Жастарға құқықтары түсіндірілДі

«Асыл Мұра – Орда»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шиелі ауданында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған семинар өтті. Семинар барысында қоғамдық қор мамандары аталмыш санаттағы жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға деген мемлекеттік қолдаулар және жеңілдіктер турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарда өз кезегінде қатысушы жастар сұрақтар қойып, өз кәсібін бастаудың жолдарымен де танысты.
Өз пікірлерін ортаға салған мүмкіндігі шектеулі азаматтар аталмыш семинардан ризашылықтарын білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 47 0