Жосалыда жолдар жөнделді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 04 ақпан 2014 ж. - 10:27 | Көрудің саны: 369
Жосалыда жолдар жөнделді Қармақшы. Кент ішінде жолаушылар мен автокөліктердің жүрісін толық қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 22 көше асфальттанды. Аудан орталығы –Жосалы кентіндегі 114 көшенің жалпы ұзындығы 77,4 шақырымды құрайды. 
Оның ішінде кент орталығындағы 11 көшеге облыстық бюджеттен бөлінген 336,4 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 11 көшеге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен орташа жөндеуге 140 млн 491 мың теңге жұмсалды. 
Жосалы кентінің көшелерін қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында табиғи топырақты 15 көшені келешекте асфальттау үшін қиыршық тас төселіп, дайындық жұмыстары жүргізілді. №250 мектеп-лицейінің сауықтыру спорт кешені алдына асфальт төселінді. Кент орталығындағы жүргінші көп жүретін Қорқыт ата, Балқы Базар көшелеріне жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы төселді.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Ғани ауылы көркейіп келеді

Ғани ауылы көркейіп келеді

  Қазалы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің іргесіндегі Ғани Мұратбаев...
Бір жылда 192 шақырым су құбыры жаңаланды

Бір жылда 192 шақырым су құбыры жаңаланды

   Арал. «Арал- Сарыбұлақ» топтық су құбырының жалпы ұзындығы 734...
Тасбөгетте 5 көше жолы жөнделді

Тасбөгетте 5 көше жолы жөнделді

 Қызылорда. Қалаға қарасты Тасбөгет кентінде 2013 жылы 5 көше, 25 аула ішілік...
ҚАЛА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ТОЛЫҚ КІРІСТІ

ҚАЛА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ТОЛЫҚ КІРІСТІ

Бейсенбі күні баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Мұрат Тілеуімбетов БАҚ...
Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Қызылорда. Үстіміздегі жылдың жыл соңына дейін Қызылорда қаласында 130 жас отбасы...
ШИЕЛІНІҢ  ШЫРАЙЫ

ШИЕЛІНІҢ ШЫРАЙЫ

Шиелі ауданында елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және тазалық сақтау мәселесіне...
Пікір: