық сахнасында сағат 11.00-де өткізілетін ашылу салтанатымен бірге, Түркия павильонында және жалпы ЭКСПО көрмесінде түрлі іс-шаралар жалғасын тауып жатыр.
Ұлттық күннің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Нихат Зейбекджи екі ел арасындағы тату көршілік пен түркілік бауырластықтың бүгінгі таңда үлкен саяси әрі экономикалық қарым-қатынасқа айналғанын тілге тиек етті.
Ашылу салтанатынан кейін, Вейсель Челикдемир халқымыздың құндылықтарын паш ететін құм шоуымен сахнада өнер көрсетті. Ал, «Анатолия оттары» би тобы «Хорон» биін билеп, осы арқылы, Анатолия халқының бай мәдениеті мен күш-қуатын көрсетті.
Ұлттық күннің сәнін келтірген «Мехтеран» Түрік әскери оркестрінің парады ЭКСПО қонақтарының есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сонымен қатар, көрермендерге мыңдаған гүл шоқтары мен Түркия жалаушалары беріліп, Түркия павильонын тамашалаушыларға түріктің ұлттық тағамдарынан дәм татырды. Түрік экспорттаушыларының қолдауымен, қонақтарға жаңғақтар, кептірілген жемістер, баклава, рахатлукум, кәмпит, балмұздақ, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, апельсиннен жасалған сусындар, макарон өнімдері, булгур және зәйтүн майы негізіндегі дайындалған тағамдар ұсынылады.
Ал бұл күннің ең есте қаларлық оқиғасы шетелде де, Қазақстанда да көрермендердің зор ықыласына бөленген «Ертұғрыл» телехикаясының актерлері Нуреттин Сонмез (Бамсы Бейрек), Дженгиз Джошкун (Тургут Альп) және продюсер Мехмет Боздаг, Түркия павильонының көрермендерімен кездесті.  
Түркия павильоні екі айда 400 мың көрермен қабылдап үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, «Ертұғырыл» сериалы қазіргі кезде «Қазақстан» Ұлттық арнасынан қазақ тілінде көрсетіліп жатыр.













ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 30 0