Н.Нығматулин: ҚР Президентінің халықаралық биік беделі – ынтымақтастықты кеңейтудің мызғымас негізі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 16 октябрь 2013 ж. - 19:30 | Көрудің саны: 503
Н.Нығматулин: ҚР Президентінің халықаралық биік беделі – ынтымақтастықты кеңейтудің мызғымас негізіМәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай қатынасы мәселелерін талқылады.
ҚХР төрағасы, Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары туралы айта келіп:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған жан-жақты келіссөздер келіссөздердің қорытындысы бойынша біз кең ауқымды мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, практикалақ салаларда да ынтымақтастығымызды дамыту жөніндегі сындарлы пікір алмасулар іске асырылды. Ең бастысы, осы сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуіміздің арасызда өте мықты достық қалыптасты», - деді.
Қайта өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында қол қойылған келісім-шарттардың жалпы құны 35 млрд. доллардан асады.
Әңгіме барысындағы айырықша тақырып Қазақстан және Қытай парламентшілері арасындағы өзара әрекеттестік болды.
Си Цзиньпин парламенттер арасындағы ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты. Сондықтан да, мемлекеаралық қатынастарды дамытудағы оның орны ерекше.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентшілердің Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті нығайтуға одан әрі де өз үлестерін қоса беруге дайын екендіктерін атап көрсетті.
«Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Қытай басшылары арасындағы қол жеткен келісімдерге заңдық қолдау көрсетуге айырықша назар аударады», - деп атап өтті Мәжіліс спикері.



Сондай-ақ... оқыңыз:

Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді

Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді

Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық...
ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ БЕРЕДІ

ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ БЕРЕДІ

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келген Испания...
КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа...
ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен...
ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше...
ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында І Корей мәдени бизнес керуені өкілдерінің...
Пікір: