Әлемде ең көп сатылатын смартфондар аталды

 

IHS Markit зерттеу компаниясы осы жылдың алғашқы жартысында қандай смартфондар жоғары сұранысқа ие болғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ең көп сұранысқа ие смартфондардың көшін iPhone 7 бастап тұр. Одан кейінгі орында – iPhone 7 Plus. Осылайша, Apple смартфондары кезекті рет әлемде ең көп сатылатын гаджеттер қатарына кірді.

Үздік үштікті Samsung Galaxy Grand Prime Plus тұйықтаған, ал iPhone 6s және Galaxy S8 смартфондары, тиісінше, төртінші және бесінші орындарда. Алтыншы орындағы Galaxy S8+ гаджеті де сұранысқа ие смартфондар қатарында.

Жалпы алғашқы ондыққа Samsung-тың бес, Apple-дің төрт және қытайлық Орро компаниясының бір смартфоны кірген.

Бұған қоса, зерттеушілер iPhone-нің ықшам үлгілеріне сұраныс төмендегенін анықтады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 67 0