Зардап шеккендер құтқарылды

Ағымдағы жылдың 18-ші тамызында 08 сағат 31 минутта Батыс Европа – Батыс Қытай тас жолында, жол көлік оқиғасы орын алды.
Тойота автокөлігінің алдыңғы донғалағының жарылуы салдарынан минивен қоршауға соқтығысып, нәтижесінде тас жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аударылған. Автокөліктегі сегіз адамның біреуі кайтыс болған, төртеуі зардап шеккен, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді, бір жолаушы азаматша майысқан автокөлікте қысылып қалған. Оқиға орнына жедел түрде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-ң бес қызметкері шықты. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылының арқасында, гидравликалық құрылғының көмегімен автокөліктің есіктерін ашып, зардап шеккендерді шығарып, оларды сол орынға келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Автокөлікте Мәскеу қаласынан Бішкек қаласына жол жүріп бара жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары болған.
Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылардың басты міндеттерінің бірі зардап шеккендердің арасында үрей туындауына жол бермеу, әрине бұл жағдайда автокөліктен шығарудың қауіпсіз жолдарын тауып, оларды құтқару болды.

«ОӨАЖҚЖ» ММ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2017 г. 78 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2017    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930