ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 3 миллионға жуықтады

10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 779 820 адам келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Көрменің үш миллионыншы келушісі апта соңында анықталуы мүмкін. «14-20 тамыз күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, яғни орташа есеппен күніне 49 349 адам келді. Өткен аптамен салыстырғанда келушілер саны 14 мың адамға өскен. Осылайша, 10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 779 820 адам келді», - деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. 10 маусым - 20 тамыз күндері Көрменің барлық нысандарына кіріп шығу көрсеткіші 22 113 663-ті құрады, оның ішінде халықаралық павильондарға - 19 438 248, Көрме нысандарына - 2 675 415 адам барған. 
Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне  келушілер саны 2 млн, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 млн болады деп болжанған еді. 4 тамыз күні Орал қаласының тұрғыны Ғайса Жұмалиев «ЭКСПО-2017» көрмесінің екі миллионыншы келушісі атанды. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов келушіні арнайы құттықтап, планшет, құлаққап, ЭКСПО-ға лимитсіз билет және ЭКСПО-ның басты тұмарлары - Сәуле, Қуат, Мөлдір сынды естелік сыйлықтарды табыстады.  
Келушілер ең көп тамашалаған павильондар: 1. Африка плазасы 2. Египет 3.  Түркия 4. Таиланд 5. Әзербайжан 6. Үндістан 7. Ресей 8. Өзбекстан 9. Жапония 10. Сауд Арабиясы Корольдігі. Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары: 1. Нұр Әлем 2. Коммерциялық павильондар 3. Шелл балалар зертханасы 4. Тақырыптық С3.5 павильоны 5. Балалар бағы 6. Амфитеатр 7. Дю Солей циркі 8. Тақырыптық С 2.4 павильоны 9. АРТ-орталық 10. Шығармашылық энергия аймағы


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2017 г. 243 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2017    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930